
Еңбек заңнамасын бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 27 бабына сәйкес еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:
1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы;
2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;
3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының ерекше белгілері болып табылады.
Еңбек қатынастарының негізінде, еңбек қатынастары субъектілерінің тараптары жасасуға міндетті еңбек шарты болады. Еңбек кодексі қызметкермен еңбек шартын жасаспай, еңбек міндеттерін орындауға кірісуіне жол бермейді.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың негізінде азаматтық-құқықтық шарттар болады: жұмыстарды (мердігерлікті) орындауға арналған шарт, өтеулі қызметтер көрсету шарты т.б.
Жұмыскерге еңбек шарты мен еңбек заңнамасында белгіленген белгіленген мөлшерде жалақы төленеді.
Жалақы төлеудің өзге тәртібі мен мерзімдері азаматтық заңнамада көзделеді. Мысалы, мердігерлік шарт бойынша жұмысқа ақы төлеу тәртібі азаматтық заңнамада айқындалған.
Осылайша, қызметті жүзеге асыру шарттарына байланысты қатынастар азаматтық-құқықтық шартпен қатар (мысалы, ақылы қызмет көрсету шартымен) еңбек шартымен де реттелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 37 бабына сәйкес жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
Егер сынақ мерзімі аяқталса және жұмыс беруші еңбек шартының бұзылуы туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.
Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.
Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.
Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті.