«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы ереже

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Републикасының     2017 жылғы 5 желтоқсандағы Салық кодексіне, Қазақстан Республикасының    2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление финансов Мангистауской области».

  1. Осы Ереже «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. Ережеге түзетулер және толықтыруларды енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.
  2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаржы және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
  2. Міндеттері: бюджеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің және өз құзыретінің шегінде, аудандар мен қалалар бюджеттерінің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік несиелеу саласында мемлекеттік реттеу, мемлекет мүддесінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару болып табылады.
  3. Функциялары:

1) бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүзеге асырады;

2) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және облыстық бюджетті атқару бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

3) жоғарғы тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджеттік түсімдер сыныптамасының тиiстi коды арқылы жоғарғы тұрған бюджет резервінен алған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады;

4) жергiлiктi атқарушы органның мақсатқа сай емес пайдаланған бюджеттiк несие және/немесе бюджеттiк несие сомасы бойынша берешек сомасын өндіріп алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

5) өз құзыретінің шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

6) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, облыстық маңызы бар аудандар, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, олардың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

7) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

8) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару мәселелеріне келісім береді;

9) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды және келіседі;

10) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік   қоғамдардардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

11) облыстық коммуналдық мүліктерді облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;

13) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру мәселелерін келіседі;

14) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және тиісті саланың уәкілетті органдарына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын беру мәселелерін келіседі;

15) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

16) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы  «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру бойынша жұмысты жүргізеді;

17) облыс әкімінің қолдаухаты негізінде республикалық меншіктен қабылданған облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешімдер қабылдайды;

18) сыйға тарту шарты бойынша берілетін мүлікті мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардан облыстық коммуналдық меншікке қабылдауды жүзеге асырады;

19) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну бойынша жұмысты жүргізеді;

20) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану жөнінде, оның ішінде оны кепілге, өтеусіз пайдалануға, жалға алуға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімді іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;

21) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 4-тарауында белгіленген  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау бойынша мәселелерді келіседі;

22) облыстық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

23) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды  ұйымдастырады,  оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

24) облыстық коммуналдық мүлікті, мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлесін жекешелендіруді, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

25) облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;

26) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік кешен ретінде облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін  кейіннен сатып алу құқысыз, кейіннен сатып алу құқығымен, сенімгерлікпен басқаруға береді;

27) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлікпен басқаруға береді;

28) облыстық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың облыстық коммуналдық мүлкін есептен шығаруды келіседі;

29) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

30) облыс әкімдігіне тиесілі акциялар дивидендтерінiң уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдағы қатысу үлесі облыс әкімдігіне тиесілі таза табыстың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушылары арасында бөлінуіне бақылауды жүзеге                   асырады;

31) мемлекеттік қаржылық бақылау органына және облыстың тексеру комиссиясына бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органға есепті қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасайды және тапсырады;

32) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;

33) жергілікті бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;

34) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспарын және облыстық бюджет бойынша төлемдер бойынша қаржыландыруды жасайды, бекітеді және жүргізеді;

35) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар                 енгізеді;

36) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы демеушіліктен, облыстық бюджет бойынша қайырымдылық көмектен түсімдер мен түсімдердің жұмсалуы туралы есепті береді;

37) облыстық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерін береді;

38) облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына қорытынды дайындайды;

39) мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларының  қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiкке бақылауды жүзеге              асырады;

40) мемлекеттік мекемелермен ұсынылған мiндеттемелерi және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, қаржыландыру мен кірістің жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу анықтамаларын, қаржыландыру және кіріс бойынша жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттік заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

41) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшіліктерінің және қала мен аудан әкiмдіктерiнiң бюджеттік қаражат бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттары және шетелдік валюта шоттары бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады;

42) облыстық бюджеттi (түзетуге) нақтылау бойынша ұсыныс енгiзеді;

43) бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалау жүргізеді;

44) бюджеттік қаражатты басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалауды жоғары тұрған органдарға жолдайды;

45) бюджеттік несиені республикалық бюджет пен жергілікті бюджет қаражаты есебінен береді, қызмет көрсетедi, оларды есепке алуды, мониторинг және қайтаруды қамтамасыз етеді;

46) бюджеттiк мониторингті жүзеге асырады;

47) мемлекеттік мекемелердің өз қарауында қалған тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен ақшаның қалыптасуы мен жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

48) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын келіседі;

49) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орыналуын бақылауды жүзеге асырады;

50) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің, жергілік атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады;

51) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, концессиялық  шарттары негізінде жасалған объектілерді облыстық коммуналдық меншікке қабылдайды;

52) жасасылған жергілікі мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;

53) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тіркейді және есепке алуды жүргізеді;

54) бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті жасайды;

55) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

56) кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды                   ұйымдастырады;

57) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болады;

58) өз ведомствосына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік органдармен келіседі;

59) облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау  мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

60) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды;

61) өз құзыретінің шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

62) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамамен белгіленген тәртіппен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды  тұлғаларынан қажетті ақпарат сұратуға және              алуға;

2) салық органдарынан облыс бюджетінің, оның ішінде қала мен аудан бюджеттері салықтарының және басқа да міндетті төлемдері түсімдерінің сомалары  туралы  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі  белгілеген нысанда және мерзімде есептерін, барлық мемлекеттік заңды тұлғалардан бухгалтерлік баланстарын және салық салу объектілері мен құрамы, қаржы шаруашылық қызметі, бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген және құзыретіне кіретін басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды алуға;

3) төмен тұрған қаржылық органдардың орындауы үшін міндетті өз құзыретінің шегіндегі құқықтық актілерді шығаруға;

          4) облыстың бюджеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;

          5) қаржылық тәртіптің сақталуында және өз құзыретінің өзге де

мәселелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда, тиісті органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарға, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындарға және облыстың коммуналдық меншіктің мемлекеттік қатысу үлесі мен акциялардың мемлекеттік пакеттері бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;

          6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, облыстың коммуналдық меншіктің мемлекеттік қатысу үлесі мен акциялардың мемлекеттік пакеттері бар заңды тұлғаларда бақылау жүргізу актілерін, осыны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардан сұратуға;

          7) өз құзыретінің шегінде жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарының қарауына, олардың лауазымдық тұлғаларының кандидатураларын енгізуге;

          8) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

9) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

10) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұратқан жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпарат беруге;

11) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;

12) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

3-тарау. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты басшы жүзеге асырады «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің  мүддесін білдіреді;

          7) қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің басшысы лауазымына орналасу жөніндегі конкурстар жүргізілген кезде, қала мен аудан әкімдіктерінің конкурстық комиссияларының жұмысына қатысуға құқылы;

8) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

9) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
  2. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4-тарау. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

6-тарау. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

 

  1. «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.
«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы ереже
Дата публикации
06 февраля 2019