Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ 2025 ж. ІV тоқсан

Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ 2025 ж. ІV тоқсан (жылдық)

№

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты

Орындалысы

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

 

 

 

1.           

Кезектіліктің ұлғаюын ескере отырып, жекеменшік балабақшаларда 21 445 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 2 970 орын;

2024 ж. – 4 265 орын;

2025 ж. – 4 410 орын;

2026 ж. – 2 300 орын;

2027 ж. – 2 400 орын;

2028 ж. – 2 500 орын;

2029 ж. – 2 600 орын.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысының                     2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша аймақтық жол картасына сәйкес, 2025 жылы 4410 жаңа орын іске қосу жоспарланды. Бүгінгі таңда 4410 орынның     3902 орынға  мектепке дейін ұйым және жекеменшік мектептерде 6 жастағы балалар үшін 508 жаңа орын ашылды.

Ескерту: жекеменшік мектептердегі МАД топтарында 508 бала бар  

 

2.           

Жекеменшік балабақша санын арттыру:

2023 ж. – 15;

2024 ж. – 16;

2025 ж. – 17;

2026 ж. – 18;

2027 ж. – 19.

2023-2027 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Білім басқармасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

2025  жыл бойынша 17 жекеменшік балабақша ашылу жоспарланған. Бүгінгі таңда 45 балабақша ашылып, 16 балабақша кеңейтілді.

 

 

3.           

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

2023 ж. – 87,8%;

2024 ж. – 90%;

2025 ж. – 97%;

2026 ж. – 98%;

2027 ж. – 99%;

2028 ж. – 100%.

2023-2028 жж.

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері

ОРЫНДАЛМАДЫ

Маңғыстау облысында 49 323 баланы қамтитын 450 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде мемлекеттік 140 бірлік (23 601 бала), жеке меншік 310  бірлік (25 722 бала). 

Сондай-ақ, мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында 11 941 тәрбиеленуші, жалпы білім беретін мектептердің 6 жаста 1-ші сыныпта отырған оқушы саны 18 293. Барлығы 79 557 бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мен қамтылды. Кезекте 2 329 бала тұр.

Қазіргі таңда 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту көрсеткіші 94,2%-ды құрайды.

Жоспар бойынша 97% болу керек.

 

4.           

11 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізу (реновация):

2023 ж. – 1 нысан;

2024 ж. – 1 нысан;

2025 ж. – 1 нысан;

2026 ж. – 1 нысан;

2027 ж. – 1 нысан;

2028 ж. – 1 нысан;

2029 ж. – 1 нысан.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылғы 1 күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған.

Бейнеу ауданының «Атамекен» бөбекжайының күрделі жөндеуі  жоспарланған болатын. Күрделі жөнжеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды. Бөлінген қаражат 501 млн теңгені құрайды.

 

5.           

Мектепке дейінгі ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

50 мемлекеттік балабақшада пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны жабдықтау және балабақша аумағын абаттандыру:

2023 ж. – 5 бб;

2024 ж. – 5 бб;

2025 ж. – 5 бб;

2026 ж. – 5 бб;

2027 ж. – 10 бб;

2028 ж. – 10 бб;

2029 ж. – 10 бб.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

 

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы Қарақия ауданындағы Жауқазын балабақшасына материалдық-техникалық базасын нығайтуға 14 млн.теңге бөлініп, толықтай игеріліп, жеткізу жұмыстары аяқталды және Жаңаөзен қаласының 4 балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 223,6 млн.теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда «Арай», «Балдырған», «Айгөлек», «Шынар» балабақшаларының жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

6.           

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлердің әдістемелік кабинеттерінің жанынан 8 мобильдік топ құру

2023ж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысының 37 тармағына сәйкес Маңғыстау облысында оқу-әдістемелік орталығының сондай-ақ, білім бөлімдері әдістемелік орталықтарының  жанында балаларды ерте дамыту мәселелері жөніндегі барлығы 8 мобильді топ құрылды. Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету және қолдау мақсатында білікті меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер, педагог-психологтер мобильдік топ құрамына кірді. Мобильді топтардың қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын және қызметті ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын талап ете отырып жүзеге асырылады.

 

7.           

Мектепке дейінгі білім беру объектілерін қосымша бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру:

2023 ж. – 280 дана;

2024 ж. – 280 дана; 

2025 ж. – 280 дана;

2026 ж. – 280 дана;

2027 ж. – 280 дана;

2028 ж. – 280 дана;

2029ж. – 280 дана.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

Цифрлық технологиялар басқармасы

Полиция департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан бейнебақылау камераларымен қамтылған. Балабақшада – 10957 (аналогты - 3895, цифрлық – 7062);

 

 

8.           

Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі:

2023 ж. – 56%;

2024 ж. – 58%;

2025 ж. – 60%;

2026 ж. – 62%;

2027 ж. – 64%;

2028 ж. – 67%;

2029 ж. – 70%.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

 

ОРЫНДАЛДЫ

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда 4901 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 4865 (99%) педагогтің мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандығы бойынша дипломы бар. Оның ішінде санат бойынша: педагог модератор – 1507 (30%), Педагог сарапшы – 147 (2%), Педагог зерттеуші – 45 (1%), Педагог шебер – 0 (0%).

 

9.           

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. – 855 педагог;

2024 ж. – 800 педагог;

2025 ж. – 800 педагог;

2026 ж. – 800 педагог;

2027 ж. – 850 педагог;

2028 ж. – 900 педагог;

2029 ж. – 900 педагог.

 

 

2023-2029 жж.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

Балаларды ерте дамыту институты

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Мектепке дейінгі білім беру департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

2024-2025 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 78 педагог, «Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы кәсіби даму институтында 411 педагог, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында           26 педагог, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында                       36 педагог, Балаларды ерте дамыту институтынан 250 педагог курстарынан өтті.

 

 

10.        

«Маңғыстау облысының үздік мектепке дейінгі ұйымдар желісі» жобасын жүзеге асыру

2024-2029 жж.

Білім басқармасы

Биылғы жылы қаражат қарастырылмаған.

 

 

ОРТА БІЛІМ БЕРУ

 

 

11.       2

15 үш ауысымды мектепте 4000 орын тапшылығын толық жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 21 мектеп (22900 орын) құрылысын салу:

- 2024 жылы 13 мектеп құрылысы,

- 2025 жылы 8 мектеп құрылысын пайдалануға беру.

2023-2025 жж.

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Бюджеттік жоспарлау департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында 2024-2025 жылдары «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде 12600 орындық             13 мектепті және Білім беру инфрақұрылымын дамыту қоры есебінен 4 800 орындық 4 мектепті пайдалануға беру жоспарланды.

2024 жылы қыркүйек айында 4800 орындық  4 мектеп пайдалануға берілді (Ақтау қаласында 2 мектеп, Мұнайлы ауданнында  2 мектеп).

2025 жылы 12 600 орындық 13 «Келешек» мектептері іске қосылды (Ақтау – 6, Жаңаөзен – 1,  Бейнеу ауданы – 2, Маңғыстау ауданы – 1, Мұнайлы ауданы – 3).

Бұдан өзге, жер қойнауын пайдаланушылар есебінен Түпқараған ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Осы нысандардың іске қосылуымен 7 мектептің үш ауысымды оқытуы жойылып, 10-нан 3 бірлікке қысқарды..

Сонымен қатар, 588 орындық екі қосымша құрылыс нысаны  іске қосылды (Жаңаөзен қаласы, Түпқараған ауданы).

 

12.        

Мектептерде орын тапшылығын азайту үшін 6460 орындық          7 мектеп құрылысын және 1225 орындық 5 мектепке қосымша құрылысты пайдалануға беру:

2024 жылы:

- 425 орындық 2 қосымша құрылыс (Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов мектебі - 300 орындық, М. Горький мектебі - 125 орын);

- 3600 орындық 3 мектеп (Ақтау қаласы 18 ш/а, 19 «а» ш/а, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы «Алау» ш/а)

 

- 200 орындық 1 қосымша құрылыс (Маңғыстау ауданы А.Меңдалыұлы мектебі - 200 орын);

- 1200 орындық 1 мектеп (Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 ауылы).

 

2025 жылы:

- 1660 орындық 3 мектеп (Маңғыстау ауданы Бекі ауылы, Тұщыбек ауылы, Түпқараған ауданы С.Шапағатов ауылы);

- 600 орындық 2 қосымша құрылыс (Жаңаөзен қаласы №№ 18, 21).

 

2023-2027 жж.

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Бюджеттік жоспарлау департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Ағымдағы жыл бойынша                      оқушылардың орын тапшылығы 7000 орынды құрайды. Жоспар бойынша 2025 жылға 1660 орындық                  3 мектеп  мен 600 орындық                   2 қосымша құрылыс жүргізілу керек болған.

Маңғыстау ауданы Бекі ауылы, Тұщыбек ауылы, Түпқараған ауданы С.Шапағатов ауылындағы мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 588 орындық екі қосымша құрылыс нысаны  іске қосылды (Жаңаөзен қаласы, Түпқараған ауданы).

 

 

13.        

30 мектептің спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу:

2023 ж. – 6 мектеп;

2024 ж. – 6 мектеп;

2025 ж. – 6 мектеп;

2026 ж. – 6 мектеп;

2027 ж. – 6 мектеп.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 73,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, Мұнайлы ауданындағы 5 мектепке (№4, 7, 8, 12, 14 мектеп) 63,6 млн.теңге,  Бейнеу ауданындағы Опорный мектепке 9,7 млн.теңге бөлінді, жөндеу жұмыстар жүргізілді.

 

14.        

29 мектептің спорт алаңдарына жаңарту:

2023 ж. – 5 мектеп;

2024 ж. – 6 мектеп;

2025 ж. – 6 мектеп;

2026 ж. – 6 мектеп;

2027 ж. – 6 мектеп.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы спорт алаңдарына жаңарту жұмыстарын жүргізуге 6 мектепке 69,2 млн.теңге жоспарланды, қазіргі таңда жаңарту жұмыстары жүргізілді.

 

15.        

Шағын қалалар мен ауылдардағы жалпы білім беретін мектептерді жаңғырту (жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базасын нығайту және  пәндік кабинеттермен қамту):

2023 ж. – 20 мектеп;

2024 ж. – 20 мектеп;

2025 ж. – 20 мектеп.

2023-2025 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

«Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 20 ауыл мектебін жаңғыртуға 680 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 340,0 млн.теңге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 340,0 млн.теңге. Қазіргі таңда, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

 

16.        

Мектептерде 275 робототехника, химия, биология физикасы, STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу:

2023 ж. – 70 (5 робототехника, 20 химия, 20 физика, 20 биология, 5 STEM);

2024 ж. - 22 (8 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 8 STEM);

2025 ж. - 27 (7 робототехника, 4 химия, 4 физика, 4 биология, 8 STEM);

2026 ж. – 32 (8 робототехника, 5 химия, 5 физика,  5 биология, 9 STEM);

2027 ж. – 35 (7 робототехника, 7 химия, 7 физика, 7 биология, 7 STEM);

2028 ж. - 36 (15 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 15 STEM);

2029 ж. - 53 (15 робототехника, 8 химия, 8 физика, 7 биология, 15 STEM).

2023-2029 жж.

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы 27 физика, химия, биология, робототехника, STEАM пәндік кабинеттерін сатып алу жоспарланды. Оған 158 млн.тенге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда, жоспарланған 27 пәндік кабинеттер сатып алынып, қаражат толық игерілді.

 

 

17.        

106 мектепті бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру:

2023 ж. – 14 мектеп;         

2024 ж. – 14 мектеп; 

2025 ж. – 15 мектеп;

2026 ж. – 15 мектеп;

2027 ж. – 16 мектеп;

2028 ж. – 16 мектеп;

2029 ж. – 16 мектеп

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Цифрлық технологиялар басқармасы

Полиция департаменті

 

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы үнемделген қаражат есебінен 15 мектепке бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру жоспарланған болатын. Бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылды.

 

18.        

100 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген, жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтылған орта білім беру ұйымдарының санын арттыру:

2023 ж. – 30 мектеп;

2024 ж. – 40 мектеп; 

2025 ж. – 50 мектеп;

2026 ж. – 60 мектеп;

2027 ж. – 70 мектеп;

2028 ж. – 80 мектеп;

2029 ж. – 90 мектеп.

2023-2029 жж.

Цифрлық технологиялар басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысының барлық 157 мектеп интернетке 100% қосылды.

Сондай-ақ, 3 мектепте Starlink орнатылды.

106 мемлекеттік мектепте интернет жылдамдығы 100 мб/с жоғары. 

 

19.        

Педагог кадрлардың орын тапшылығын төмендету:

2023 ж. – 25 орын;

2024 ж. – 19 орын;

2025 ж. – 10 орын.

 

 

2023-2025 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің  Педагог кадрлармен жұмыс басқармасы 

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

БАҚЫЛАУДА

2025-2026 оқу жылы басында яғни қыркүйек айында  облыс бойынша білім беру ұйымдарына 718 жас маман қабылданды. Олар: Ақтау қаласы – 212, Бейнеу ауданы-50, Жаңаөзен қаласы-186, Қарақия ауданы-40, Маңғыстау ауданы-35, Мұнайлы ауданы-124, Түпқараған ауданы-71.

Қазіргі таңда, облыс бойынша білім беру ұйымдарында орыс сыныптарға арналған 54 мұғалім жетіспейді.

Олар: Ақтау қаласы – Математика пәні мұғалімі 10, физика пәні мұғалімі 2, химия пәні мұғалімі 2, география пәні мұғалімі 2, тарих пәні мұғалімі 5, бастауыш сынып мұғалімі 12;

Жаңаөзен қаласы - Математика пәні мұғалімі 10, физика пәні мұғалімі 2, химия пәні мұғалімі 2, Биология пәні мұғалімі 2, география пәні мұғалімі 2;

Түпқараған ауданы – Математика пәні мұғалімі 1, тарих пәні мұғалімі 1, бастауыш сынып мұғалімі 1.

Аталған қажеттіліктерді жою мақсатында облысымызда еліміздің үздік педагогтерін өңірімізге тарту бойынша арнаулы бағдарлама іске қосылды. Еліміздің жоғарғы оқу орындарына педагог мамандарға қажеттілік бойынша хат жолданып, мамандарды өңірімізге тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, келетін мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы тұрғын үй сатып алу және салу үшін кредит, бір жолғы көтерме жәрдемақы беру қарастырылған.

 

20.        

Облыстың білім беру ұйымдары педагогтерін біліктілікті арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. – 6 699;

2024 ж. – 7 000 ;

2025 ж. – 7 100;

2026 ж. – 7 200;

2027 ж. – 7 400;

2028 ж. – 7 500;

2029 ж. – 8 000.

2023-2029 жж.

 «Өрлеу» ҚР БАҰО АҚ

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Жоспар бойынша 2029 жылға дейін жалғасады

Маңғыстау облысы бойынша жалпы білім беретін мектеп және  мектепке дейінгі білім беретін ұйым,  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының  педагогтер саны – 23337.

2025 жылы педагогтердің 9490-і мемлекеттік, ал 956-сы ақылы негізде, яғни жалпы санының 45%-ы біліктілік  арттыру курстарынан өтті.
«Отпан: Маңғыстау облысындағы тірек мектептер желісі» жобасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан – 2730 педагог (математикалық сауаттылық – 350, жаратылыстану сауаттылығы – 350, оқу сауаттылығы – 350, мектеп командасы – 290  және  пән мұғалімдері – 1390);
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан – 465  педагог (білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық дағдыларын дамыту – 256,   педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту –38, педагогтердің метапәндік құзыреттіліктерін дамыту – 106, инклюзивті білім беру – 40,  әдіскерлерді оқыту – 25) ;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан «943-елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында ілгерлемелік деңгейлі біліктілік арттыру курстарынан – 1807 педагог (математикалық сауаттылық – 246, жаратылыстану сауаттылығы – 235, оқу сауаттылығы – 748, бастауыш мектептегі сауаттылық – 578); 
EdCrunch Academy орталығынан «943-елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында ілгерлемелік деңгейлі біліктілік арттыру курстарынан – 285 педагог (математикалық сауаттылық – 17, жаратылыстану сауаттылығы – 54, оқу сауаттылығы – 116, бастауыш мектептегі сауаттылық – 98); 
«Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы Кәсіби даму институтынан – 2837  педагог (мектепке дейінгі білім беретін ұйым – 89, инклюзивті білім беру – 100,  жалпы білім беретін мектеп – 2417, арнайы білім беру ұйымдары – 50, әдісткерлерді оқыту – 22, қаржылық сауаттылық негіздері – 159);
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Learning Management System (LMS) білім беру платформасы арқылы Келешек мектеп педагогтерінің пәндік білімдерін жаңарту және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 486 педагог (базалық деңгейлі) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық» орталығынан – 14 педагог;
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығынан – 100 педагог;
Балаларды ерте дамыту институтынан – 122 педагог;
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы – 74  қосымша білім беру педагогі;
Маңғыстау облысы білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында «Игі жастар» қоғамдық қоры 120 мектепке дейінгі ұйым педагогтерін және «Маңғыстау» жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 300 жалпы білім беру ұйымдарының педагогтерін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтынан біліктілік арттыру курстарынан өтті.
«Қолдау орталығы» жекеменшік мекемесі «InBilim» жобасы аясында 150  арнайы білім беру ұйымдарының   мамандарының  біліктілігін  арттырды.
Ақылы негізде:
Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында – 830 педагог (мектепке дейінгі білім беретін ұйым – 342, пән мұғалімдері – 488);
«Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы Кәсіби даму институты – 126 педагог (мектепке дейінгі білім беретін ұйым – 101,   инклюзивті білім беру – 25).

 

21.        

Менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында кадр резервіндегі жалпы білім беретін мектеп басшыларының 250 орынбасарын оқыту:

2023 ж. – 20 орынбасар;

2024 ж. – 30 орынбасар;

2025 ж. – 40 орынбасар;

2026 ж. – 50 орынбасар;

2027 ж. – 60 орынбасар;

2028 ж. – 20 орынбасар;

2029 ж. – 30 орынбасар.

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ОРЫНДАЛМАДЫ

Қазіргі таңда Білім беруде көшбасшылардың кадр резервін құру мақсатында «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасы аясында педагогтердің өтініші қабылданып, Қазіргі таңда 13 педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында курстан өтті.

 

22.        

Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Құқықтық сауаттылық» жобасын жүзеге асыру

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы «Қаржылық сауаттылық» біліктілікті арттыру курсына 159 педагог оқыды

 

23.        

Жалпы  білім беретін  мектептердің  директорларының тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарларына, мұғалімдеріне, психологтарына  жас мамандарына  жетекшілік  етуге  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырысты  орналастыру. (Бағдарламалар бойынша  қосымша  білім беру курстары: «Ұйымдағы  зорлық зомбылықтың  алдын алу», «Қолайлы  білім беруді  қамтамасыз ету»

2023-2025 жж..

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Үйдегі зорлық-зомбылыққа, буллингке және вандализмге қарсы профилактикаға қатысты. Білім беру жүйесінде балаларды зорлық-зомбылық пен қудалаудан қорғауға арналған құқықтық және әдістемелік құралдар енгізілген.

Мәселен, заңнамалық деңгейде «қудалау (буллинг)» ұғымы енгізілді, Буллингтің алдын алу ережелері бекітілді, әкімшілік жауапкершілік күшейтілді (2025 жылғы 10 ай ішінде 48 әкімшілік іс тіркелді).

KiVa (110 мектепте) және «ДосболLIKE» (2025 жылғы қыркүйектен бастап барлық мектептер мен колледждерде енгізілген) антибуллингтік бағдарламалары іске асырылуда. Буллинг пен зорлық-зомбылықты ерте анықтау әдістемесі бес министрліктің бірлескен бұйрығымен бекітілді (21.12.2023 ж. № 386).

 2025 жылы 219 балаға көмек көрсетілді.

Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде – 431 педагогы оқудан өтті.

«111» байланыс орталығы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды (10 айда  391 өтініш келіп түсті). Өңірлік Психологиялық қолдау орталықтары 219 балаға және 134 ата-анаға көмек көрсетті.

Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу сондай-ақ ата-аналар комитеттері, АПҚО және мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастыратын медиакампаниялар арқылы жүзеге асырылады.

 

24.        

Білім беру ұйым  басшыларның  кадрлық  резервін  қалыптастыру.

үнемі

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

«Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасын ұйымдастыру мақсатында 12 басшы орынбасары резервке алынды

 

25.        

«Позитивтік  мәдениетке  тәрбиелеу» тақырыбында педагог   тәрбиешілерге арналған  вебинарлар  және  аймақтық  семинарлар өткізу.

2023-2024 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Позитивтік  мәдениетке  тәрбиелеу» тақырыбында педагог   тәрбиешілерге арналған семинарлар өткізілді

 

26.        

Ата- аналар академиясы жобасын  жүзеге асыру

 

 

2023-2025 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Облыста барлық білім беру ұйымдарында балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс жасайды. Құрылған орталықтар «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты әзірлеген бағдарламаға сәйкес мектеп-ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде.

Ата-аналар комитетінің қызметін трансформациялау аясында Маңғыстау облысының білім басқармасының қолдауымен «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау арқылы серіктестікке тарту» тақырыбында ата-аналар форумы облыстық, аудан, қалалық дейгейде  ұйымдастырылды. Форумға 8080-нен астам ата-ана ат салысты.

Әр деңгейде өткізілген форумдарда ата-аналар комитетінің жаңа құрамдары бекітіліп, төрағалары мен мүшелері сайланды. Бұл қадам ата-аналар комитетінің жұмысын жаңаша форматта ұйымдастыруға, мектептің дамуына серіктес болатын белсенді ұйымға айналдыруға бағытталды.

Форум барысында ата-аналар комитетінің белсенділігін арттыру, мектеп пен отбасының өзара серіктестігін нығайту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

 

27.        

«Жасөспірімдердің  психологиялық тұрақтылығы» тақырыбында  ғылыми –педагогикалық зеттеулер  жүргізу.

 

 

2023-2025 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтері жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын анықтау мақсатында (білім алушылардың сыныпқа бейімделуі және олардың бойындағы мазасыздықты, үрей, стресстік жағдайларды анықтау) диагностикалар жүргізді.

 Жүргізілген диагностика қорытындысында оқушылардың бойындағы қобалжу,мазасыздану сезімдерінен арылуына, психикалық денсаулық және дағдарыс жағдайындағы білім алушыларға көмек көрсету, бойларында сенімділік пен тұрақтылықты орнатуға бағыт бағдар беру, уақыттың маңыздылығын ұғындыру мақсатында ақпараттық ағарту іс-шаралары, тренингтер, дәрістер, спорттық ойындар, дөңгелек үстел, суреттер байқауы, ата – аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды Ағымдағы жылы сәуір айында  аутодеструктивті (суицидтік)                     мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндік ұйымдастырылып, шараға                         59 000 оқушы,  3952 ата-ана, 18 728 педагог қамтылды.

Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқын анықтау үшін 170 (145 мектеп, 25 колледжде) білім беру ұйымында  психологиялық диагностика жүргізіліп, 33 513 білім алушысына                          (34 476 оқушы, 3037 студент) психологиялық диагностика жүргізілді.

        Барлығы - 2097 білім алушының психологиялық-эмоционалдық жағдайы тұрақсыз жағдайда екендігі анықталып, бақылауға алынды.

       Аталған санаттағы балалармен психологтердің жүргізген   жеке сұхбаттың және қосымша жасалған психологиялық диагностиканың нәтижесінде 597 білім алушының психо-эмоционалдық жағдайы қалыпқа келтірілді.

       Бұдан басқа суицид пен буллингтің алдын алу бағытындағы жоспарлы іс-шараларға  36 000 (6000 ата-ана, 30 000 білім алушы)                     ата-ана және білім алушы қатысты.

          Сонымен қатар  кәмелетке толмағандардың арасында суицидтің алдын алуда «Психологиялық қолдау орталықтарын» іске қосу және білім беру ұйымдарында антибуллингтік бағдарламаларды енгізу» бойынша жобалық кеңсесі іске қосылды. Оған барлығы 10 мектеп          (Ақтау қаласы бойынша 7 мектеп,   Жаңаөзен қаласынан 1 мектеп, Мұнайлы ауданынан 1 мектеп, Түпқараған ауданынан 1 мектеп) енді.

         Бұл жоба аясында 75 маман арнайы бағдарлама бойынша оқытылып, сертификаттарын алды.

         Ағымдағы оқу жылында білім беру ұйымдарындағы буллингтің және аутодеструктивті әрекеттерге барудың алдын алу шараларымен   174 білім беру ұйымы (149 мектеп, 25 колледж) қамтылды.

Шараға (оның ішінде 19 378 оқушы, 9905 ата-ана,  7077 педагог) 36 360 адам қатысты. Облыс бойынша ағымдағы жылдың наурыз, сәуір айларында облыстық прокуратура, полиция департаментімен,  облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының, бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілмен бірге кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, құқықбұзушылықтың, суицидтің, лудоманияның алдын алу жиналыстары  өтіп, әлеуметтік желілерге жарияланды.

 

 

                                                                                          БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ

 

28.        

Облыстың білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысуы (ББЖМ)

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2024-2025 оқу жылында 84 білім беру ұйымында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізілді. Мониторингке   5 754 білім алушы қатысты. Нәтижелері 2026 жылдың басында ұсынылады.

 

29.        

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын кешенді дамыту

2023 ж.

 «Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Білім сапасын бағалау жөніндегі ұлттық зерттеу орталығы» АҚ бірлесіп, «PISA – 2022» қорытындысына сәйкес,  семинар-2, вебинар-1 жүргізілді.

Барлық білім беру ұйымдары НЗМ-50 жббм, BilimCenter-31жббм, Amansultan-37жббм платформаларымен PIZA-ға дайындық жұмыстарын жүргізді.

 

30.        

Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математикалық циклы пәндері мен ағылшын тілін оқыту қарқындылығын, сапасын күшейту

2024-2029 жж.

Білім басқармасы

«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

ТОҚТАТЫЛДЫ

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін мұғалімдерге арналған арнайы даярлық курстары 2016–2020 жылдары жүргізілген болатын.
Курс мерзімінің аяқталуына, курстардың жалғаспауына байланысты пән мұғалімдерінің қажетті тілдік-деңгейлік талаптарға сай келуі қамтамасыз етілмеді.
Осыған орай, мектептерде ағылшын тілінде пән жүргізуді жалғастыру нормативтік тұрғыдан мүмкін болмады.

Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша ағылшын тілінде оқыту

БИЛ, ЖБИЛ -ден  басқа  білім  беру  ұйымдарынан басқа  мектептерде  тоқтатылды.

 

 

31.        

Маңғыстау облысының білім беру қызметін кешенді зерттеу

2024-2025 жж.

«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

13-24  қазан аралығында барлық  білім  беру  ұйымдарына  зерделеу  жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде жинақталған деректер жаднама талаптарына сәйкес талданып, білім беру ұйымдарының жұмысында анықталған бірқатар ескертулер мен кемшіліктер айқындалды. Осыған байланысты әр білім беру ұйымына хаттамалық тапсырмалар беріліп, кемшіліктерді жоюға және жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты шаралар ұсынылды.

Бекітілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы белгіленген мерзімде бақылауға алынды. Әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

32.        

Жаңаөзен қаласының 6 мектебінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқу-әдістемелік, кәсіптік бағдар беру тәжірибесін енгізу

2023-2025 жж.

Жаңаөзен қаласы әкімдігі

«Өзенмұнайгаз» АҚ

Білім басқармасы

ТОҚТАТЫЛДЫ

2024-2025 оқу жылына жобаға 5 мектеп (№2, №6, №10, №17, №24) енгізілді. Осы оқу жылынан бастап 164 мұғалім біліктілік арттыру курсынан 

(1 бөлім) өтті. 200 мұғалімге онлайн курстар мен платформаларға қолдануға мүмкіндік берілді. Жобаға қатысатын мектептерге 85 дана «Құндылыққа толы сабақ» кітабы берілді.  Сондай-ақ, 70 мұғалімге тәлімгерлік қолдау көрсетілді.

Тәлімгерлік қолдау үш негізгі бағыт бойынша жүргізілді:

1. Жаратылыстану пәндері бойынша тәлімгерлік:
Жыл сайын жоба менторлары физика, химия, биология және математика пәні мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, талдау жасап, әдістемелік қолдау көрсетті.
Апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері жобаға қатысушы мектептерде пән мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақтар тұрақты түрде өткізіліп отырды.

2. Құндылықтар бойынша тәлімгерлік  бағыт  бойынша апта сайын сәрсенбі күндері жобаға қатысушы мектептердің әкімшілік құрамына арналған жиналыстар, тренингтер мен семинарлар өткізілді.

3. Кәсіби бағдар беру бойынша тәлімгерлік шаралар  өтті.
«Білім-Инновация» лицейлері тәжірибесін енгізу жобасының оң нәтижелері:

АКТ қолдану бойынша жоба басында 68 мұғалімнің 47%-ы қамтылса, бұл көрсеткіш 88%-ға жетіп, 41%-ға артты.

Зертханалық жұмыстар жүргізу көрсеткіші 45 мұғалімнің арасында 38%-дан 89%-ға өсіп, 51%-ға артты.

Ата-аналармен 87 іс-шара ұйымдастырылды.

Сынып жетекшілердің оқушылардың үйіне бару көрсеткіші 114-тен 368-ге дейін өсіп, 3 есеге артты.

АҚШ-тан арнайы жеткізілген “Foldscope 2.0” зертханалық құралдары оқу үдерісіне енгізілді.

Жобаға қатысушы барлық 16 мектепте «Құндылықтарға негізделген білім беру» жүйесі енгізілді.

Жоба аясында педагогтер Алматы және Астана қалаларындағы жетекші мектептер мен үздік тәжірибелі ұйымдармен, сондай-ақ жоба жетекшілерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ  қаржы  бөлмеуіне  байланысты  жоба  тоқтатылды.

 

 

33.        

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін «Цифрлық мұғалім» жобасын апробациядан өткізу

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Мұғалімдерге, оқушыларға EDUCON компаниясының  eduway платформасы ұсынылды,  ҰБТ-ға дайындау мақсатында 11-сыныпқа видео сабақтар ұсынылды және басқа да цифрлы платформалармен жұмыс жасауда

 

34.        

«Маңғыстау облысының тұлғалар есімі берілген атаулы мектептері» жобасын жүзеге асыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылдың 27 қараша күні Ақтау қаласы №22 мектеп-гимназиясының ұстаздарының қатысуымен Маңғыстау ауданында Серікбол Қондыбайұлы атындағы мемориалдық мұражай ғимаратында Серікболтанушы мұғалім-педагогтердің форумы өтті.  

 

35.        

Пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Үздік педагог» қауымдастығының, пән мұғалімдері қауымдастықтарының жобаларын жүзеге асыру 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

Бастауыш  сынып  қауымдастығы  арасында онлайн  семинар  өтіп, 100  педагог  қатысты. Қазан айында PISA- ға  дайындау мақсатында математика, физика, қазақ  тілі  пәні  қауымдастықтары  арасында  семинарлар  өтті. Қамтылған педагог саны-150.

 

36.        

Математика пәні мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Математикалық прогрессия»  жобасын жүзеге асыру 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылдың 27-28 наурыз күндері Ақтау қаласының №33 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық прогрессия» байқауының аймақтық кезеңі өтті. Байқауға  Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу және Маңғыстау  облыстарының математика  пәні  мұғалімдері  қатысты. Барлығы 29 педагог қатысты. Қатысушылар 3,5 сағатта 25 стандарттық және 5 олимпиадалық есептер шығарды. Барлық мектепте Маңғыстаулық мұғалімінің авторлық «Математикалық прогрессия» жобасы іске асырылуда (патенттелген). 

Сонымен қатар, «Математикалық прогрессия»

байқауы 2026 жылдың қаңтар  айында  өтеді  деп  жоспарланды.

 

37.        

«Маңғыстау облысындағы ауыл және қала мектептерінің білім сапасындағы алшақтықты қысқарту» облыстың 30 мектебін даму стратегиясын менторлық қолдау бойынша жобаны жалғастыру

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

ТОҚТАТЫЛДЫ

Білім  беру ұйымдары  мен жобаны  ұйымдастырушы жақтың  арасындағы  келісім шарттың  аяқталуына  байланысты жоба  тоқтатылды.

 

38.        

«Мектептерді қолдаудың ашық алаңдары» аудандар мен қалалардың мектептерінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің әдістемелік және практикалық қолдау жобасын жүзеге асыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі бітіруші  түлектермен  «Сабақ  шоу»    байқауы  аясында Ақтау  қаласының №28, №32 мектептерінде  40  сабақ өткізді.

 

 

39.        

«Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау филиалының облыс педагогтеріне әдістемелік-практикалық көмек көрсетуін және «Тәлімгерлік мектебі» педагогикалық шеберлік зертханасы» жобасын жүзеге асыру

2023-2029 жж.

 «Өрлеу» БАҰО АҚ  МФ Маңғыстау филиалы

Білім басқармасы

ТОҚТАТЫЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Отпан 943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасы өтуіне байланысты аталған жоба уақытша тоқтатылды.

 

40.        

Ақтау қаласының ІТ-лицейінде және IT мектеп-лицейінде «Медиана» ІТ компаниясымен цифрлық құзыреттіліктер мен бағдарламалау тілдерін дамыту жөніндегі жобаны іске асыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы «Медиана» ЖШС (келісім бойынша)

ТОҚТАТЫЛДЫ

 

41.        

«Маңғыстау облысының кәсіптер атласы» жобасын іске асыру (колледждердің оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша жобасын жасақтау, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың кәсіби бағдар мен диагностикасын жүргізу)

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылдың 8–12 желтоқсан аралығында Есенов университетінің Бас ғимаратында Маңғыстау облысының педагог-бағдар берушілеріне арналған тәлімгерлерді даярлау курсының екінші кезеңі өтуде. Бірінші кезең онлайн форматында жүргізілген болатын, ал қазіргі уақытта тыңдаушылар офлайн түрде екінші кезеңнен өтуде. Университет қабырғасында өңір мұғалімдерін болашақта оқытуға жауапты кәсіби тренерлер даярлануда. Жобаға университеттің 20-дан астам оқытушысы және өңір мектептерінен 3 педагог қатысуда.

 

42.        

«Маңғыстау» облыстық телеарнасындағы 11 сынып оқушыларына арналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік телеойынын жалғастыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ішкі саясат басқармасы

«Маңғыстау» облыстық телеарнасы (келісім бойынша)

ТОҚТАТЫЛДЫ

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

 

43.        

Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін ПМПК желісін                    50 мың балаға 1 есебінен 2 бірлікке кеңейту:

2025 ж. – 1 дана;

2028 ж. – 1 дана.

 

 

2025-2028 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

БАҚЫЛАУДА

2023-2025 жылдар аралығында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдап, арнайы білім беру ұйымдарының желісін көбейтуде облыстан шалғайда орналасқан елді мекендердегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды Қарақия ауданы, Жетібай селосында 1 психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациясы  ашылады.

 

 

 

44.        

Ерекше мүмкіндіктері бар балаларға арналған арнайы педагогтер үшін ресурстық орталық ашу:

2026 ж. – 1 дана;

2027 ж. – 1 дана;

2029 ж. – 1 дана.

2026-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 

          2026 жылы ашылады.

 

45.        

Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзетудің кабинеттер (ППТК) желісін                         кеңейту:

2023 ж. – 1 кабинет;

2024 ж. – 1 кабинет;

 

2023-2024 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

ОРЫНДАЛДЫ

2023 жылы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан                                         1психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.

2024 жылы Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан сыйымдылығы 50 орындық                    1 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.

Барлық аудандарда 1психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті бар.

 

46.        

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 100 орын;

2024 ж. – 170 орын;

2025 ж. – 200 орын;

2026 ж. – 250 орын;

2027 ж. – 300 орын;

2028 ж. – 350 орын;

2029 ж. – 400 орын.

 

 

 

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысында 0-18 жас аралығындағы 341 118 баланың 9609-ы мүмкіндігі шектеулі бала. Оның  ішінде 2844 мүгедек бала тіркелді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқу үдерісін бейімдеу мақсатында білім беру ұйымдарында аталған санаттағы балалар үшін  оқу үдерісі бейімделген оқу жоспарлары мен жеке оқу бағдарламалары негізінде жүргізіледі, түзету-педагогикалық қолдау (дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент) қамтамасыз етіледі, білім беру ұйымдарында психологиялық  -медициналық-педагогикалық консилиум жүйелі жұмыс істейді.

       308 мемлекеттік білім беру ұйымының 268-інде инклюзивті білім беруге жағдай жасалып  2000-нан астам бала қамтылды.

       Аталған санаттағы балалармен 469 арнайы маман жұмыс жасайды,166 мекемеде инклюзивті қолдау кабинеті бар. 

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасауда арнайы мамандармен қамтуда 96,0 млн.теңге қаражат көзі қарастырылды.

  Соңғы үш жыл ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқу бағдарламалары бойынша 393 педагог инклюзивті білім беру бағытында кәсіби даярлықтан өтті.

Ағымдағы жылы оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен                                    1 республикалық семинар-практикум, 8 облыстық  семинар-практикум, 6 облыстық байқау өткізілді.

Аталған шараға еліміздің әр өңірінен келген 300-ден астам педагогтер қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашу және қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі, «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауы, «Шексіз шығармашылық» атты өнер сайыстары өткізіліп келеді.

Ағымдағы жылы аталған шараларға  361 ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала қатысып, өздерінің өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және жетістіктерін көрсетті. Инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту және педагогтердің кәсіби қоғамдастығын кеңейтуде  арнайы білім беру ұйымдарының педагогтерінің облыстық қауымдастығы құрылып, өз жұмысын белсенді жүргізіп отыр.

Арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен қамтылмай отырған бала жоқ.

 

47.        

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі:

Балабақша:

2023 ж. – 76%;         

2024 ж. – 89%;

2025 ж. – 93%;

2026 ж. – 100%.

Мектеп:

2023 ж. – 90%;         

2024 ж. – 92%;

2025 ж. – 95%;

2026 ж. – 100%.

Колледж:

2023 ж. – 70%;         

2024 ж. – 86%;

2025 ж. – 90%;

2026 ж. – 100%

2023-2026 жж.

Аудан, қала  әкімдіктері

Білім басқармасы

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

 

ОРЫНДАЛДЫ

134 балабақшаның 108-інде 80,5% ,  155 мектептің 148-інде 95,4  % , 15 колледждің 14-інде 93,3%)инклюзивті білім беруге жағдай жасалып  2000-нан астам бала қамтылды.

       Аталған санаттағы балалармен 469 арнайы маман жұмыс жасайды,166 мекемеде инклюзивті қолдау кабинеті бар. 

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасауда арнайы мамандармен қамтуда 96,0 млн.теңге қаражат көзі қарастырылды.

  Соңғы үш жыл ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқу бағдарламалары бойынша 393 педагог инклюзивті білім беру бағытында кәсіби даярлықтан өтті.

Ағымдағы жылы оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен                                    1 республикалық семинар-практикум, 8 облыстық  семинар-практикум, 6 облыстық байқау өткізілді.

Аталған шараға еліміздің әр өңірінен келген 300-ден астам педагогтер қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашу және қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі, «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауы,«Шексіз шығармашылық» атты өнер сайыстары өткізіліп келеді.

 

                                     БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

 

48.        

Балалардың хал-ахуал индексіндегі көрсеткішті көтеру:

2023 ж. – 51 балл;

2024 ж. – 51,5 балл;

2025 ж. – 52 балл;

2026 ж. – 52,5 балл;

2027 ж. – 53 балл;

2028 ж. – 53,5 балл;

2029 ж. – 54 балл.

2023-2029 жж.

Аудан, қала  әкімдіктері

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Аталған тармақ республика бойынша тәуелсіз сарапшылардың талдауы арқылы шығарылады.

 

 

49.        

Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру:

2023 ж. – 85%;                                                       

2024 ж. – 88,3%;

2025 ж. – 90,3%;

2026 ж. – 92,3%;

2027 ж. – 93,7%;

2028 ж. – 94%;

2029 ж. – 95,3%.

 

 

Аталған тармақ республика бойынша тәуелсіз сарапшылардың талдауы арқылы шығарылады.

 

 

50.        

Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету:

2023 ж. – 100%;                                                     

2024 ж. – 100%;

2025 ж. – 100%;

2026 ж. – 100%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%;

2029 ж. – 100%.

 

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

ОРЫНДАЛДЫ

Облыста 158 мектептегі бастауыш сыныптың

71 081 (1-4 сынып) және аз қамтылған отбасылардың  12 696 оқушысы (5-11 сынып) тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Тегін тамақты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 8 885 мың теңге қарастырылды.

Барлық білім беру ұйымдарында  құрылған бракераждық комиссияның жұмысын күшейту үшін бірнеше рет семинар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ведомствоаралық сараптама тобы құрылып, мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізді.

 

51.        

Жұмысты бақылау мен есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу: оқушылардың мектеп ғимаратына кіруін қамтамасыз ету, тіркеу жүйелері және баланың тамақтануын бақылау

 

2023-2024 жж.

Білім басқармасы

Цифрлық технологиялар басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

Оқу материалдарына қол жеткізу, мектеп ғимаратына кіру, сонымен қатар тамақтануға ақы төлеу үшін сәйкестендіру карталары облыстағы 131 мектепке енгізілді.

 

52.        

Білім беру ұйымдарын (мектептерді, колледждерді, мектепке дейінгі ұйымдарды) білім және ғылым саласында қызмет атқаратын террористік - осал объектілерден терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі ҚР Білім министрлігінің талаптарына сәйкес тиісті қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыру (ҚР БҒМ 2022.03.30 № 117 бұйрығы - лицензияланған күзет, бейнекамералар және оларды қауіпсіздік жүйесіне қосу, дабыл түймесі):

2023 ж. – 100%;

2024 ж. – 100%;

2025 ж. – 100%;

2026 ж. – 100%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%;

2029 ж. – 100%.

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Цифрлық технологиялар

басқармасы

Полиция департаменті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

ОРЫНДАЛДЫ

Ағымдағы жылда жалпы білім беру ұйымдарындағы күзет және оларды қауіпсіздік жүйесіне қосу, дабыл түймесі және өрт дабылдарын сүйемелдеуге 997,2 млн.теңге қаражат иегерілді.

Білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтауда  полиция департаментімен келісіліп бекітілді.             Барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан бейнебақылау камераларымен қамтылған. Оның ішінде бейнебақылау камералары нұсқаулық талаптарына сәйкес полиция департаментінің  жедел басқару орталығына (ЖБО)   (100%)  қосылған.       Дабыл түймелері барлық мемлекеттік  білім беру  ұйымдарында (100%)  жедел басқару орталығына   қосылған.Кіруді басқару және басқару жүйесі (турникеттер) (100%) және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (100%) видеофон орнатылды.

 

53.        

Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығуды өткізу:

- терроризмге қарсы;

- жер сілкінісі, өрт және т.б.

 

2023-2029 жж.

Төтенше жағдайлар департаменті

Полиция департаменті

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім  беру  ұйымдарында  «Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер», «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Мектептегі өрт кезіндегі ережелер мен мінез-құлық», «Өрт қауіпсіздігі мен оның алдын алу шаралары» т.б. тақырыптарында  тоқсан сайын 3600-ден аса сынып сағаты, 530-ға жуық дәріс, әлеуметтік желіде челлендж,  2100-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 85948 оқушы, 57700 ата-ана қатысты.

Сонымен қатар балалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын күшейту мақсатында «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» атты республикалық акциясы аясында шаралар және                  білім беру ұйымдарында өрт кезіндегі эвакуация бойынша жоспарлы түрдегі республикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

 

54.        

Білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығын өткізу (тоқсан сайын)

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Төтенше жағдайлар департаменті

Полиция департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер  арасында  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жергілікті полиция басқармасымен                         8 жедел профилактикалық іс-шара («Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз білім беру ұйымы»,  «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Сабақ», «Демалыс кезеңі»)  аясында білім беру ұйымдарында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің өкілдерімен бірлесіп оқушылар мен студенттердің және ата-аналарының қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет», «Жасөспірім және қылмыс», «Тәртіп сақтау - міндет, қылмыс жасау - індет», т.с.с.  71219 тәрбиелік шаралар (378  кездесу,  18648 жиналыс, 38524 сынып сағаты, 65 дөңгелек үстел, 5289 шара, 8315 ата-ана жиналысы) өткізілді.

Облыс прокуратурасының  бастамасымен  білім беру ұйымдарында прокуратура, полиция қызметкерлері бекітілген болатын. ББҰ-да тоқсан сайын өткізілетін аясында «Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығында мамандар шақырылып, оқушыларға құқықтық сабақтар, кездесулер ұйымдастырылды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауыттылығын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының прокуратурасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «QR-профилактика» жобасын іске асыруда.

Психологиялық қолдау орталығы тарапынан оқушылар мен ата-аналарға, педагогтерге психологиялық тұрғыда кеңес беріліп, «7292», «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы - сенім телефоны білім беру ғимараттарының кіреберістеріне  және ақпараттық ресурстарда орналастырылды.

 

55.        

Бағыттар бойынша үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру:

- кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу;

- кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу;

- әскери-патриоттық тәрбие;

-экологиялық тәрбие

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

Ішкі саясат басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2025 жылға 66,388 млн теңге қаражат қарастырылды. Жоспардағы тақырыптар төмендегі тақырыптарға өзгертілді.

Өңірдің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру;

- Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізу;

- Орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, педагогтар мен білім алушыларда кездесетін мәселелерді мақсатында мектепішілік бақылауды жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;

- Аймақтағы арнайы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру;

- Аймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;

- Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту

Білім басқармасы тарапынан бөлінген 6 грант бойынша                    4 үкіметтік емес ұйымы жұмыстар жүргізді.

 

56.        

Білім саласы тәрбиеленушілері арасында тұрақты негізде жолда жүру қауіпсіздігін насихаттау (дәрістер, конкурстар, викториналар, слеттер)

 

2023-2029 жж.

Полиция департаменті

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім  беру  ұйымдарында  «Жол-көлік апатының алдын алу», «Жол жүру ережесі», «Жолдағы қауіпсіздік», «Жол қауіпсіздігі», «Жол ережесін сақтайық!», «Сақтықта қорлық жоқ!» т.б. тақырыптарында  тоқсан сайын 8500-ден аса сынып сағаты, 1350-ден астам дәріс, 1700-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 103489 оқушы, 5738 000 ата-ана қатысты.

Сонымен қатар «Жас жол инспекторлары» жасақтарының жұмысын жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Жас жол инспекторлары»  байқауы кезең-кезеңмен жоспарлы ұйымдастырылады.

 

57.        

Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды қосымша біліммен қамту

2023-2029 жж. – 100%

 

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Полиция департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы облыс бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар 100 % қосымша біліммен қамтылды

 

 

 

58.        

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің үлесін төмендету

2023 ж. – 9,8%;

2024 ж. – 9,4%;

2025 ж. – 8,9%;

2026 ж. – 8,5%;

2027 ж. – 8,3%;

2028 ж. – 8,1%;

2029 ж. – 7,9%.  

Тәрбие

2023-2029 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Полиция департаменті

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

БАҚЫЛАУДА

Облыста 0-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың саны 341 мыңнан астам баланы құрайды

501 бала бар. Оның ішінде:  қорғаншылық пен қамқоршылықта 418 бала, патронаттық тәрбиеде 24 бала, интернаттық  мекемелерде                     59 бала тәрбиеленуде .

ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға арналған Республикалық деректер қорына  әлеуметтік мәртебесі анықталған   501  бала   толық енгізілді.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, әлеуметтік көмек көрсетуде жергілікті  атқарушы  орган тарапынан  қорғаншылық, қамқоршылық  функцияларды  жүзеге  асыратын  аудандық, қалалық білім бөлімдерінде  17 маман  (12 маман, 5  әдіскер)   қызмет көрсетеді.

 

59.        

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету:

2023 -2029 жж.  – жаңа тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20% - ы; жұмысқа орналастыру - 100%.

Тәрбие

2023-2029 жж.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

ОРЫНДАЛДЫ

Облыс әкімдігі «Аудан, қала бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспарын» бекітті.

2023 жыл мен 2025 жылдың аралығында «жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала» санатындағы 109 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.         

      Оның ішінде:         2021 жылы - 46 

         2022 жылы – 25 адам

         2023 жылы – 11адам

         2024 жылы  - 4 адам.

         2025 жылы – 23 адам

         Олардың 26-сы - Отбасылық үлгідегі балалар аулының түлектері. 

Бүгінгі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде «жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санаты» бойынша 1078 адам тіркелген, олардың ішінде кәмелет жасқа толғандары - 617, кәмелет жасқа толмаған бала саны - 461.

Олардың 180-і - Отбасылық үлгідегі  балалар ауылының түлектері мен тәрбиеленушілері. Аталған мәселе облыс әкімдігінің бақылауында және «Аудан, қала бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспарға» сәйкес осы бағытта тиісті шаралардың жалғастырылады.

 

60.        

Оқушы, ата-ана, мектеп байланысы арқылы тәрбие жұмыстарын үйлестіру және нығайту («Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер кеңесі» және т.б.)

Тәрбие

2023-2029 жж.

 

 

Білім басқармасы

Ішкі саясат басқармасы

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдарында ата-аналармен өзара қарым қатынасты күшейтуде                          «Ата-аналарды педагогикалық  қолдау орталығы» жұмыс жасайды.Жас ерекшеліктеріне қарай 1-4, 5-9, 10-11 сыныптары білім алушыларының ата-аналарына арналған сабақтар тұрақты түрде өткізіледі, 

Сонымен қатар «Даналық мектебі» клубы аясында «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» өз жұмысын жалғастыруда.

 

61.        

Балаларға қауіп төндіретін орындарды анықтау және түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында кешкі рейдтік мониторинг жүргізу (жарықтандырылмаған аллеялар, су айдындары, ашық люктер, құдықтар, құрылыс объектілері, өнеркәсіптік аймақтар, темір жолдары, электр станциялары, қаңғыбас иттер жиналатын орындар және т. б.)

Тәрбие

2023-2025 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Полиция департаменті

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер  арасында  қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жергілікті полиция басқармасымен 8 жедел профилактикалық іс-шара («Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз білім беру ұйымы»,  «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Сабақ», «Демалыс кезеңі»)  ұйымдастырылды. Аталған жедел-профилактикалық шаралар аясында тоқсан сайын 5000-ден аса сынып сағаты, 100-ге жуық дәріс, 200-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 98700 оқушы, 50 000 ата-ана қатысты.

 

62.        

Білім ұйымдары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамдар, жол белгілері, көшелердің жарықтандырылуы, жаяу жүргіншілердің аяқжолдарының талаптарға сәйкестілігі:

2023 ж. – 60%,             

2024 ж. – 80%,

2025 ж. – 100%.

Тәрбие

 

2023-2025 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Полиция департаменті

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Төтенше жағдайлар департаменті

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім  беру  ұйымдарында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау,  бағдаршамдар, жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелінен өту т.б бойынша мүдделі органдармен жұмыстар жүргізілуде.

«Полицейдің қимылын қалай түсінуге болады»? , «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!», «Қауіпсіз жол», «Жолда жүру ережесін сақтау-өміріңіздің кепілі» т.б тақырыптарда тәрбие, сынып сағаттары үнемі өткізіліп, жол полиция қызметкерлернің тарапынан дәрістер оқылып, іс-шаралар ұйымдастырылып, 80 мыңнан астам оқушы қамтылды. 

 

 

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ

63.        

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру:

2024 ж. – 100%;

2025 ж. – 100%;

2026 ж. – 100%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%,

2029 ж. – 100%;

 

2024-2029 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академися

 

ОРЫНДАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.05.2025 жылғы             № 123  бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағытындағы жұмыстар  «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның жоспары бойынша білім беру ұйымдарында 10 мыңнан шара өтіп, оған 50 мыңға жуық білім алушы қатысты.

Сондай-ақ ай сайын белгіленген тақырыптар сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды бір-бірімен сабақтастырады.

Мысалы, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» білім алушылар үзіліс кезінде бос уақытын ләңгі, асық, тоғызқұмалақ, бес тас ойнату арқылы ұйымдастырылып, «Күй күмбірі» қоңырау орнына 56 мектепте күй ойнатылады. «Үнемді тұтыну» жөніндегі күнделікті жадынамалар, парақшалар білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырады.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде білім алушыларды жауапкершілік пен мейірімділікке баулитын «Қамқор» жобасы аясында оқушылар 15879 оқушы «Таза Қазақстан» акциясына және кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  «Жаңа кітап – жан азығым», «Жаңа әлем – жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Одан бөлек, «Еңбегі адал - жас өрен» - 91, «Smart bala» - 106, «Шабыт» - 103 әлеуметтік жобалар жүргізілді.

 

64.        

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиет сатып алу (жергілікті бюджет есебінен):

2023 ж. – 150 000 дана;

2024 ж. – 160 000 дана;

2025 ж. – 180 000 дана;

2026 ж. – 180 000 дана;

2027 ж. – 200 000 дана.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

«Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025-2026 оқу жылына оқу әдебиеттерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Соның ішінде, 2,9 млрд. теңге қаржыға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері сатып алынды. Яғни,  қайта басылып шыққан 4 сыныптың 9 оқулығы (орыс, қазақ тілінде), 7 сыныптың 25 оқулығы (орыс, қазақ тілді), 8 сыныптың 2 оқулығы (Қазақстан тарихы, география), 10 сыныптың 1 оқулығы (АӘД), 11 сыныптың 2 оқулығы (АӘД, Құқық негіздері) оқулықтарына 120% көлемінде және тозығы жеткен, жетіспейтін оқулықтарға 20-30%-дан тапсырыс берілді.

Көркем және қосымша әдебиет сатып алу үшін 367 млн. 50 мың теңге жұмсалды. Оған, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 115 773 дана көркем әдебиет сатып алынды (101 403 көркем шығарма туындылары, 14 370 әдеби-танымдық кітаптар). Оның ішінде, 108 269 дана қазақ тіліндегі әдебиеттер (1139 дана орыс тілінде, 1423 ағылшын тілінде).

 

65.        

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша жобаны іске асыру. Көркем және ғылыми-фантастикалық әдебиеттің 100 мың данасын сатып алу:

2023 ж. – 25 000 дана;

2024 ж. – 40 000 дана;

2025 ж. – 50 000 дана;

2026 ж. – 50 000 дана;

2027 ж. – 50 000 дана.

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

«Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025-2026 оқу жылына көркем және қосымша әдебиет сатып алу үшін 367 млн. 50 мың теңге жұмсалды. Оған, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 115 773 дана көркем әдебиет сатып алынды (101 403 көркем шығарма туындылары, 14 370 әдеби-танымдық кітаптар). Оның ішінде, 108 269 дана қазақ тіліндегі әдебиеттер (1139 дана орыс тілінде, 1423 ағылшын тілінде).

 

 

66.        

Балаларды қосымша білім берумен қамтуды арттыру:

2023 ж. – 80,0%,

2024 ж. – 83,0%,

2025 ж. – 88,0%,

2026 ж. – 92,0%,

2027 ж. – 93,0%.

 

 

 

2023-2027 жж.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

        Бүгінгі таңда қосымша біліммен 171 482 (90%) бала қамтылды, оның ішінде: үйірмелер мен секцияларға 151 918 бала (88,6%) мемлекеттік тапсырыс аясында  19 564 бала (11,4%) қамтылып отыр.

 

67.        

Спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық жабдықтар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесін артыру:

2023 ж. – 97 %,

2024 ж. – 98 %,

2025 ж. – 99 %;

2026 ж. – 100%

2023-2026 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Облыс бойынша 159 мемлекеттік мектеп, онда 193 155-інде (97,4%) спортзал бар.  Олардың барлығы  құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

 

68.        

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 5 000 орын;

2024 ж. – 5 050 орын;

2025 ж. – 5 075 орын;

2026 ж. – 5 100 орын;

2027 ж. – 5 150 орын;

2028 ж. – 5 200 орын.

2029 ж. – 5 250 орын.

 

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысы әкімдігінің «2025 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде  балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,  6000  балаға  7 бағыт бойынша  мектептен тыс ұйымдарда тегін қосымша білім алуға қаражат бөлініп, сәйкесінше жүзеге асырылды.

 

69.        

Азаматтық пен патриотизм деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде оқушылардың өзін-өзі басқаруы және пікірталас қозғалысы арқылы тартылған білім алушылардың үлесі:

2023 ж. – 35 000 оқушы;

2024 ж. – 40 000 оқушы;

2025 ж. – 45 000 оқушы;

2026 ж. – 50 000 оқушы;

2027 ж. – 55 000 оқушы;

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысында дебат қозғалысы жыл сайын қарқынды түрде дамып келеді. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша  140 дебат клубы жұмыс жасап тұр. Бұл клубтар облыстағы білім беру ұйымдарында оқушылардың ой-өрісін дамытуға, олардың сыни ойлау қабілеттерін жетілдіруге және шешендік өнерін шыңдауға бағытталған. Клубтардың белсенді жұмысы арқылы оқушылар арасында заман талабының сұранысына саласы жетік, қоғамдық өмірге белсене араласатын жаңа буын қалыптасып, олардың интеллектуалдық және көшбасшылық қасиеттері дамып келеді.

Өңірімізде дебат қозғалысын дамыту мақсатында аудандық, қалалық және облыстық деңгейде 4230 – дан астам ауқымды    іс-шаралар өткізілді. Қамтылған бала саны – 14765 санын құрайды. Аталған іс-шаралардың жеңімпаз саны – 2317, орта есеппен 70% көрсетеді.Бұл шаралар оқушыларға пікірсайыс мәдениетін тереңірек меңгеруге, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.Әр деңгейдегі пікірсайыс турнирлері оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, олардың белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етті. Мұндай іс - шаралар арқылы дебат қозғалысының ауқымы кеңейіп, оқушылардың интеллектуалдық дамуына үлкен үлес қосылды.

Өңірімізде 7 аудан, қала мен 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан дебат қозғалысының координаторлары бекітіліп, 2024 – 2025 оқу жылына арналған Пікірсайыс қозғалысын дамытудың іс – шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізіледі.

Республикалық деңгейде оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирінен                   2024 жылы Ақтау қаласы, «Renaissance school» мектебінің  11 – сынып оқушысы Бедибаев Алибек «Ең білімді ойыншы»,                               2025 жылы Мұнайлы ауданы, № 13 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Ауғанбай Әсел «Ең сенімді ойыншы» номинацияларымен марапатталды.

 

70.        

Қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. – 175 қатысушы

2024 ж. – 200 қатысушы;

2025 ж. – 225 қатысушы.

 

2023-2025 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысында

12 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды.

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бюджет есебінен өткізілген республикалық біліктілік арттыру курстарынан 2023-151, 2024-47, 2025-74 өтті.

 

71.        

Ұлттық өнерді насихаттауда мектептерде «Домбыра – дастан» жобасын іске асыру (әр білім алушы кемінде 10 күйді меңгеріп шығу)

2023 ж. - 14 мың оқушы;

2024 ж. - 15 мың оқушы;

2025 ж. - 16 мың оқушы;

2026 ж. - 17 мың оқушы;

2027 ж. - 18 мың оқушы;

2028 ж. - 19 мың оқушы;

2029 ж. - 20 мың оқушы.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Ұлттық өнерді қастерлеу, қазақтың ұлттық аспабы – домбыра арқылы орындалатын ән-күйлерді тыңдай отырып, өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыруды оқушыларға насихаттау мақсатында Маңғыстау облысының білім беру ұйымында «Домбыра-дастан» жобасы жүзеге асырылды. Оған 5000-нан астам бала қамтылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

 

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

 

72.        

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері):

2023 ж. – 5575 орын (90%);

2024 ж. – 5625 орын (94%);

2025 ж. – 5650 орын (100%).

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім,  Бюджеттік жоспарлау департаменттері

ОРЫНДАЛДЫ

2025-2026 оқу жылына  мемлекеттік білім беру тапсырысымен 5650 студент

қабылданды.(50 орын жекменшік колледждің педагогкиаллық құрамы мен ма базасының сәйкес келмеуінне комиссиия тапсырыс беруден бас тартты)

Қазіргі таңда 2025-2026 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған   мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулы шықты. Колледждерге орналастыру бойынша конкурстық комиссия өтті.

Бүгінгі күні колледждерге қабылдау жүргізіліп жатыр

 

73.        

ТжКБ ұйымдарында  педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 1000 орын;

2024 ж. – 1050 орын;

2025 ж. – 1100 орын;

2026 ж. – 1150 орын;

2027 ж. – 1200 орын;

2028 ж. – 1250 орын;

2029 ж. – 1300 орын.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім,  Бюджеттік жоспарлау департаменттері

ОРЫНДАЛДЫ

2024-2025 оқу жылында педагогикалық мамандыққа

960 студент мемлекеттік тапсырыспен оқуға қабылданды.

2025-2026 оқу жылына жоспар бойынша 925 студентті қабылдау жоспарлануда.

35 орын қайта тапсырысы тамыз айында қайта бөлу кезінде толықтырылды.

 

74.        

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде   кәсіпорындардың өтінімдері бойынша колледждерде кадрларды мақсатты даярлау:

2023 ж. – 550 орын;

2024 ж. – 580 орын;

2025 ж. - 601 орын;

2025 ж. – 630 орын;

2026 ж. – 650 орын;

2027 ж. – 680 орын;

2028 ж. – 700 орын;

2029 ж. - 730 орын.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

2024-2025 оқу жылында жұмыс беруші кәсіпорындардың сұранысы негізінде мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысымен 1000 студент білім алуда.

2025-2026 оқу жылына мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша 600 студентті қабылданды.

 

75.        

Ақтау қаласында 500 орындық демеушілік есебінен                           1 студенттік жатақхана салу

 

2023 ж.

Ақтау қаласының әкімдігі

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Жатақхана құрылысы аяқталып, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі балансына берілді. Студенттер орналастырылды. 

2025-2026 оқу жылында қабылданатын  студенттерді орналастыру жеке өтінішке  сәйкес ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі.

 

76.        

6 колледжде ағымдағы жөндеу жүргізу:

2023 ж. - 2 нысан;

2024 ж. - 2 нысан;

2025 ж. – 2 нысан.

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылға 7 колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Маңғыстау өнер колледжі –28 млн. тг.

Бейнеу гуманитарлық колледжі – 3,9 млн. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі -  18 млн. тг.

О. Тұрмағанбетұлы ат. Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі –5,5 млн.тг.

Маңғыстау туризм колледжі – 60 млн.тг.

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі – 25  млн.тг.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы ат. Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі – 199,1 млн.тг.

 

77.        

ТжКБ  ұйымдардың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде жеке меншік инвестиция есебінен нығайту:

2023 ж. - 1 колледж;

2024 ж. - 1 колледж;

2025 ж. - 1 колледж;

2026 ж. - 1 колледж;

2027 ж. - 1 колледж;

2028 ж. - 1 колледж;

2029 ж. - 1 колледж.

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіпорыны демеушілігімен «Луара» қоры арқылы  Мұрын жырау Сеңгірбекұлы ат. Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі құны 2 млн тұратын «Ақылды айна» алынды.  «NCOC» компаниясының демеушілігі есебінен Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде «Тігін өндірісі» құзыреттілік орталығы жабдықталды. Құны-15,8 млн тг

 

 

78.        

Пилоттық жоба режимінде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін ТжКБ ұйымдарындағы жұмысшы біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу:

2023-2025 ж.ж - 75 білім алушы;

2026-2029 ж.ж - 150 білім алушы.

 

2023-2029 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

Облыста 2 колледжде «Ақтау қаласындағы Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі», «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» «Тігінші», «Аспазшы», «Автокөлікті жөндеу слесарі», «Электр газбен дәнекерлеуші» біліктіліктері бойынша  қазіргі таңда 171 студент білім алуда.

Кәсіптік даярлық колледждер базасында және жалпы білім беретін пәндерді игеру дәстүрлі түрде жалпы білім беретін мектептер базасында өтеді.

Пилоттық жоба шеңберінде 2024-2025 оқу жылына 2 колледж базасында жұмыс біліктілігін алу үшін 105 жоғары сынып оқушылары қабылданды.

2025 жылы ақпан айында  пилоттық жоба бойынша 66 студент  оқуын аяқтады.

2025-2026 оқу жылына эксперименттік пилоттық жоба мерзімі аяқталғандықтан қабылдау жүргізілмеді.

 Қазіргі таңдағы білім алушылардың саны – 95.

 

79.        

ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі:

2023 ж.– 60%;

2024 ж. – 80%;

2025 ж. – 100%.

 

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2024 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты техникалық және технологиялық бағыттағы            10  техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдары (80%) 41 мамандық, 46 біліктілік бойынша WorldSkills стандарттары негізінде қорытынды аттесттаттауды демонстрациялық емтихан ретінде  өткізді. Демонстрациялық емтиханды 679 студент тапсырып, қорытындысына сәйкес студенттерге құзіреттілік паспорты берілді.

2025  жылы 12 мемлекеттік колледжде 24 мамандық  36 біліктілік бойынша 878 студент демонстрациялық емтихан тапсырды.

Сонымен қатар 4 жекеменшік колледжде 6 мамандық 8 біліктілік бойынша 62 студент демонстрациялық емтихан тапсырды. Меже 100% толық орындалды.

 

80.        

Ұлттық өнер түрлері бойынша «DalaSklills» чемпионатын өткізу

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылдың 28-30 сәуір аралығында «DalaSkills» өңіраралық чемпионаты өтті.

DalaSkills 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі ретінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды.

Чемпионатқа 7 өңірден (Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан,  Жамбыл, Атырау,  Қарағанды, Маңғыстау) 11 құзыреттілік бойынша 100 студент қатысты. Жалпы  чемпионатқа  200-ге жуық  адам қатысты.

 

81.        

Жергілікті атқарушы органдарда көзделген қаражат шеңберінде колледждерде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу:

2025 ж. – 10 білім алушы;

2026 ж. – 25 білім алушы;

2027 ж. – 35 білім алушы.

2028 ж. – 50 білім алушы;

2029 ж. – 70 білім алушы.

 

2025-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі академиялық ұтқырлық аясында 3 мамандық бойынша 6 студент, 4 арнайы пән оқытушысы  Франция елінен тағылымдамадан өтті.

Маңғыстау туризм колледжінің  4 курстың 2 студенті 6 айлық тәжірибеден  өтуде. Олар  Анталия қаласындағы «ASKA LARA RESORT&SPA» қонақ үйінде жұмыс жасап жатыр.

 

82.        

ТжКБ  ұйымдары  педагогтерін біліктілік арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. - 465 педагог;

2024 ж. - 200 педагог;

2025 ж. - 200 педагог;

2026 ж. - 460 педагог;

2027 ж. - 200 педагог;

2028 ж. - 200 педагог;

2029 ж. – 460 педагог.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

«НЗМ» АҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы «Талап» КеАҚ-нан 309 оқытушы біліктілік арттыру курстарынан өту жоспарланды, 100% орындалды.

42 оқытушы Өрлеу

 

83.        

ТжКБ ұйымдарының  басшылары мен орынбасарларын

менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту:

2023 ж. – 64 басшы;

2024 ж. – 15 басшы;

2025 ж. – 15 басшы;

2026 ж. – 64 басшы;

2027 ж. – 15 басшы.

 

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы жалпы саны 29 басшы оның ішінде басшы - 1 және басшы орынбасарлары- 28 өз біліктіліктерін «Талап» КеАҚ-ның білім беру бағдарламалары бойынша арттыратын болады.

Қазіргі таңда 15 басшы және оның орынбасарлары біліктілігін арттырды.

 

84.        

ТЖКБ  ұйымдары басшыларының кадрлық резервін құру

2023 ж. –  2 басшы;

2024 ж. – 2 басшы;

2025 ж. – 2 басшы ;

2026 ж. – 3 басшы;

2027 ж. – 3 басшы.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

Екі ТЖКБ  ұйымдары басшыларының кадрлық резервіне жоспар жасақталды.

 

85.        

ТжКБ ұйымдарына  педагог қызметіне  өндірістен мамандарды тарту  (арнайы пәндер  оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің  жалпы санынан,%):

2023 ж.– 38 (10,1%);

2024 ж. – 41 (12,1%);

2025 ж. – 46 (13,5%);

2026 ж.– 48 (13,8%);

2027 ж. – 50 (14,2%);

2028 ж. – 53 (14,6%);

2029 ж. – 56 (15%).

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша))

ОРЫНДАЛДЫ

Өңірімізде 14 мемлекеттік ТжКБ ұйымдарында  614 арнайы пән оқытушысы және өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Оның 78-і (12,7%) өндірістен тартылған мамандар.

 

86.        

ТжКБ ұйымдарында  мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитын студенттердің дуалды оқыту жүйесімен қамтылу үлесі:

2023 ж.– 25%;

2024 ж. – 28%;

2025 ж.  – 35%;

2026 ж. – 38%;

2027 ж.  – 39%;

2028 ж. – 39,5%;

2029 ж. – 40%.

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

2025-2026 оқу жылында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алатын студенттер саны 5 775 адамды құрады. Оның ішінде 2 287 студент жаңа оқу жылында дуальды оқыту бағдарламасына қабылданды. Дуальды оқытумен қамтылған, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі 35.3% құрады.

Сонымен қатар, дуальды оқытуды іске асыру мақсатында 62 мамандық және 77 біліктілік бойынша 258 кәсіпорынмен үшжақты келісімшарттар жасалды. Аталған көрсеткішті ұлғайту бағытында жұмыстар жалғасуда, жақын арада келісімшарттар саны одан әрі артады деп күтілуде.

 

 

87.        

Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес  құзыреттілік орталығын құру

(Маңғыстау туризм колледжі)

2025 ж. – 1.

2025 ж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы 2 колледж салалық халықаралық аккредиттеуден өтті.

1 колледж өту үстінде. Маңғыстау туризм колледжі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

88.        

ТжКБ ұйымдарында шағын кәсіпорындар құру арқылы коммерцияландыруды дамыту:

2023 ж. – 1;

2024 ж.  – 1;

2025 ж. – 1;

2026 ж. – 3;

2027 ж. – 3.

 

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер

палатасы

(келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау туризм колледжінің базасында ұн өнімдерін (бидай ұнынан ашытқан нан, бәліш өнімдері, жартылай фабрикаттар)

өндіру қолға алынды. Осыған байланысты колледж өнімдерін сатуға сертификатциялау жұмыстары жүргізілді.  «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалына сертификатциядан өтті.

 

 

89.        

Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін ТжКБ ұйымдарының жанынан бизнес-инкубаторлар құру:

2024 ж. – 1;

2025 ж.  – 1;

2026 ж. – 1;

2027 ж. – 1.

 

2024-2027 жж.

Білім басқармасы

 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау туризм колледжінен «Бублик» шағын кәсіпорны ашылды. Онда нан-тоқаш, кондитерлік және аспаздық өнімдер өндірісімен айналысады.

2025 жылдың 10 қаңтарында ресми түрде тіркелген кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері – қысқа мерзімді сақтауға арналған нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру болып табылады.

Сонымен қатар, кәсіпорын басқа топтамаларға кірмейтін өзге де азық-түлік өнімдерін өндірумен де айналысады.

 

90.        

Өзінің жеке кәсібін  ашқан студенттер саны:

2023 ж.– 12;

2024 ж. – 18;

2025 ж. – 22;

2026 ж. – 28;

2027 ж. – 31;

2028 ж. – 35;

2029 ж. – 40.

 

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

Өз кәсібін ашқан Қарақия кәсіптік колледж студенттері:

-Салатова Гүлдана  ЖК «Салатова» «Тігін өндірісі» ателье ашты.

-Базарбаева Арайлым ЖК «Базарбаева» Киім салоны

-Сембаева Куляш ЖК «Сембаева» Тігін өндірісі» ателье

-Сабытай Жанболат ЖК «Сабытай» Ауыл мал шаруашылығына арналған дайын жем шөп өндіру

-Иманғалиева Дәмелі ЖК «Несібе» Тігін өндірісі

-Керімханқызы Рысты ЖК «Рысты» Киім мен аксессуарлардың өзге түрлерін өндіру

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі

-      Уалиева Марина

Қазіргі таңда жеке кәсібін ашып, Түпқараған ауданы  Форт-Шевченко қаласы бойынша қолөнерге қызығушылығы бар  балаларға «Қолөнер» үйірмесін және шағын баспахана ашып, қазіргі таңда өз кәсібімен айналысып отыр.

-      Меңдіғалиева Әсел

жеке кәсібін ашып, оқудан бос уақытында Форт-Шевченко қаласы бойынша тапсырыспен киім тігіп, кәсібін айналдырып отыр. Wolldskills Ақтау-2023  өңірлік кезеңінің 3 орын иегері.

Жаңаөзен политехникалық колледжі

-      Бабабаджанов Токтар 

ЖК Машина бөлшектерді сату

-      Бердіғали Гаухар

Әлеуметтік желі арқылы(SMM) табады     

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды технипкалық корлледжі

-      Рзаева Асия

ЖК «Викалина Өзенә дүкені

-      Тлеукулов Наурызбек

ЖК «Тлеуколов» кафе

-      Жайланова  Акбопе

ЖК Акбопе сұлулық салоны

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

-      Оспанова Жанар

Тігін өндірісі

ЖК «Ж. Оспанова»

-      Мұханов Ермекбай

Тоңазытқыш-Компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау

ЖК «Е.Мұханов»

 

91.        

ТжКБ ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі:

2023 ж.  – 70%;

2024 ж.  – 72%;

2025 ж. – 75%;

2026 ж. – 75 %;

2027 ж. – 77%;

2028 ж. – 78%;

2029 ж – 80%.

2023-2029 жж.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Білім басқармасы

 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)

ОРЫНДАЛДЫ

2024 жылғы түлек саны 5798, оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен бітірген түлек саны 4319. Түлектердің мамандық бойынша жұмысқа орналасуы 72,6% - ды құрайды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі білім басқармасының бақылауында. Жыл ішінде бұл индикаторға жоспарлы мәнге қол жеткізілді (72%).

2025 жылғы  5949 түлек бітіру жоспарланды, оқуын толық  аяқтаған түлек саны 5779.

Қазіргі таңда жұмысқа орналасу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

 

92.        

Маңғыстау облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдары   арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум (Маңғыстау облысының прокуратурасы, Маңғыстау облысының әкімдігі және Маңғыстау облысының полиция департаменті) аясында 145 мектепке бекітілген Прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесе ақпараттық, құқықтық шаралар ұйымдастыру

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Облыстық прокуратура

Полиция департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Өңірімізде жасөспірімдер мен өзге де құқықбұзушылық тәуекелдері туралы ескерту, алдын алу және азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «QR - профилактика» жобасы іске асырылып, прокуратураның сенім телефоны мен мобильді топ тізімі көрсетілген. 

Барлық білім беру ұйымдарында буллингтің, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын-алу, балалардың қауіпсіздігі  жадынамалар шығарылып, білім беру ұйымдарының сайттарында, әлеуметтік желілерінде жарияланды.

 

93.        

Білім беру ұйымдарының басшыларымен, педагог қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша ай сайын семинарлар өткізу, арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге жариялау

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 05 ақпан күні Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл агеттігінің Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Ш.Шаменовпен  және Білім басқармасының басшысы А.Кумбаев  қатысуымен  барлық білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтері  арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DFsHwHBs9gP/?igsh=MWplbnIzcTRrOWxhZw==

https://www.facebook.com/share/v/166RuXoM9N/?mibextid=wwXIfr

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әр тоқсан сайын ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Т.Жұмағұловпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

94.        

Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес,  педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша тоқсан сайын есепті кездесулерін өткізу

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес,  педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша есеп беру кездесулерін тоқсан сайын өткізіп, сайттарына  жарияланып отырады

 

95.        

Білім саласы басшылары, ұстаздары және ата-аналарымен жиналыс өткізу барысында заңсыз ақшалай қаражат жинаудың алдын алу мақсатында НҚА таныстыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Білім саласы басшылары, ұстаздары және ата-аналарымен жиналыстарында  заңсыз ақшалай қаражат жинауға тыйым салынғандығы туралы ескертілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңсыз қаржат жинаудың алдын алу бойынша әр тоқсан сайын                                          ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Т.Жұмағұловпен бірігіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

96.        

Білім беру ұйымдарының фоелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтерді әзірлеу және жаңарту

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтерді әзірленді және жаңартылды

 

97.        

Білім беру ұйымдарындағы «Adal urpaq» ерікті клубтары мен «SANALY urpaq» студенттік клубтарының қызметіне мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау 

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысында 112 жалпы білім беру ұйымында жастарды парасаттылыққа, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды.

«Адал ұрпақ» клубының жұмысы білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасатты мінез-құлық үлгілерін таныту, құқық бұзушылық пен әділетсіздікке қарсы күресу сияқты мәселелерді шешуге бағытталған.

Аталған бағытта ұйымдастырылған шараларға 66094 білім алушы қамтылды.

-2024 жылғы 13 желтоқсанда ТжКОБ ұйымдарында жастардың бойында рухани - адамгершілік және азаматтық-патриоттық смезімін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «SANALY URPAQ» клубы мүшелерінің облыстық слеті өтіп, іс-шараға барлығы 200-ге жуық студенттер мен жетекші мамандар қатысты.

       Білім беру ұйымдарында  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, адалдық пен парасаттылық мәдениетін ілгерлетуге бағытталған «Адалдық өзімнен басталады» атты апталық аясында                           іс-шаралар ұйымдастырылды.

        Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтіретін зияны, адалдық мәдениетін қалыптастыру жолдары және заңнамада қарастырылған жауапкершілік түрлерін талқылау мақсатында жоспарлы түрде педагогтер арасында жиналыстар өткізілді.

Сынып жетекшілер тарапынан ата-аналар чаттарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық бейнеролик жолданып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосылды.

       Ата-аналар комитеттерімен және мектеп кеңестерімен өткізілген кездесулерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мектепте ашықтықты қамтамасыз ету, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды. Ата-аналар тарапынан адалдық құндылықтарын отбасында нығайтуға қатысты ұсыныстар қабылданды.

      Білім алушылардың қатысуымен:«Адалдық өзімнен басталады» тақырыбында эссе байқаулары ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, адалдықтың адам өміріндегі рөлі туралы шығармашылық көзқарастарын ұсынды.

 «Адалдық – адам бойындағы асыл қасиет» тақырыбындағы бейнероликтер байқауында оқушылар шағын бейнероликтер дайындап, адалдық пен жауапкершіліктің маңызын түрлі жағдаяттар арқылы көрсетті. Бейнероликтер арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет кеңінен насихатталды.

Жоғары сынып оқушыларының қатысуымен дебаттар, пікірсайыстар өткізілді. 

Оған  4500-ден астам  оқушы, 1595 педагог,  950- ден астам ата-ана қамтылды.

 

98.        

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау жөніндегі республикалық кең ауқымды акцияларға қатысу 

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау бойынша  27.12.2025 жылы «Ашық есік» күнін өткізу жоспарланды.

Жоспар бойынша 2029 жылға дейін,

 

99.        

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын бекіту

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын бекітілді, білім басқармасының сайтына орналастырылды, https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/documents/details/908553?lang=kk

Жоспар бойынша 2029 жылға дейін,іс шара жалғасын таба береді.

 

100.    

Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімін өзектендіру

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім басқармасының ресми интернет ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттар жарияланып отырады (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/documents/details/796504?lang=kk).

 

101.    

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің TEDx форматында әртүрлі салаларда жетістікке жеткен спикерлерді шақыра отырып кездесулер өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылғы 5-7 қараша күндері облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастармен қатар Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия елдерінен келген барлығы 150 жас көшбасшының қатсуымен өткен «Aktau Youth Forum» халықаралық жастар форумы аясындағы
«Серпіліс», «Сана», «Саулық», «Сауат» бағыттары бойынша панельдік сессиялары, семинар-практикумдары мен воркшоптарға колледж студенттері қатыстырылды. Жастардың рухани, интеллектуалды және әлеуметтік әлеуетін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға үлес қосу мақсатында өткен бұл ауқымды форумға қатысқан Дана Нұржігіт, Өркен Кенжебек, Нұрлан Байжігітұлы, Тимур Бектұр, Дина Төлепберген, Данияр Жігітбек, Айкерім Есенәлі және өз саласында жетістікке жеткен өзге де спикерлер жастарға ерекше мотвациялық рух берді.

 

102.    

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер жұмысына мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысында 152 күндізгі мектеп бар, аталған барлық мектептерде қамқоршылық кеңес бар. Мектептің оқу-тәрбие ісіне белсене араласады. Қамқоршылық кеңесінің отырыс хаттамалары мектептердің сайттарында орналасқан.

 

103.    

Агенттіктің аумақтық департаменті өкілінің білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде кездесуі, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

ҚР қызмет істер жөніндегі Маңғыстау  облысы бойынша департаментінің  басшысы Т.Жұмағұлов  білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесіне қатысты,  білім саласының интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жарияланды. https://www.instagram.com/reel/DN21IGc0MBa/?igsh=MTc5aGk0Y2hpZGZjeQ==

 

104.    

Адалдық пен Академиялық адалдық мәселелеріне арналған "Адалдық сағаты" бірыңғай сағатын өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Адалдық – азаматтық белгісі», «Болашақ - жастардың қолында» тақырыптарында сурет байқаулары, сынып сағаттары, дебаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, оған 4000-нан астам  оқушы, 1495 педагог,  900- ден астам ата-ана қамтылды.

 

105.    

Республика күніне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқушылар мен студенттер арасында дебат турнирін өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал колледж», «Академиялық адалдық және парасаттылық» сағаттары, «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Адалдық – адамдықтың белгісі», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Маңғыстау – Адалдық алаңы», «Пара берсең, жазаланасың!», «Болашақты жобалаймыз», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту», «Сыбайлас  жемқорлық-қоғам дерті», «Ұлттық код – рухани болмыс кілті», «Ұлттық код – ата-баба аманаты», «Құқықбұзушылық және жасөспірім», «Жемқарлық  індет, жою міндет», «Сыбайлас  жемқорлықпен күрес -бүгінгі күндегі басты мәселе», «Еңбегі  өшпес  тұлға» тақырыптарында бейнеролик байқаулары, челлендждер, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, эссе байқаулары, көрмелер, слеттер, кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, акциялар, дебаттар, ашық есік күндері, пікірталастар, танымдық сағаттар, байқаулар, сонымен қатар, «Таза сессия» апталық шарасы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық  науқаны, т.б. акциялар

жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырады.

 

                             

 

 

 

Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ 2025 ж. ІV тоқсан
Дата публикации
03 апреля 2026