Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекетік мүлік туралы» Заңының
140-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев
|
Маңғыстау облысы әкімдігінің № _______ қаулысына қосымша
|
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
|
таза кіріс 3000000 теңгеге дейін |
таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
|
таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін |
150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
|
таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін |
4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан |
|
таза кіріс 250000001 теңгеден 500000000 теңгеге дейін |
34850000 теңге + 250000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан |