Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылдың 1 тоқсанының қаңтар айына арналған қосымша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссияның отырысы

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары - Ж. Қарағаевтың төрағалығымен облыс бойынша 2024 жылдың 1 тоқсанының қаңтар айына арналған қосымша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. ҚР Энергетика министрлігінің 10.01.2024 жылғы 13-1-13/159-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (11.01.2024жылғы №01-19-45), Жаңаөзен қаласы (12.01.2024жылғы №02-08-72), Бейнеу ауданы (12.01.2024жылғы №01-09-58), Мұнайлы ауданы (16.01.2024жылғы №01-2-5-61), Маңғыстау ауданы (14.01.2024жылғы №01-28-12), Қарақия ауданы (12.01.2024жылғы №01-27-48), Түпқараған ауданы (16.01.2024жылғы №01-34-28) әкімдіктерінің ұсынған жиынтық өтінімдеріне сәйкес кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінді. 

Дата публикации
12 июня 2024