
"Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру" бағытының негізгі атқаратын қызметтері:
1) өз құзыретінің шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
2) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, облыстық маңызы бар аудандар, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, олардың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;
3) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
4) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарды жариялау үшiн мерзімді баспа басылымын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс өткiзеді;
5) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару мәселелеріне келісім береді;
6) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды және келіседі;
7) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
8) облыстық коммуналдық мүліктерді облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
9) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;
10) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру мәселелерін келіседі;
11) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және тиісті саланың уәкілетті органдарына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын беру мәселелерін келіседі;
12) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру бойынша жұмысты жүргізеді;
14) облыс әкімінің қолдаухаты негізінде республикалық меншіктен қабылданған облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешімдер қабылдайды;
15) сыйға тарту шарты бойынша берілетін мүлікті мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардан облыстық коммуналдық меншікке қабылдауды жүзеге асырады;
16) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну бойынша жұмысты жүргізеді;
17) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану жөнінде, оның ішінде оны кепілге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы мәселені келіседі;
18) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 4-тарауында белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау бойынша мәселелерді келіседі;
19) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
20) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
21) облыстық коммуналдық мүлікті, мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлесін жекешелендіруді, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
22) облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;
23) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік кешен ретінде облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін кейіннен сатып алу құқысыз, кейіннен сатып алу құқығымен, сенімгерлікпен басқаруға береді;
24) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлікпен басқаруға береді;
25) облыстық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың облыстық коммуналдық мүлкін есептен шығаруды келісу;
26) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
27) облыс әкімдігіне тиесілі акциялар дивидендтерінiң уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдағы қатысу үлесі облыс әкімдігіне тиесілі таза табыстың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушылары арасында бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;
28) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, концессиялық шарттары негізінде жасалған объектілерді облыстық коммуналдық меншікке қабылдайды;
29) облыстық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
30) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болады;
31) өз ведомствосына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік органдармен келіседі;
32) облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды