ЖОБА
Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акцияларының 100% мемлекеттік пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі таза табыстың көлемі кемінде 50 (елу) пайыздан кем емес мөлшерде белгіленсін.
2. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің облыстық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік органдар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің иелігінде қалған таза табыс бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру мақсатында тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ұ.Ж.Ұланова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.С.Қыраубаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов