Маңғыстау облысында Еңбек күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша қорытынды ақпарат

Маңғыстау облысында Еңбек күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша қорытынды ақпарат

 

  1. «Адал азамат – Адал еңбек» айдарымен еңбек адамдары туралы республикалық және өңірлік баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар мен сұхбаттар сериясын дайындау бойынша арнайы жобаны іске қосу.

Маңғыстау телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасында «Еңбек күні» мерекесіне орай «Адал еңбек – адам көркі» тақырыбында тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфирге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек озаттары қатысып, сұқбат берді.

«Еңбек адамы – ел мақтанышы» айдарында тігін шебері Ерданова Гүлзира Ұлысқызы, 26 жыл еңбек өтілі бар ұстаз Абдуллаева Алтынгүл Жылқыбайқызы туралы видеороликтер түсіріліп, жарияланды.

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні Ш. Мұңалұлы атындағы
№ 5 жалпы білім беру мектебінде «Еңбек күнін» мерекелеу аясында мектеп түлектерінен шыққан ұстаздармен кездесу өткізілді (Маймакова Айжан Нурлыханкызы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2014 жылғы мектеп түлегі, қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері; Симбаева Айгуль Нурмаганбетовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2016 жылғы мектеп түлегі, «Үздік аттестат» иегері; Алибекова Камила Арыстангалиевна – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2017 жылғы мектеп түлегі, «Алтын белгі» иегері). Кездесуге жас мамандар мен 11-сынып оқушылары қатысты.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында онлайн дәрістер, сынып сағаттары, студенттік пікірталастар ұйымдастырылды.

БАҚ-тағы ақпараттық жарияланымдар атауы (барлығы
27 жарияланым)
: «Еңбек адамы – ел мақтанышы» айдарында тігін шебері Ерданова Гүлзира Ұлысқызы, «Еңбек адамы – ел мақтанышы» айдарында
26 жыл еңбек өтілі бар Абдуллаева Алтынгүл Жылқыбайқызы, «Бейнеулік шебер Болатбек Салаев: «Мүсін өнері төзімділікке үйретеді», «Достаток – результат неустанного труда», «Еңбек түбі – береке», «Ақтауда «Еңбек күніне» орай бұқаралық спорттық іс-шаралар өтеді», «Бейнеуде ардагерлер арасында шахмат, дойбыдан жарыс өтті», «Ұлттық нақышы қанық бұйымдар – кәсіп көзі», «Ата кәсіптен нәсіп тапқан», «Ақтауда Еңбек күніне орай бұқаралық спорттық іс-шаралар басталды», «Ақтауда бокстан
Ш. Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир басталды», «Ақтауда 21 қыркүйек күні «Еңбек күніне» орай велошеру өтеді», «Ақтау қаласында Еңбек күніне орай «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында халық тұрғындарының арасында велошеру өтеді», «Маңғыстауда «Еңбек күні» аталып өтті» және тағы басқалары.

 

 

 

Сілтемелер:

  1. https://youtu.be/vYEpZW2o-Z4
  2. https://youtu.be/HMj7lWJruFQ?si=CX_i3i6rMLeZ3Bkb
  3. https://youtu.be/bCjpi3kzeRE?si=jaLW4duzQhX8NvWf
  4. https://youtu.be/lPZEOPyy1Us
  5. https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/mangistauda_enbek_kuni_atalip_otti
  6. https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/aktauda_%C2%ABenbek_kunine%C2%BB_oray_bukaralik_sporttik_is-sharalar_otedi
  7. https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/aktauda_enbek_kunine_oray_velosheru_otedi
  8. https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/aktauda_enbek_kunine_oray_bos_orindar_zharmenkesi_otti
  9. https://mangystautv.kz/kz/news/37233
  10. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/624424?lang=ru
  11. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-str/press/news/details/634226?lang=kk
  12. https://youtu.be/Sw6yHn3leMs?si=lvtky46yv4Ws0Ahk
  13. https://www.instagram.com/reel/Cxc7N_IMccp/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
  14. https://www.instagram.com/reel/CxsOB1Grf6g/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
  15. https://www.instagram.com/reel/CxsqiBgq4qi/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
  16. https://t.me/c/1188377754/37237
  17. https://t.me/c/1188377754/37143
  18. https://t.me/c/1188377754/37175
  19. https://t.me/c/1188377754/37117
  20. https://t.me/c/1188377754/37104
  21. https://t.me/c/1188377754/35595
  22. https://t.me/c/1188377754/30718
  23. https://t.me/c/1188377754/30722
  24. https://t.me/c/1188377754/30659
  25. https://t.me/c/1188377754/30640
  26. https://t.me/mangystaumedia/22494
  27. https://t.me/mangystaumedia/18331

 

  1. «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын және т.б. марапаттау рәсімдерін республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар басшылығының алғыс хаттарымен және басқа да көтермелеу шараларымен ұйымдастыру және өткізу.

2023 жылғы 23 қыркүйекте Еңбек күні мерекесіне орай Маңғыстау облысының өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі кәсіп өкілдерімен, еңбек озаттарымен салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев жиналған көпшілікті аталған мерекемен құттықтай отырып, алдағы еңбек қызметтеріне сәттілік тіледі. Іс-шарада көшбасшылық қабілетімен танылған еңбек озаттары мен еңбек ардагерлеріне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі кәсіп өкілдері, оның ішінде полицейлер, дәрігерлер, мұнайшылар мен энергетиктер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Муровцева Людмила Вениаминовна және «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша Масаев Салим Александрович марапатталды.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздар қатысқан концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

2023 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласында өткен салтанатты іс-шарада «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша өңірлік кезеңнің жеңімпазы Муровцева Людмила Вениаминовна «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің жүлделі 3-орнын иеленді.

 

 

Сілтемелер:

  1. https://mangystautv.kz/kz/news/37233
  2. https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/mangistauda_enbek_kuni_atalip_otti
  3. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/624424?lang=ru
  4. https://youtu.be/Sw6yHn3leMs?si=lvtky46yv4Ws0Ahk
  5. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-str/press/news/details/634226?lang=kk

 

  1. Барлық өңірлерді тікелей қосып, «Адал азамат – Адал еңбек» телемарафонын ұйымдастыру және өткізу.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан телемарафон өткізуге тапсырма келіп түспеді.

 

  1. Азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыз жастарға және т.б. жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бос орындар жәрмеңкелерін, Ашық есік күндерін өткізу.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыспен қамту деңгейін арттыру, азаматтардың барлық санаттарын, оның ішінде мүгедек адамдарды, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында
2023 жылғы 15 қыркүйектен бастап облыстық, аудандық орталықтарда Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді (Ақтау қаласы, Маңғыстау ауданы, Мұнайлы ауданы және Түпқараған ауданы). Бос орындар жәрмеңкесіне жоғарғы оқу орны түлектері, жұмыссыздық санатындағы жастар, жұмыссыз тұлғалар шақырылды.

Аталған шараға 56 жұмыс берушіден 391 жұмыссыз адамға 408 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 25 адам жастар практикасына, 7 адам қоғамдық жұмысқа, 2 адам алғашқы жұмыс орындарына, 5 адам «Күміс жас» жобасына және 41 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Сілтеме:

https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/aktauda_enbek_kunine_oray_bos_orindar_zharmenkesi_otti

 

  1. «Еңбек галереясы» фотокөрмелерінің серияларын, соның ішінде көрнекі жарнама құралдарын, сыртқы құрылымдарды және т.б. пайдалана отырып іске қосу.

«Адал азамат – Адал еңбек» айдары аясында қарапайым еңбек адамдарына сый-құрмет көрсетіліп, «Еңбек галереясы» фотокөрмелері облыстық музей мен бірнеше мектептерде өткізілді.

 

  1. Республиканың барлық кинотеатрлары мен кинозалдарында еңбек адамдары туралы көркем және деректі фильмдерді жаппай көрсетуді ұйымдастыру.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен ұсынылған фильмьдерді көрсету жөнінде Маңғыстау облысынының мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы тарапынан
2023 жылғы 13 қыркүйекте № 02-17-693 хатымен облыс көлеміндегі жеке кинотеатрлар басшыларына хат жолданды.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы «Бәйтерек» кинотеатрында «Дос Мұкасан» фильмі мемлекеттік орган қызметкерлеріне көрсетілді. Фильмді 120 көрермен тамашалады.

 

  1. «Менің жетістігім – менің нәтижем» ұранымен Еңбек күніне арналған спорт фестивальдерін ұйымдастыру және өткізу.

2023 жылғы 21-24 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында «Еңбек күніне» орай облыстық деңгейде «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында велошеру, мекемелер арасында (қыздар) волейбол жарысы, қол күресі, гір тасын көтеру және арқан тартыс жарыстары өтті. Велошеру «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан» («Өндірістік аймақ 9») 15 шағынаудан («Амфитеатр» алаңы) аралығын қамтыды.

Еңбек күніне орай 2023 жылғы 24 қыркүйек шағын футболдан мекемелер қызметкерлері арасында облыстық ашық турнир өтті. Қол күресі, гір тасын көтеру және арқан тартыс бойынша 100-ге жуық мекеме қызметкерлері бақ сынады.

Ашық турнирге 4 топқа бөлініп, 16 мекеме командалары қатысты. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы әкімдігі, Облыстық спорт басқармасы, Ақтау қаласы әкімдігі, Қарақия ауданы әкімдігі, Бейнеу ауданы әкімдігі, Мұнайлы ауданы әкімдігі, Маңғыстау облыстық соты, Жаңаөзен қаласының білім бөлімі, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Каратэ-до бойынша БЖСМ, «Жас батыр» МБЖСМ, Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 1, № 3 БЖСМ, Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 2 БЖСМ, Ақшұқыр БЖСМ, Жоғары спорт шеберлігі мектебі, «Маңғыстау Арена» БЖСМ командалары.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 1, № 3 БЖСМ, 2-орын Маңғыстау облыстық соты, 3-орын Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 2 БЖСМ командалары иеленді.

Мекемелер арасында (қыздар) волейбол жарысына 9 команда сынға түсіп, озара мықтыны анықтады. 1-орынды Жаңаөзен қалалық білім басқармасы, 2-орынды «Маңғыстау арена» БЖСМ, 3-орынды Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің БЖСМ иеленді.

Велошеруге қатысушыларға арнайы кепкалар мен сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

  

 

Сілтемелер:

  1. https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/aktauda_%C2%ABenbek_kunine%C2%BB_oray_bukaralik_sporttik_is-sharalar_otedi
  2. https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/aktauda_enbek_kunine_oray_velosheru_otedi
  3. https://www.instagram.com/reel/Cxc7N_IMccp/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

 

  1. #EnbekEri хэштегі бойынша барлық өңірлердегі еңбек адамдары туралы ең үлгілі әңгімелер бойынша онлайн байқауды бастау.

Онлайн байқау облыс, қала, аудан бойынша өткізілді.

Маңғыстау облысында Еңбек күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша қорытынды ақпарат
Дата публикации
27 октября 2023