2023 жылғы 23 қыркүйекте Еңбек күні мерекесіне орай Маңғыстау облысының өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі кәсіп өкілдерімен, еңбек озаттарымен салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев жиналған көпшілікті аталған мерекемен құттықтай отырып, алдағы еңбек қызметтеріне сәттілік тіледі. Іс-шарада көшбасшылық қабілетімен танылған еңбек озаттары мен еңбек ардагерлеріне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі кәсіп өкілдері, оның ішінде полицейлер, дәрігерлер, мұнайшылар мен энергетиктер облыс әкімінің алғыс хатымен мараппаталды.
Аталған іс-шарада «Адал азамат-Адал еңбек» айдары аясында қарапайым еңбек адамдарына сый-құрмет көрсетіліп, «Еңбек галереясы» фотокөрмелері өткізілді
Сонымен қатар «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Муровцева Людмила Вениаминовна және «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша Масаев Салим Александрович марапатталды. Мерекелік шара жергілікті өнерпаздар қатысқан концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
Ұйымдастырылған іс-шара аясында 2023 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласында өтетін салтанатты іс-шараға қатысу үшін «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 3 орынға ие болған Муровцева Людмила Вениаминовна және «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің 3 қатысушысы баруы қамтамасыз етілді.
Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыспен қамту деңгейін арттыру, азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында 2023 жылғы 15 қыркүйектен бастап облыс, аудан орталықтарында бос орындар жәрмеңкелері өткізілді. Бос орындар жәрмеңкесіне жоғарғы оқу орны түлектері, жұмыссыздық санатындағы жастар, жұмыссыз тұлғалар шақырылды.
«Менің жетістігім – Менің нәтижем» ұранымен Еңбек күніне арналған спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Халық тұрғындарының, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорын қызметкерлерінің арасында велошеру, волейбол жарысы, қол күрестер тартысы, шағын футбол өткізілді.
Білім беру ұйымдарында «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында онлайн дәрістер, сынып сағаттары, студенттік пікірталастар өткізілуі ұйымдастырылды.