«Қазақстанның жаңғыруы 3.0.- білімнің үлесі» тамыз кеңесі аясында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» тақырыбындағы қосымша білім беру педагогтарының секциялық отырысы өтті

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0.- білімнің үлесі» тамыз кеңесі аясында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» тақырыбындағы қосымша білім беру педагогтарының секциялық отырысы өтті

Маңғыстау облысының білім басқармасы Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы 2017 жылғы 20 шілдеде қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтары арасында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» тақырыбындағы секциялық отырысын өткізді. 

Секциялық отырыс жұмысына білім басқармасының мамандары, облыстық мәдениет және спорт басқармаларының өкілдері орталық әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтары және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары, барлығы 55 маман қатысты.

Бүгінгі таңда облыста балалар мен жасөспірімдердің қызуғышылығын арттыруда және бос уақытын өткізуде 39 қосымша  білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оған қамтылған бала саны 86790, бұл облыстағы жалпы білім беру мекемелеріндегі  оқушылардың  72,5% (Республикада-68%) құрайды.

Оның ішінде 22718 баланы қамтитын 14 қосымша білім беру ұйымдары және 11924 баланы қамтитын 18 спорттық мектептер мен 3670 баланы қамтитын   7 мәдени клубтық құрылымдар, білім беру ұйымдарында 294 баланы қамтитын  әскери-спорттық клубтар мен 48184 баланы қамтитын 2210 әр-түрлі бағытта үйірмелер мен спорттық секциялар бар.

Секциялық отырыста балалардың жеке басын дамыту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру және қосымша білім беру ұйымдарының жұмыстарын жандандыру, педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, секциялық отырыс қатысушылары қосымша білім беру процесін жаңарту, заманауи технологиялардың трансфертін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу, жалпылау және көрсету, облыстық іс-шараларды өткізу сапасын жетілдіру сұрақтарын талқылады. 

Балалардың қосымша білім жүйесін дамытудың маңызды аспектілерін талқылау халықымыздың бай салт-дәстүрін сақтау мен дәріптеу, рухани сананы байыту, сананың ашықтығы, ғаламдық тілектестік, өңірлік және ғаламдық кеңістікте ауқымды және икемді қабілеттер арқылы жоғары адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған басымдылықтарды анықтауға көмектеседі. Осы орайда жаңа 2017-2018 оқу жылынан бастап Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм орталығы жұмысын бастайды.

Секциялық отырыстың қорытындысында алдағы жаңа оқу жылында қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс сапасын арттыруда ұсынымдар қабылданды.Соның ішінде облыс көлемінде өнер және саз мектептерінің кеңесі құрылып, төрағасы болып Ақтау қаласы, «Өнер» колледжінің директоры Ж.Манова сайланды.

Сонымен қатар қосымша білім педагогтары республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, білім басқармасының және орталықтың құрмет, алғыс хаттарымен марапатталды.