Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 70 «Облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс еңгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Облыстық коммуналдық меншіктегі акцияларының 100 (жүз) пайыз мемлекеттік пакетімен (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) дивидендтерінің (кірістерінің) мөлшері және олардың уақытылы аударылуы, шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiкте, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілетін таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін.».
Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев