Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 63 "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3296 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.К. Рзахановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.К. Рзаханов
"05" наурыз 2018 ж.
| Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "5" наурыз № 38 қаулысымен бекітілген |
1. Осы "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңы 33 бабының 5 тармағына сәйкес әзірленген және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, "А" корпусы қызметшісінің саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына/келісіміне сәйкес немесе "Б" корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігі (процесстік жұмысты қоспағанда) олар белгіленетін, қызметінің тиімділігін айқындайтын қол жеткізген көрсеткіштері тұрғысынан белгіленеді;
4) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп жасалатын және жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
6) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олар жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4. "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталған күннен кейін үш жыл бойы сақталады.
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде "Б" корпусы қызметшінің НМИ тікелей басшысымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. Егер "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысы болған жағдайда, жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. НМИ:
1)нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2)өлшемді (НМИ жетістігін өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3)қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4)уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі бағалау кезеңі ішінде белгіленеді);
5)мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, саяси қызметшінің меморандумын немесе "А" корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға бағытталған болып табылады.
14. НМИ саны 5 құрайды.
15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметінде сақталады.
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшымен НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.
Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті одан арғы шаралар бойынша жазбаша ұсынымдар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
НМИ барлығына қол жеткізген жағдайда "өте жақсы" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 4-не қол жеткізген жағдайда "тиімді" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 3-не қол жеткізген жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 3-тен азына қол жеткізген жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады;
НМИ қол жеткізу жеке жоспарда көзделген көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. Егерде мемлекеттік органның бірінші басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтыру кезінде әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10 (он) аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады.
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, осы нақты құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды жүргізетін тұлғаларға оның өтетіні туралы жеті жұмыс күн бұрын хабарлауды қамтамасыз етеді.
30. Комиссияның отырысы егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не жоқ мүшесін алмастыру уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын.
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетеді және хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
40. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметімен "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс береді;
2) "Б" корпусының қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
| __________________________________ жыл | |
| (жеке жоспар құрастырылатын кезең) |
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) _______________________________
Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________
_________________________________________________________________________
|
№ |
НМИ |
Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе "А" корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы мәні |
Қол жеткізу мерзімдері |
Түйінді нәтиже* |
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
|
Қызметші |
Тікелей басшы |
____________________________________________________ (Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________ (бағаланатын кезең)
|
№ |
НМИ атауы |
Өлшем |
Жоспарлы мәні |
Нақты мәні |
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
|
Қызметші |
Тікелей басшы |
| _________________жыл | |
| (бағаланатын жыл) |
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
|
№ |
Құзыреттер атауы |
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) |
Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы ("күтілетін нәтижеге сәйкес емес" бағасын алған жағдайда) |
|
1 |
Қызметті басқару |
||
|
2 |
Ынтымақтастық |
||
|
3 |
Шешім қабылдау |
||
|
4 |
Жеделділік |
||
|
5 |
Өздігінен даму |
||
|
6 |
Қызметті тұтынушыға бағдарлану * |
||
|
7 |
Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * |
||
|
8 |
Адалдық |
||
|
9 |
Жауапкершілік |
||
|
10 |
Бастамашылдық |
||
|
11 |
Стресске орнықтылық |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
|
Қызметші |
Тікелей басшы |
|
Құзыреттер атауы |
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты |
Тиімді мінез-құлық индикаторлары |
Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
|
қызметтік басқару |
D-О-1. |
|
стратегиялық мақсаттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды; |
|
D-2; |
|
|
|
|
|
басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
|
|
|
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ |
D-О-1. |
өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді өзара қарым-қатынасқа бағдарлайды ; |
өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді өзара қарым-қатынасқа бағдарламайды ; |
|
D-2; |
ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; |
|
|
D-3; * |
ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; |
|
|
|
D-О-1. |
міндеттерді дұрыс бөле алады; |
бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; |
|
D-2; |
бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; |
бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; |
|
|
D-3; * |
қажетті ақпаратты таба алады; |
қажетті ақпаратты таба алмайды; |
|
|
|
D-О-1. |
стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; |
стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қояды; |
|
D-2; |
сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; |
|
|
D-3; * |
сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; |
|
|
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ |
D-О-1. |
ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы хабарлау қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; |
ұжымға қызмет алушы тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер туралы хабарлау қажеттілігі туралы түсіндірмейді; |
|
D-2; |
бағыныстағыларды қызмет алушыларға қолжетімді хабарлауға бағдарлайды; |
бағыныстағылармен қызмет алушыларға хабарлау бойынша жұмыс жүргізбейді; |
|
|
D-3; * |
қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
қызмет алушыларға хабарлаудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; |
|
|
|
D-О-1. |
ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; |
|
|
D-2; |
жұмыста жаңа тәсілдерін пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
жұмыста жаңа тәсілдерді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; |
|
|
D-3; * |
жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; |
|
|
|
D-О-1. |
перспективалы қызметкерлерді анықтайды және ілгерілету жөнінде ұсыныстарды енгізеді. |
перспективалы қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарға бастамашылық жасамайды; |
|
D-2; |
бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; |
|
|
|
D-3; * |
жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; |
|
|
|
D-О-1. |
|
|
|
D-2; |
белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; |
|
|
D-3; * |
белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына қайшы келетін мінез-құлықтар танытады; |
|
|
|
D-О-1. |
сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. |
сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
|
D-2; |
сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. |
сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
|
|
D-3; * |
сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. |
|
|
|
|
D-О-1. |
құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. |
құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
|
D-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы); |
құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. |
құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
|
|
D-3; * |
өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. |
өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. |
|
|
|
D-О-1. |
қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді. |
қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және әзірлемейді. |
|
D-2; |
қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. |
қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. |
|
|
D-3; * |
идеялары мен ұсыныстарын әзірлейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. |
идеялар мен ұсыныстарды әзірлемейді және ұсынбайды және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |
____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________ (бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
|
№ |
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет |
Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) |
Комиссияның ұсыныстары |
|
1. |
||||
|
2. |
||||
|
... |
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)