Меню

Страницы

Статья

Арнайы және инклюзивті білім беру

Балалардың құқықтарын қорғау, арнайы және инклюзивті білім бөлімі

Қазақстан Республикасының білім саласындағы Заңдарының және нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде арнайы білім беру ұйымдарының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің қызметін, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың оқу-тәрбиемен қамтылуын жүзеге асыруды үйлестіріп, бақылайды.

         Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (тұрғын үй кезегі, қамтылуы, жылжымайтын мүліктерінің сақталуы, жалға берілуі, жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ оқумен қамтылуы, жұмысқа орналастырылуы т.б) құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыра отырып, аталған санаттағы балалар туралы мәліметтің Республикалық  деректер банкісіне уақытылы енгізіліп, жаңартылып, толықтырып отыруына мониторинг жасайды.

       Өз отбасына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдауға тілек білдірген азаматтарға  балалар ауылының жанындағы асырап алушы ата-аналар мектебі арқылы консультациялық көмек көрсету бағытындағы жұмысты жүзеге асырады.

       Интернаттық мекемелердегі тәрбиеленушілердің (уақытылы отбасына орналастырылуы, денсаулығы, жағдайларын жасау т.б) құқықтары мен мүдделерін қорғады.

        Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының мамандары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын мамандар үшін балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құзыреттілікті арттыру бойынша семинарлар, тренингтер өткізуді ұйымдастырады.

       Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» № 343 Заңы негізінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеп, қолдауда арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейтеді.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық шеберліктерін арттыруда, спорттық, жазғы сауықтырумен қамтуда үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлармен бірлестікте жұмыстарды ұйымдастырып, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуына республикалық, облыстық деңгейде біліктілігін арттыру курстарын, шеберлік сабақтарын, тренинг , семинарлар ұйымдастырады.

      «Қамқоршы күні», «Қуан, сәби!», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бала еңбегіне қарсы 12 күні», «Бала құқығы- адам құқығы» республикалық акцияларын, «Жұлдызай» фестивалдерін ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз етеді.

       Балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын жүзеге асыру қызметінде әдістемелік , құқықтық  көмек көрсетеді.

 

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

18 ноября 2025
Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру
16 мая 2025
Мектепке дейінгі білім
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Маңғыстау облысының білім басқармасы
МО Білім басқармасы
Маңғыстау - education білім

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы