Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті

2021 жылдың 13 шілдесінде Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде «LPG Trade» ЖШС жаңа газ желісі ұйымының енуіне байланысты, 2021 жылдың тамызына арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын түзету мәселесі; 

ҚР Энергетика министрлігіне газ желісі ұйымдары «SK LTD KZ» ЖШС, «TanaGasCom» ЖШС, «ГазЦентр» ЖШС, «АДМ ГАЗ» ЖШС, «АвтогазТрэйд» ЖШС, «АктауОблГаз» ЖШС, «Алау» ЖШС, «АС Газ Логистик» ЖШС және «LPG Trade» ЖШС 2021 жылғы қыркүйек айына СМГ жиынтық өтінімдерін жолдау мәселесі қаралды. Комиссия мүшесі В.Трифонов сот отырысына қатысуына байланысты комиссия отырысына қатыспады. 2021 ж. 21 наурызда ҚР Энергетика вице-министрі Ж. Қарағаевтың төрағалығымен Ақтау қаласында өткен жиналыста газ желісі ұйымдарымен келісімге келген болатын (Хаттама көшірмесі жалғанды). 2022 жылғы қаңтарға электронды сауда алаңдары арқылы жеткізуге қажетті СМГ үлесін кезең-кезеңмен арттыру кестесіне сәйкес, а.ж. тамыз айында СМГ үлесі 55 % және қыркүйек айында 60 % құрайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, 2021 жылғы тамыз айына сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу жоспарына түзету енгізіп және қыркүйек айына СМГ беруге жиындық өтінім ҚР Энергетика министрлігіне жолданатын болды.