Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысының хаттамасы

2021 жылдың 13 шілдесінде Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде «LPG Trade» ЖШС жаңа газ желісі ұйымының енуіне байланысты, 2021 жылдың тамызына арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын түзету мәселесі;

ҚР Энергетика министрлігіне газ желісі ұйымдары «SK LTD KZ» ЖШС, «TanaGasCom» ЖШС, «ГазЦентр» ЖШС, «АДМ ГАЗ» ЖШС, «АвтогазТрэйд» ЖШС, «АктауОблГаз» ЖШС, «Алау» ЖШС, «АС Газ Логистик» ЖШС және «LPG Trade» ЖШС 2021 жылғы қыркүйек айына СМГ жиынтық өтінімдерін жолдау мәселесі қаралды.

Дата публикации
13 июля 2021