GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
23 октября 2026
🔹Республика күніне орай департамент ұжымын марапаттау рәсімі

2026 жылғы 23 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Республика күніне орай ұжымдық жиын өтті.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов ұжымды мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін бірқатар қызметкерді марапаттады.

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

21 октября 2026
🔹Кәсіпорын өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі және жұмыскерлерді сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Н. Сейниханов пен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы А. Сабырбаева төмендегі мекемелердің өкілдерімен кездесу өткізді:

1. «Sewon-Vertex Heavy Industry» ЖШС;
2. «Геофизическая компания „Каспий“» ЖШС;
3. «БерАли Мангистау Company» ЖШС;
4. «Английская школа Некрасовой» ЖШС;
5. «Завод стеклопластиковых труб» ЖШС;
6. «Kaz M-I» ЖШС;
7. «Rental Service KZ» ЖШС;
8. «Children Caspian» ЖШС;
9. «Demey I Ko» ЖШС;
10. «JOO High School Aktau» ЖШС;
11. «Каспико» ЖШС;
12. «Школа „Меридиан“» мекемесі;
13. «SECURITY FOR ALL» ЖШС;
14. «Sarzha Cargo Terminal» ЖШС.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыскерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және жұмыс берушілердің заңнамада көзделген міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

20 октября 2026
🔹«UzenMynaiKapital» ЖШС қызметкерлерінің ұжымдық арызына байланысты еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

2026 жылғы 20 қазанда «UzenMynaiKapital» ЖШС қызметкерлерінен ұжымдық арыздың келіп түсуіне байланысты еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Б. Кемалов және Жаңаөзен қаласы бойынша еңбек заңнамасы бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы А. Айтбай қабылдады.

Кездесу барысында еңбек заңнамасын дұрыс қолдану, оның талаптарын сақтау, сондай-ақ жұмыс беруші мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, ұжымдық арызда көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары түсіндіріліп, қатысушыларға тиісті ақпарат ұсынылды.

20 октября 2026
🔹Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс жоғары?

Қазақстанда білікті мамандарға деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, кадр тапшылығы әсіресе денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ жекелеген жұмысшы, техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша байқалады. Сонымен қатар өнеркәсіптің, цифрлық технологиялардың және инфрақұрылымның дамуы азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіби тұрғыдан өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Биыл маман тапшылығы айқын байқалған салалардың бірі – денсаулық сақтау. Мәселен, акушер-гинекологтарға арналған 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме, педиатрлардың 448 бос орнына 139 түйіндеме, ал анестезиолог-реаниматологтардың 300 бос орнына 75 түйіндеме ғана тіркелген. Онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да сұраныс жоғары.

Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне де сұраныс сақталып отыр. Жұмыс берушілерге білікті электриктер, механиктер, слесарьлар, дәнекерлеушілер, машинистер, жабдық операторлары, құрылысшылар мен жүргізушілер қажет. Осы орайда инженерлер мен өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі мамандарға да қажеттілік артуда.

Бұл мамандарға сұраныс өнеркәсіптің дамуына, жаңа нысандардың салынуына, кәсіпорындардың жаңғыртылуына, көлік және энергетикалық инфрақұрылымның кеңеюіне байланысты. Қазіргі жұмыс берушілерден кәсіби біліктілікпен қатар заманауи технологияларды меңгеру де талап етіледі.

Сұраныс жоғары тағы бір бағыт – цифрлық технологиялар саласы. Еңбек нарығында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, қолданбалы бағдарламаларды жасаушылар және басқа да IT-мамандар қажет. Автоматтандыру мен жасанды интеллектіні енгізу кәсіби қызметінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалана алатын мамандарға деген сұранысты арттырып отыр.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет болады. Оның жартысынан астамына деген сұраныс жұмысшы кәсіптеріне тиесілі. Бұл экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуде техникалық және кәсіптік білім берудің маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай кадрларды алдын ала даярлау мақсатында 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтілді. Тізімге инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және атом энергетикасы бағыттары енгізілді.

Сонымен қатар мамандарды жұмыс берушілермен бірлесіп даярлау жүйесі дамып келеді. ҚР Үкіметінің деректеріне сәйкес, бүгінде дуальды оқыту жүйесімен 552 колледждің 138 мың студенті қамтылған. Кадр даярлау процесіне шамамен 11 мың кәсіпорын қатысады. Бұдан бөлек, 43 мың студент жұмыс берушілердің нысаналы тапсырысы бойынша білім алып жатыр.

Мұндай оқыту форматы студенттерге кәсіпорындарда тікелей тәжірибе жинақтауға, болашақ мамандығымен танысуға және оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға жол ашады.

Сонымен бірге жаңа мамандық меңгергісі немесе біліктілігін арттырғысы келетін азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын пайдалана алады. Олардың қатарында жұмыс берушілер сұранысына ие бағыттар бойынша білім алу мүмкіндіктері де бар.

Жалпы, еңбек нарығындағы жағдай кадр тапшылығы еңбек ресурстарының жалпы жетіспеушілігінен гөрі, қолда бар біліктіліктердің экономика қажеттіліктеріне сәйкес келмеуімен байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандар даярлау, практикалық дағдыларды дамыту және білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара байланысын нығайту ерекше маңызға ие.

Кадрларға деген қажеттілікті болжау болашағы бар мамандықтарды алдын ала айқындауға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және азаматтарға мамандық таңдау немесе кәсіби бағытын өзгерту кезінде саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

19 октября 2026
Қауіпсіздік нұсқамадан басталады: жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырылуы тиіс екенін білесіз бе?

Кез келген өндірісте, құрылыс алаңында немесе басқа да жұмыс орындарында белгілі бір қауіп-қатерлер болады. Сондықтан уақтылы өткізілетін нұсқама – жай ғана формалдылық емес, жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.

❗ Жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші:

✅ Нұсқама беру және оқытуды жүргізуге – жұмыскерлерге еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау қағидаларын түсіндіруге және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге;

✅ Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге – кәсіптік тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алу мен төмендету жөнінде шаралар қабылдауға;

✅ Қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – жұмыскерлерді белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;

✅ Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға – белгіленген қағидалардың орындалуын қадағалауға және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;

✅ Медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға – заңнамада көзделген жағдайларда өз қаражаты есебінен медициналық қарап-тексерулер өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

⚠ Білу маңызды!

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті оқытудан және білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

Сонымен қатар, жұмыскердің өзі де белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.

Нұсқаманы тек формалды түрде өткізу қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Әрбір жұмыскер ықтимал қауіп-қатерлерді түсініп, қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды.

Есіңізде болсын: жазатайым оқиғаның салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің міндеті және әрбір жұмыскердің құқығы!

#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #МЕИК

16 октября 2026
⚖️ Өтініштен нәтижеге дейін: мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыскерлерге қалай көмектеседі?

Әрбір жұмыскердің жалақысын уақтылы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек құқықтарының сақталуына құқығы бар.

Алайда іс жүзінде жұмыс берушінің жалақыны кешіктіруі, тиесілі төлемдерді төлемеуі, еңбек шартының талаптарын бұзуы немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтамауы сияқты жағдайлар кездеседі.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?

📌 1-қадам. Өтініш беріңіз

Жұмыскер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, оның ішінде e-Otinish порталы арқылы өтініш бере алады.

📌 2-қадам. Өтінішті қарау

Мемлекеттік еңбек инспекторлары өтініште көрсетілген мән-жайларды зерделейді, ұсынылған құжаттарды талдайды және заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жұмыс берушіге тексеру жүргізеді.

📌 3-қадам. Тиісті шаралар қабылдау

Егер заңбұзушылықтар расталса, мемлекеттік еңбек инспекторы өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілуі, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

📌 4-қадам. Орындалуын бақылау

Еңбек инспекциясының жұмысы заңбұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.

Біздің міндетіміз – заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге ықпал ету.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаңыз. Мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгініңіз.

#ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #ЖұмыскерлердіңҚұқықтарынҚорғау #ЕңбекЗаңнамасы #МЕИК

15 октября 2026
🔹 Бейнеу ауданындағы мектепте арнайы тергеп-тексеру қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Н. Сейниханов Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де арнайы тергеп-тексеру жұмыстарының аяқталуына байланысты жұмыскерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары түсіндіріліп, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

15 октября 2026
🔹«Батыс Тех Инвест» ЖШС жұмысшыларына еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Ә. Ермұқанов «Батыс Тех Инвест» ЖШС жұмысшыларына еңбек заңнамасының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында еңбек заңнамасының талаптары, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ жұмыскерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.

13 октября 2026
⚖️ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕРУЕН ӨТТІ

Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен құқықтық-профилактикалық керуенге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Еңбек заңнамасы бөлімінің бас маманы Ескалиева Лаззат Тилемгеновна қатысты.

Іс-шара барысында маман ауыл тұрғындарына еңбек заңнамасының талаптары, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктері, еңбек қатынастарын заңнамаға сәйкес рәсімдеу және еңбек құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар азаматтарға еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кеңес беріліп, өз құқықтарын қорғау және еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтарға құқықтық көмектің қолжетімділігін кеңейту.

#Заңжәнетәртіп #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау #Законипорядок #Министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения
#МемлекеттікеңбекинспекциясыкомитетініңМаңғыстауоблысыбойыншадепартаменті

13 октября 2026
📌 Жұмыс беруші қызметкерді демалыс күндері жұмысқа тарта ала ма?

Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, алайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

📖 ҚР Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға олардың жазбаша келісімімен немесе өздерінің өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.

❗ Қызметкер нені білуі маңызды?

✅ Қызметкердің келісімі. Жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қызметкерді оның жазбаша келісімінсіз демалыс күні жұмысқа тартуға құқылы емес.

✅ Еңбекақы төлеу. ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.

✅ Басқа демалыс күні. Қызметкердің қалауы бойынша жоғарылатылған еңбекақы төлеудің орнына басқа демалыс күні берілуі мүмкін.

✅ Ерекше жағдайлар. Заңнамада қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға жол берілетін жекелеген жағдайлар көзделген.

⚖️ Есіңізде болсын: қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың белгіленген тәртібін сақтау – жұмыс берушінің міндеті.

📢 Өз еңбек құқықтарыңызды біліңіз және оларды қорғаңыз!

#ЕңбекҚұқықтары #ҚРЕңбекКодексі #ЕңбекИнспекциясы #ҚызметкерлердіңҚұқықтарынҚорғау #МЕИК #ҚРЕңбекМинистрлігі

Социальные сети
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы