Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бағытында онлайн семинар өткізілді.

Заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті жиын

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бағытында онлайн семинар өткізілді.
Семинарға аумақтық Департамент басшысының орынбасары Е.Мендалиев, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы Қ.Байгебаев, Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Е.Мадинаев және қала, аудан әкімі аппараттарының басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдары бар жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Жиынның өткізілуіне Агенттіктің аумақтық департаменттерге мүдделі органдармен бірлесе отырып жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық декларациясын тапсыру мерзімдерінің мүлтіксіз сақталуын бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмасы негіз болды.
Аумақтық департамент басшысының орынбасары Е.Мендалиев бас қосудың өзектілігі мен қаралатын мәселелерге тоқталып өтіп, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы Қ.Байгебаев пен Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Е.Мадинаевтың мемлекеттік кірістер органдарына салық декларацияларын тапсыру тәртібі, мерзімдері және оны уақтылы ұсынбаудың тәуекелдері мен салдары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілермен коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметшілерінің тарапынан қосымша кәсіпкерлікпен айналысуы мәселелеріне қатысты баяндамалары тыңдалды.
Семинар қатысушыларының салық декларациясын тапсыруды жүзеге асыру және декларацияда көрсетілуі тиіс мүліктерге қатысты туындаған сауалдарына баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Жиын соңында мемлекеттік орган басшыларына осы бағыттағы семинарларды құзырлы органдардың өкілдерімен, әрбір қала, аудан әкімдіктері жеке-дара, соның ішінде ведомстволық бағынысты мекеме басшылары мен олардың жауапты мамандарын қатыстыра отырып өткізу туралы тапсырма берілетіндігі атап өтілді.

Дата публикации
14 июля 2022
Дата обновления
14 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
27 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы