
«Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру» бағытының негізгі атқаратын қызметтері:
1) бюджеттің атқарылуы, қаржылық және бюджеттік есептілік, облыстық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) жергілікті бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдіснамалық басшылық жасау және деңгейаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;
4) жоғарғы тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджеттік түсімдер сыныптамасының тиiстi коды арқылы жоғарғы тұрған бюджет резервінен алған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады;
5) жергiлiктi атқарушы органның мақсатқа сай емес пайдаланған бюджеттiк несие және/немесе бюджеттiк несие сомасы бойынша берешек сомасын өндіріп алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік қаржылық бақылау органына және облыстың тексеру комиссиясына бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органға есепті қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасайды және тапсырады;
7) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспарын және облыстық бюджет бойынша төлемдер бойынша қаржыландыруды жасайды, бекітеді және жүргізеді;
8) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
9) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы демеушіліктен, облыстық бюджет бойынша қайырымдылық көмектен түсімдер мен түсімдердің жұмсалуы туралы есепті жасайды;
10) облыстық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерін жасайды;
11) облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына қорытынды дайындайды;
12) мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларының қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiкке бақылауды жүзеге асырады;
13) мемлекеттік мекемелермен ұсынылған мiндеттемелерi және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, қаржыландыру мен кірістің жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу анықтамаларын, қаржыландыру және кіріс бойынша жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттік заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
14) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшіліктерінің және қала мен аудан әкiмдіктерiнiң бюджеттік қаражат бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттары және шетелдік валюта шоттары бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады;
15) облыстық бюджеттi (түзетуге) нақтылау бойынша ұсыныс енгiзеді;
16) бюджеттi атқару кезінде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуына бағалау жүргiзеді;
17) бюджеттік қаражатты басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді;
18) бюджеттік несиені республикалық бюджет пен жергілікті бюджет қаражаты есебінен береді, қызмет көрсетедi, оларды есепке алуды, мониторинг және қайтаруды қамтамасыз етеді;
19) бюджеттiк мониторингті жүзеге асырады;
20) мемлекеттік мекемелердің өз қарауында қалған тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен ақшаның қалыптасуы мен жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
21) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын келіседі;
22) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орыналуын бақылауды жүзеге асырады;
23) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің, жергілік атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады;
24) жасасылған жергілікі мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;
25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тіркейді және есепке алуды жүргізеді;
26) бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті жасайды;
27) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
28) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.