«Балдәурен» демалыс лагерінің маусымдық жұмысы

«Балдәурен» демалыс лагерінің маусымдық жұмысы

«Дарын» облыстық қосымша білім орталығының  «Балдәурен» демалыс лагері маусымдық жұмысын бастады.  Демалыс л агері жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балаларының, мүгедек және даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларынан барлығы 300 оқушыны қамтиды. 10 - маусым күні Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы «Балдәурен» жазғы демалыс лагерін салтанатты түрде ашты.

Лагерь жоспарына сәйкес балалардың қатысуымен түрлі тәрбиелік, танымдық  шаралар өткізіледі. Демалушылардың әр күні түрлі шараларға толы. Лагерь психологының тренингтері, концерттік бағдарламалар, жағажайдағы көңілді эстафеталық жарыстар, лагерь спорт кешенінде спорттық-интеллектуалдық  сайыстар және сонымен қатар, «Қауіпсіз жаз» қауіпсіздік нұсқаулықтары, лагерьдің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру шаралары өткізіледі. Робототехника, музыка, би, шебер қолдар, сурет үйірмелерімен қатар спорттық үйірмелер (волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, дартц т.б.) жұмыс жасайды.

Балаларға арналған мультфильмдер, кинолар көрсетіледі. Әр ауысым балалары облыстық қуыршақ театры өнерпаздарының қойылымын тамашалайды және балалар көркем әдебиетінің жаңашылдығымен таныстыру мақсатында облыстық мобильдік кітапхана ұжымы қонаққа келеді. Ақтау қаласының көрнекті жерлеріне, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Жалын» кинотеатрына саяхаттарға шығады. Экзотикалық құстар әлеміне саяхаттап, құстарға жем шашып, тамақтанғанын  қызықтайды.

Ақтау қаласының көрнекті жерлеріне, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Жалын» кинотеатрына саяхаттарға шығады.

Дарын» облыстық қосымша білім орталығының  «Балдәурен» демалыс лагері 11.06.2018 жылы маусымдық жұмысын бастады.  «Балдәурен» демалыс лагері 2018 жылғы 11 маусым мен 20 шілде аралығында Маңғыстау облысы әкімінің 27.05.2016 ж. №151 «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысы негізінде жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар балаларының, мүгедек және даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларынан барлығы 300 баланы қабылдайды.  Лагерьдің бірінші ауысымына Ақтау қаласынан 55 оқушы және Мұнайлы ауданынан 45 оқушы қабылданды.

Лагерь жоспарына сәйкес балалардың қатысуымен түрлі тәрбиелік, танымдық  шаралар өткізіледі. Демалушылардың әр күні түрлі шараларға толы. Лагерь психологының тренингтері, «Талант шоу», «Балдәурен дауысы 2018» концерттік бағдарламалары, жағажайдағы көңілді эстафеталық жарыстар, лагерь спорт кешенінде спорттық-интеллектуалдық  сайыстар және сонымен қатар, «Қауіпсіз жаз» қауіпсіздік нұсқаулықтары, лагерьдің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру шаралары өткізіледі. Робототехника, үштілділік, ІТ технология,  музыка, би, шебер қолдар, сурет үйірмелерімен қатар спорттық үйірмелер жұмыс жасайды. Туризм орталығының қолдауымен демалушы бүлдіршіндер туристік саяхат дайындығынан өтеді.

Балаларға арналған мультфильмдер, кинолар көрсетіледі. Әр ауысым балалары облыстық қуыршақ театры өнерпаздарының қойылымын тамашалайды және балалар көркем әдебиетінің жаңашылдығымен таныстыру мақсатында облыстық мобильдік кітапхана ұжымы қонаққа келеді. Кезең-кезеңімен «Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы» мамандары түрлі спорттық  шаралар, эстафеталар ұйымдастырады. 

«Балдәурен» демалыс лагері 2018 жылғы 11 маусым мен 20 шілде аралығында Маңғыстау облысы әкімінің 27.05.2016 ж. №151 «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысы негізінде жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар балаларының, мүгедек және даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларынан барлығы 300 баланы қабылдайды.  Лагерьдің бірінші ауысымына Ақтау қаласынан 55 оқушы және Мұнайлы ауданынан 45 оқушы қабылданды.