Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Cу Кодексінің 38-бабына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №470 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерлемелеріосы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Шешім
Дата публикации
03 октября 2021