"Парыз"бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығы негізінде жыл сайын еліміздің кәсіпорындары арасында "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс (бұдан әрі-Конкурс) өткізілетінін хабарлайды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған конкурс бойынша келесі номинациялар бойынша өтінімдер жинау жүргізілуде:

1) Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;

2) Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;

3) Үздік ұжымдық шарт;

4) Экологияға қосқан үлесі үшін;

5) Жылдың үздік әлеуметтік жобасы.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер 2 данада мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

Толтырылған өтінім;
Бұл ретте үміткердің есебіне: 1) заңды және жеке тұлғаның тарихы;2) ұйымдық құрылымы; 3) өзге де қосымша ақпарат енгізілуге тиіс.
Есепке қосымша (Ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысан бойынша толтырылған және оның интернет-ресурсында орналастырылған сауалнама.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

"Парыз"бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс
Дата публикации
22 мая 2023