Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ р\с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімі. |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
|
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-9 тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабы 2-тармағына сәйкес және Маңғыстау облысы прокуратурасының 27.05.2025 жылғы № 2-11-25-04716 наразылығына сәйкес.
|
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобасмен Маңғыстау облыстық маслихатының «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368, «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/19 шешімі, «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/80 шешімдерінің күшін жою көзделген. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
«Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімін қабылдау. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |