Мемлекеттік мүлік туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
2) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-1) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі (бұдан әрі – жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі) – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мүлкі, оның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің қаражаты, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп берілген және (немесе) бекітіп берілмеген мүлік;
2-2) әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
2-3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау топтамасы мемлекетке тиесілі, өңірдің экономикасын дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты;
2-4) байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі – осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның немесе осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларының – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағынышты болумен байланысты емес және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болумен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кәсіпорынның аудитіне қатыспайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;
3) даму жоспары – акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
4) даму стратегиясы – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
5) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;
6) жекешелендіру – мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды қоспағанда, мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;
РҚАО-ның ескертпесі!
6-1) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
6-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары – мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
8) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
8-1) корпоративтік басқару – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және меншік иесі (акционер), байқау кеңесі (директорлар кеңесі), атқарушы орган (басқарма), мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзге де органдары мен меншік иесінің (акционердің) мүддесі үшін мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;
9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы – стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған не оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;
10) қазыналық кәсіпорын – мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым;
11) мемлекет мұқтажы – мемлекеттің функцияларынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекеттік меншікке өту қажеттігінің болуы;
12) мемлекет меншігіне алу – Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңының негізінде жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті Қазақстан Республикасы мүлкінің құрамына мәжбүрлеп өтеулі түрде иеліктен шығару;
13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;
14) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;
15) мемлекеттік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;
16) мемлекеттік мекемені немесе қазыналық кәсіпорынды жедел басқару құқығы (бұдан әрі – жедел басқару құқығы) – мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы;
16-1) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган осы Заңда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін құратын алқалы орган;
17) мемлекеттік мүлік – республикалық және коммуналдық мүлік;
18) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мемлекеттік меншік құқығын және өзге де мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;
19) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) мемлекеттік мүлікті есепке алу – осы Заңның 15-тарауында көзделген қағидаларға сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін есепке алу объектілері туралы ақпаратты жинау мен қорытудың ретке келтірілген жүйесі;
21) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
22) мемлекеттік мүлік тізілімі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
23) мемлекеттің мүліктік құқықтары – мемлекеттің мыналарды:
мемлекеттік меншік құқығын;
мемлекеттің өзге де заттық құқықтарын (сервитутты, жалға алуды, мүлікті өтеусіз пайдалануды және басқаларын);
мемлекеттің міндетті құқықтарын (талап ету құқықтарын);
мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды;
мұрагерлік құқықтарды;
мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мүліктік құқықтарын қамтитын мүлікке құқықтары;
24) мүдделер қайшылығы – байқау кеңесі мүшесінің жеке мүдделілігі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасындағы осы заңды мүдделерге зиян келтіре алатын қарама-қайшылық туындайтын кездегі жағдай;
25) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару – жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу;
26) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған облыстық мемлекеттік кәсіпорындар мен облыстық мемлекеттік мекемелер;
27) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мүлкі, оның ішінде облыстық бюджет және облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлікті қоспағанда, облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
28) реквизициялау – дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия жағдайында, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаттағы өзге де мән-жайлар кезінде мүліктің құнын меншік иесіне төлей отырып, мүлікті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен қоғам мүддесі үшін алып қою;
29) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншікте тұрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер;
30) республикалық мүлік – коммуналдық мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасының мүлкі;
30-1) сатып алу – тапсырыс берушілердің осы Заңда белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алуы;
30-2) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет – акционері ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның Директорлар кеңесі құратын, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдарда сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталуына осы Заңда айқындалған тәртіппен ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызмет;
30-3) сатып алуды жүзеге асыру қағидалары – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібі;
30-4) сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы – сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып құратын алқалы орган;
30-5) сатып алу жөніндегі сарапшы – өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын жеке тұлға;
30-6) сатып алу саласындағы уәкілетті орган – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
31) стратегиялық объект – қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мүлік, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер етеді;
31-1) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;
31-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) – сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, сатып алуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кодтарының жүйеленген тізбесі;
31-3) тендерлік комиссия (аукциондық комиссия) – сатып алуды ұйымдастырушы тендер (аукцион) тәсілімен сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін құратын алқалы орган;
32) ұлттық басқарушы холдинг – ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
32-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастырушы (бұдан әрі – сатып алуды ұйымдастырушы) – сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін орындауға жауапты болып айқындалған тапсырыс берушінің лауазымды адамы не құрылымдық бөлімшесі немесе заңды тұлға;
33) ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметiнiң басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы жобаларды iске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтiк, инновациялық, сервистiк ұйымдар;
34) ұлттық компания – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
35) ұлттық холдинг – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
36) шаруашылық жүргізу құқығы – мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы;
37) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым;
37-1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары – тікелей және (немесе) жанама түрде шешім қабылдауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге байланысты шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).
38) электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы – сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:
республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;
2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
1) жергілікті қазынаның мүлкі:
жергілікті бюджеттің қаражаты;
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы
Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
3-1. Мемлекеттің пайдаланылмайтын мүлікке билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңда белгіленген өзге де құқықтарды қоспағанда, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған өзге де мүлікке мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
2) мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда – жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;
3) "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың мемлекеттік мүлкін, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері
Мемлекеттік мүлікті басқару:
1) заңдылық;
2) есеп берушілік және бақылауда болу;
3) жариялылық;
4) мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану;
5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңымен.
8-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты құзыреті осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
Мемлекеттің өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесі) болуына жол берілмейді.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.
9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру
РҚАО-ның ескертпесі!
10-баптың тақырыбының осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
10-бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
Аудандық коммуналдық мүліктің құрамына, атап айтқанда, осы Заңның 23, 24, 26, 30, 31 және 32-баптарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлік кіреді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі. Республикалық маңызы бар қалада және астанада коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқару аудандық деңгейге бөлінбейді және құрылмайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі ауданның жергілікті атқарушы органының осы Заңда көзделген құзыретін республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі ауданның коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-1-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
1-1. Аудандық коммуналдық мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына немесе керісінше беру мемлекеттің мүлікке құқықтарын тоқтатуға алып келмейді, бірақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын тоқтату және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарды иелену немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарын тоқтату және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын иелену үшін негіз болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
1) облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
3) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
4) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдерінің негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
5) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
6) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
8) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
Беру актісі оны ресімдеуге қатысатын әрбір тарап үшін екі данадан, қазақ және орыс тілдерінде төрт данада жасалады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңымен.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТІ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік мүлікті тиімді басқару саясатын жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады;
3) мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын республикалық заңды тұлғаларды, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
5) стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту не оларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
6) - 9-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
11) нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
12) республикалық мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын құру туралы, мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды оны кері сатып алу міндеттемесімен жүзеге асыруға негіз болған мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті ауыстыру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын иелену және (немесе) өтеу туралы шешім қабылдайды;
13) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық мүліктің құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
14) мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, мемлекет қатысатын өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
15) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;
15-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін бекітеді;
15-2) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындайды.
Ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі;
16) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді шығарады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқарады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
2-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, пайдалануға береді;
4) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және оларды тарату, иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
4-1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының атынан, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттiң акционерлiк қоғамды және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға акционер (қатысушы) ретiнде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ осы акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акциясына (қатысу үлесіне) ие болу не иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының атынан өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
7) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (өндірген өнімін сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, оның ішінде пайдалануға беруге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі оған сенімгерлік басқаруға берген мемлекеттік мүлікті шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
9) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың қызметі бойынша есептерді қарайды және бекітеді, сондай-ақ олардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асыруға құқылы;
10) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын келіседі немесе белгілейді;
11) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттік мүлік объектілері туралы мәліметтерді береді;
11-1) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін айқындайды;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2) мемлекеттік мүлікті басқаруға талдау жасауды және оны бағалауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып:
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлейді;
4) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестерден мемлекеттік мүлікті басқаруға дәйекті және объективті талдау жасау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
4-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды;
4-2) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
4-3) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
4-4) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау тәртібін айқындайды;
4-5) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу қағидаларын бекітеді;
4-6) стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау тәртібін әзірлейді;
4-7) Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекітеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
3) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
5) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
6) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
7) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;
8) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
9) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
10) тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;
11) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
12) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады;
13) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;
15) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;
16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
17) сенімгерлікпен басқарушының республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;
21) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;
22) осы Заңның 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлікке өтем төлейді;
23) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
24) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;
25) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;
26) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
26-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;
26-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға береді;
26-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару мен күтіп-ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асырады;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Тиісті саланың уәкілетті органының құзыреті
Тиісті саланың уәкілетті органы:
1) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
3) республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
6) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
7) акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау мен және талдауды жүзеге асырады;
8) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
10) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
11) республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
12) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
13) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
14) республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
15) республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
16) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;
18) акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда, мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;
19) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
20) мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-1-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сатып алу саласындағы уәкілетті орган:
1) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
16-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарының коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органы:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарайды;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлкін дамытуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді;
3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;
3) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
4) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
5) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
6) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
7) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға оcыған уәкілеттік береді;
8) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
9) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
10) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
11) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
13) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
14) акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
15) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;
16) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдайды;
17) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
18) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім қабылдайды;
19) осы Заңның 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланатын мүлікке ақшалай өтем төлейді;
20) осы Заңның 6-тарауында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы немесе мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
22) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарт (бұдан әрі – жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт) жасасады;
23) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
24) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
25) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
26) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
27) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
28) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
5) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
7) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
8) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік береді;
9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
10) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
13) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
14) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
15) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
17) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім қабылдайды;
18) осы Заңның 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланған мүлікке ақшалай өтем төлейді;
19) осы Заңның 6-тарауында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
20) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасады;
22) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
23) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
24) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
24-1) халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
25) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
18-1-бап ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
18-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының құзыреті
1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі ие болған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
9) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
11) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
12) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді осы Заңда көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
3) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
6) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУЫ
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
19-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздерінің тізбесі
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер;
2) республикалық заңды тұлғалардың мүлікке ие болуы;
3) тәркілеу;
4) мүлікті коммуналдық мүліктің құрамынан республикалық мүліктің құрамына беру;
5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау;
6) стратегиялық объектілерге ие болуға басым құқықты іске асыру;
7) күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды сот шешімі бойынша алып қою;
8) жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеген кезде, оған мемлекеттік меншік құқығына ие болу;
9) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкін мұраға қалдыру, сыйға тарту немесе оның республикалық мүліктің құрамына өзге де өтеусіз берілуі не өзге де өтеусіз түсуі (өтуі);
10) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару;
11) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін Қазақстан Республикасының міндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
12) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер негіз болып табылады.
1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдер;
2) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлікті сатып алуы;
3) иесі жоқ және тәркіленген мүліктің коммуналдық мүлік құрамына түсуі;
4) мүлікті республикалық мүліктің құрамынан коммуналдық мүліктің құрамына беру;
5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау;
6) өз бетінше салынған құрылысқа құқықтарға сот шешімі бойынша ие болу;
7) күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды сот шешімі бойынша алып қою;
8) жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мүлкін мұраға қалдыру, иесіз қалған мүлкінің басқаға өтуі, сыйға тарту немесе оның коммуналдық мүліктің құрамына өзге де өтеусіз берілуі не өзге де өтеусіз түсуі (өтуі);
9) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару;
10) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін әкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
11) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер негіз болып табылады.
20-бап. Бюджетке жататын мүлік құқығына ие болу
Бюджетке жататын мүлік құқығына ие болу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалады.
21-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті сатып алуы
Мемлекеттік заңды тұлғалардың өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де негіздер бойынша мүлікті сатып алуы мемлекеттің осы мүлікке құқыққа ие болуына және оны мемлекеттік мүлікке жатқызуға негіз болып табылады.
22-бап. Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі осы Заңның 210 - 212, 214, 215-баптарында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
23-бап. Иесі жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Мемлекеттік меншіктегі жерден және жер пайдалануға берілмеген жерден осындай мүлік табылған жағдайда, мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажет болған кезде, ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша жергілікті қазынаға түседі.
1) экономикалық тұрғыдан орындылығы;
2) мүліктің аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылданғаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы негізгі өлшемдер болып табылады.
25-бап. Мүлікті бюджет қаражаты есебінен сатып алу
26-бап. Мұраның және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
27-бап. Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу
Мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты берілген, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне берілген сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңның 216-бабында айқындалады.
28-бап. Мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мүлік құқықтарына ие болу
29-бап. Көмбеге мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
30-бап. Олжаға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Зат аудандық коммуналдық меншікке өткен жағдайда оны тауып алған адамның затты сақтауға, өткізуге және сатуға байланысты қажетті шығыстарды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтетуге құқығы бар.
31-бап. Қараусыз қалған жануарларға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде (мемлекетке тиесілі жер учаскесі ретінде қалыптастырылмаған жерлерде) тұлға өз бетінше салған құрылыс, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескеріле отырып, құрылысқа жұмсалған шығыстар сот айқындаған мөлшерде өтеліп, аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалануындағы жер учаскесінде өз бетінше құрылыс салуды жүзеге асырған кезде өз бетінше салынған құрылыс әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орындылығы ескеріле отырып, құрылысқа жұмсалған шығыстар сот айқындаған мөлшерде бюджет қаражатынан өтеліп, аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.
33-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын сақтауын және күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет меншігіне өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
уәкілетті орган – халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесіне;
жергілікті атқарушы органдар – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұзғаны және осындай бұзушылықтарды нұсқамада көрсетілген мерзім ішінде жою туралы нұсқама береді.
халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға қатысты – уәкілетті орган;
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-бап. Жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болу
Жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
35-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту не мәмілені жарамсыз деп тану кезінде мүлікті қайтарған жағдайларда мемлекеттік мүлікке құқықтың туындауы
36-бап. Мемлекеттік меншік құқығының презумпциясы
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. РЕКВИЗИЦИЯЛАУ
1-параграф. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау
37-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау туралы жалпы ережелер
38-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялаудың негізгі мақсаттары мен шарттары
39-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау негіздері
40-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау тәртібі
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимін енгізу кезінде мүлікті реквизициялау осы Заңның 42 және 43-баптарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
1) реквизициялауға жататын мүліктің тізбесін, мүліктің меншік иесі және оның орналасқан жері, реквизицияланатын мүлікті жинайтын орын туралы мәліметтерді, сондай-ақ реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында реквизициялауды бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында мүлікті алып қоюды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
4) кемінде бір бағалаушы енгізілуге тиісті бағалау комиссиясының саны мен дербес құрамын;
5) реквизициялауды жүргізу мерзімін;
6) өтем төлеу мерзімдерін;
7) реквизициялауды жүргізуге қажетті өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
41-бап. Реквизициялау туралы шешім шығарылған мүлікті алып қою
1) реквизициялау туралы шешімнің деректемелерін көрсете отырып реквизициялау жүргізу негіздерін;
2) мүлікті алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлғалар, бағалау комиссиясының құрамы мен мүшелерінің саны, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, мүлікті алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) салмағы, өлшемі, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
5) мүлікті бағалау туралы және өтемнің мөлшері туралы мәліметтерді;
6) өтемді төлеу мерзімін және жауапты лауазымды тұлғаны көрсете отырып, оны төлеуді қамтамасыз ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органды көрсетуді;
7) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
42-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимін енгізген кезде реквизициялау ерекшеліктері
1) реквизициялау жүргізудің негіздерін;
2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) салмағы, өлшемі, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
5) мүлікті бағалау туралы және өтем мөлшері туралы мәліметтерді;
6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
43-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде реквизициялау
1) реквизициялауға негіз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ өзге де қажетті деректемелер көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) салмағы, өлшемі, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
44-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияланған мүлікті қайтару
45-бап. Реквизицияланған мүлік үшін ақшалай өтем төлеу
46-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизицияланатын мүлікті есепке алу
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
47-бап. Реквизициялау кезіндегі меншік иесі құқықтарының кепілдігі
2-параграф. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
48-бап. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың негіздері мен тәртібі
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
49-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын мүлік
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
50-бап. Соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждары үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы нұсқамасының деректемелері көрсетілген реквизициялау жүргізудің негіздері;
2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орны;
3) реквизициялауды жүргізетін лауазымды адамның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкілетті адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтер;
4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесі;
5) мүлікті бағалау және өтем мөлшері туралы мәліметтер;
6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтер қамтылуға тиіс.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
51-бап. Соғыс іс-қимылдарын жүргізу кезінде қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
1) реквизициялау үшін негіз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
2) алып қоюды жүргізудің уақыты мен орнын;
3) реквизициялауды жүргізетін әскери бөлім командирінің лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауды тағайындалған тұлға жүргізетін болса, реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың деректемелері көрсетілген, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі туралы, алып қою кезінде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) салмағы, мөлшері, сапасы мен буып-түю түрі, құқық белгілейтін құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәліметтер көрсетілген реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;
5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
52-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүліктің өтемін төлеу
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
53-бап. Қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялауға жататын және қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған мүлікті есепке алу
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЛУ
54-бап. Мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру принциптері
55-бап. Мемлекет меншігіне алудың негіздері
Мемлекет меншігіне алу Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке өндіріп алу туралы заңының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңы) негізінде жүзеге асырылады.
56-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құнын өтеу мөлшері
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
57-бап. Өтем төлеу тәртібі
58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы
Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
59-бап. Мемлекет меншігіне алу кезіндегі мемлекеттік органдардың функциялары
60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау
Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің және мемлекет меншігіне алынатын мүлікке байланысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады.
6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
Ескерту. 6-тараудың бүкіл мәтіні бойынша "алып қоюға", "Алып қойылатын", "алып қоюдан", "алып қойылатын", "алып қою", "алып қойылғаннан", "алып қойған" деген сөздер тиісінше "иеліктен шығаруға", "Иеліктен шығарылатын", "иеліктен шығарудан", "иеліктен шығарылатын", "иеліктен шығару", "иеліктен шығарылғаннан", "иеліктен шығарған" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары
Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығын құқықтық кадастрдағы мәліметтердің және (немесе) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде растау мүмкін болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектілерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері
62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттары
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру;
2) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу.
Ескерту. 6-тарау 62-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттары
Бұл ретте тең бағадағы жер учаскесі жер учаскесін иеліктен шығару жүзеге асырылатын елді мекен шегінде берілуге тиіс. Елді мекен шегіндегі мұндай жер учаскесінің орналасқан жері осы Заңның 64-бабына сәйкес жіберілетін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасында айқындалады.
Бұл ретте меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесі берілген кезде жерге орналастыру жұмыстарына арналған шығыстар бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Ескерту. 6-тарау 62-2-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы
1) мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты мен негіздері;
2) жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;
3) мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы;
4) мәжбүрлеп иеліктен шығару күні көрсетіледі, бірақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауға тиіс;
5) келісім рәсімдерін жүзеге асыру асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны көрсетіледі.
Егер көрсетілген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі бұл қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.
Көрсетілген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі бір жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібі
1) осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының қабылданғаны туралы (қаулының көшірмесін қоса бере отырып) ақпарат;
2) меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы туралы мәліметтер;
3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;
4) нарықтық құны бойынша өтеу мөлшерін айқындау тәртібі туралы ақпарат;
5) тең бағамен өтеу тәсілдерінің бірін таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат;
6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартқа қол қою тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ шарт жасасудан бас тартылған кезде мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселесін сот тәртібімен шешу туралы түсіндірме;
7) иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін оларға бағалау жүргізуді ұйымдастыру үшін беру мерзімдері.
Қажет болған кезде көрсетілген хабарламада жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін.
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
Осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген, сотта дау айтылмаған немесе осы Заңның 63-бабының 4-тармағына сәйкес күші жойылмаған қаулы, сондай-ақ осы баптың 7, 8, 9 және 11-тармақтарында белгіленген тәртіпті бұзу жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізуге негіз бола алмайды.
Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін бермеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган оларды уәкілетті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан сұратуға құқылы.
1) шарт тараптары, оның ішінде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалардың тізбесі;
2) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары және олардың құрамы, оның ішінде құрылысы аяқталмаған құрылысжайлар;
3) жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке тоқтатылатын құқықтар;
4) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 87-бабында және осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын бағасы;
5) мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты залалдар келтірілген жағдайда өтелуге жататын залалдардың, оның ішінде жылжымайтын мүлік құнының мөлшері;
6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасын (құнын) төлеу мерзімі және тәртібі;
7) иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті беру мерзімі;
8) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртібі.
1) меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;
2) иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;
3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасы иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасынан (құнынан) жоғары болған жағдайда, құнының айырмасы және осы айырманы төлеу тәртібі;
4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде туындайтын, иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке құқықтар.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына ұсыныстар болған жағдайда, меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 69-бабының 1-1 және 2-тармақтарына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауы мүмкін.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын жергілікті өкілді органның тұрақты комиссиясы ол енгізілген кезден бастап екі апта мерзімнен кешіктірмей, меншік иесін және иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғаларды міндетті түрде шақыра отырып қарайды.
Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен және мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалармен келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартты атқарушы орган жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бекітеді және оған меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы қол қояды.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюлар бойынша азаматтық істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі.
Осы мүлікке меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы құқықтарының тоқтатылуын және мемлекет құқықтарының туындауын мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтемнің төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқығы