Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4009 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.