Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жаңаөзен қаласы халқының әлеуметтік жағынан осал топтарына Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласы халқының әлеуметтік жағынан осал топтарына Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж азаматтары және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.