Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өндірістік жарақаттану

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру

Жұмыскерлердің, сондай-ақ:

  1. кәсіптік практикадан өтіп жүрген кезде оқу орындарында оқитын адамдардың;
  2. әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;
  3. бас бостандығынан айыру орындарында және сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
  4. азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, әскерилендірілген күзеттің жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары тергеп-тексерілуге жатады.

Жұмыскерлер денсаулығының еңбек міндеттерін орындауға байланысты зақымдануы не еңбекке қабілетсіздікке не қайтыс болуға әкеп соққан, жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша басқа да әрекеттер жасау, егер олар:

  1. жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау және ретке келтіру және басқа да әрекеттер кезінде;
  2. жұмыс орнында болған жұмыс уақыты ішінде, жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүріп-тұрумен байланысты жұмыскер бара жатқан жолда, оның ішінде жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша бара жатқан жолда, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындау кезінде іссапар уақытында;
  3. жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау орнына бара жатқанда немесе жұмыстан келе жатқанда;
  4. жеке көлік құралын қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болған кезде өзінің жеке көлік құралымен;
  5. жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша әрекеттер жасау кезінде;
  6. вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын жерінен) жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысқа бара жатқанда немесе келе жатқанда орын алған болса, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынады.

Тергеп-тексеру барысында жұмыскерлер денсаулығының зақымдануы:

  1. жұмыскердің функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес жұмыстарды немесе өзге де әрекеттерді зардап шеккен адам өз бастамасы бойынша орындаған, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс, тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс кезінде орындаған кезде;
  2. зардап шеккен адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның уытқұмарлық және есірткі заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану негізгі себеп болған жағдайда;
  3. өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде, сондай-ақ зардап шеккен адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
  4. медициналық қорытындымен расталған, зардап шеккен адам денсаулығының өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны объективті түрде анықталса, олар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынуға жатпайды.

Кәсіптік аурулар жағдайларын тергеп-тексеруді жұмыс беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді.

Арнайы тергеп-тексеруге:

  1. ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар;
  2. зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғалар;
  3. қатты уланудың топтық оқиғалары жатады.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде мынадай құрамда құрған комиссия жүргізеді:

  1. төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
  2. мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі.

Өндірістік жарақаттанудың мониторингі

Мониторинг нәтижелері тоқсан сайын шығарылады. Мониторинг нәтижелері бойынша келесі ақпараттар анықталады:

  • жазатайым оқиғалардың саны, оның ішінде топтық;
  • зардап шеккендердің саны, оның ішінде адам өлімімен аяқталғандар;
  • оқиғалардың түрлері;
  • жазатайым оқиғалардың себептері;
  • өндірістік жарақаттану орын алған компаниялардың салалық тиесілігі;
  • 1000 жұмыскерге зардап шеккендер санының коэффициенті.
Документы
Баспасөз-хабарлама
26 апреля 2024
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті
28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Новости
Полезные материалы
Өндірістік жарақаттану
Медиагалерея
2
"Antikor Mangystau" аланыңдағы баяндама
События
28 апреля
Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні
Реализуемые проекты
Vision Zero Тұжырымдамасы
Перейти
Услуги
Организации
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы