Меню

Страницы

Статья

Техникалық және кәсіптік білім

Техникалық және кәсіптік білім  (ТжКБ) бөлімінің қызметі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды  даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына  жинақтайды. Колледждерден  мемлекеттік тапсырысқа  берілген сұраныстар бойынша  мемлекеттік қөрсетілетін қызметті жүзеге асырады.  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларлды  даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша облыс әкімдігінің қаулыларын, өкімдерін дайындайды. Оқу орындарының жаңа типтерін құру және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту бойынша колледждердің эксперименталды жұмыстарының қызметін үйлестіреді. ТжКБ ұйымдарында  электрондық құжат айналымы  (электрондық журнал толтырысы) және  ҰБДҚ сапалы толтырылуы бойынша мониторинг жүргізеді.  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің  оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алушылардың контингентіне  ай сайын мониторинг жүргізеді.  Колледж жанынан құрылған құзіреттілік орталықтарының жұмыстарын үйлестіреді.  Колледждерге академиялық дербестік беру, кәсібилендіру (профилизация)  бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді. Колледж студенттерінің жатақхана орналасуы жөнінде жұмыстарды қамтамасыз етеді. Дуальды оқыту жүйесі және ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізу бойынша мелекеттік колледждерде демонстрациялық емтихан өткізілуін қадағалайды.  Колледжішілік, өңірлік, республикалық WorldSkills чемпионаттарының жұмысын үйлестіреді. ТжКБ өкілдерімен мектеп оқушыларына  және олардың  ата-аналарына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады.

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

18 ноября 2025
Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру
16 мая 2025
Мектепке дейінгі білім
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Маңғыстау облысының білім басқармасы
МО Білім басқармасы
Маңғыстау - education білім

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы