Ағымдағы жылы 23 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ.С.Тналиевпен облыс кәсіпорындарындағы еңбек дауларын алдын алу жөніндегі Өңірлік үшжақты комиссиямен өңірдегі еңбек дауы туындау тәуекелі бар «Бузачи Оперейтинг ЛТД» филиал компаниясы, «Великая стена» БК ЖШС және «М-ТехСервис» ЖШС-дегі жұмыс көлемі мәселесі қаралды.
Отырысқа құқық қорғау органдардың, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, облыс басқармаларының басшылары және жоғарыда аталған кәсіпорын басшылары қатысты.
Нәтижесімен, қазіргі таңда еңбек дауы туындау ықтималы бар кәсіпорындардағы («Бузачи Оперейтинг ЛТД» филиал компаниясы, «Великая стена» БК ЖШС және «М-ТехСервис» ЖШС) ахуалдық жағдайды тұрақтандыру бойынша, яғни жұмыс көлемі аяқталуына байланысты жұмыскерлердің жаппай қысқартылуына жол бермеу туралы барлық кәсіпорын басшыларына тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Өңірдегі әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуалды тұрақтандыру жұмыстары тұрақты жалғасуда.