Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ 2025 ж. ІІІ тоқсан

Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ 2025 ж. ІІІ тоқсан

№

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты

Орындалысы

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

 

 

 

1.           

Кезектіліктің ұлғаюын ескере отырып, жекеменшік балабақшаларда 21 445 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 2 970 орын;

2024 ж. – 4 265 орын;

2025 ж. – 4 410 орын;

2026 ж. – 2 300 орын;

2027 ж. – 2 400 орын;

2028 ж. – 2 500 орын;

2029 ж. – 2 600 орын.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері

Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша аймақтық жол картасына сәйкес, 2025 жылы 4410 жаңа орын іске қосу жоспарланды. Бүгінгі таңға дейін барлығы 1671 орындық 24 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды           (4 балабақша 145 орынға кеңейтілді).

Бейнеу ауданы:262 орын (3+1)

Түпқараған: 120 (1)

Мұнайлы: 437 (5+3)

Жаңаөзен: 60 (1)

Ақтау қаласы -792 (10) 

 

2.           

Жекеменшік балабақша санын арттыру:

2023 ж. – 15;

2024 ж. – 16;

2025 ж. – 17;

2026 ж. – 18;

2027 ж. – 19.

2023-2027 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Білім басқармасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)

Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша аймақтық жол картасына сәйкес, 2025 жылы 4410 жаңа орын іске қосу жоспарланды. Бүгінгі таңға дейін барлығы 2024 орындық 30 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды.           Оның ішінде, 1819 орындық 25 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жаңадан ашылып, жұмыс жасап тұрған 5 балабақша 205 орынға кеңейтілді (Ақтау 10 бб, Жаңаөзен 1 бб, Бейнеу 6 бб, Қарақия – 1 бб, Мұнайлы 8 бб, Түпқараған 4).

 

3.           

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

2023 ж. – 87,8%;

2024 ж. – 90%;

2025 ж. – 97%;

2026 ж. – 98%;

2027 ж. – 99%;

2028 ж. – 100%.

2023-2028 жж.

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері

Маңғыстау облысында 47 248 баланы қамтитын 430 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік 140 бірлік , жеке меншік 290 бірлік. 

Сондай-ақ, мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында 9160 оқушы, Барлығы 56 408 бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мен қамтылды. Кезекте 2-6 жас аралығында – 6052 бала, 1-6 жас аралығында – 12371 бала.

Қазіргі таңда 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту көрсеткіші 94%-ды құрайды.

 

4.           

11 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізу (реновация):

2023 ж. – 1 нысан;

2024 ж. – 1 нысан;

2025 ж. – 1 нысан;

2026 ж. – 1 нысан;

2027 ж. – 1 нысан;

2028 ж. – 1 нысан;

2029 ж. – 1 нысан.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Осыған дейін Бейнеу ауданының «Атамекен» бөбекжайының күрделі жөндеуі  жоспарланған болатын. Қазіргі таңда МЖӘ жобасына ұсынылды.Сатып алу Конкурсын облыстық қаржы басқармасы өткізеді. Құжаттары рәсімделуде. Сонымен қатар,  Бейнеу ауданының «Балдырған» бөбекжайының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат 501 млн теңгені құрайды. Жеңімпаз «НұрЖолқұрылыс» ЖШС-гі 466,1 млн теңгеге келісім-шарт жасалды. Жөндеу жұмыстарының 100% жүргізіліп, жұмысы аяқталды.

 

5.           

Мектепке дейінгі ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

50 мемлекеттік балабақшада пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны жабдықтау және балабақша аумағын абаттандыру:

2023 ж. – 5 бб;

2024 ж. – 5 бб;

2025 ж. – 5 бб;

2026 ж. – 5 бб;

2027 ж. – 10 бб;

2028 ж. – 10 бб;

2029 ж. – 10 бб.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

 

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы Қарақия ауданындағы Жауқазын балабақшасына материалдық-техникалық базасын нығайтуға 14 млн.теңге бөлініп, толықтай игеріліп, жеткізу жұмыстары аяқталды және Жаңаөзен қаласының 4 балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 223,6 млн.теңге қаражат бөлінді.

Арай, Балдырған, Айгөлек, Шынар балабақшаларының жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

 

6.           

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлердің әдістемелік кабинеттерінің жанынан 8 мобильдік топ құру

2023ж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысының 37 тармағына сәйкес Маңғыстау облысында оқу-әдістемелік орталығының сондай-ақ, білім бөлімдері әдістемелік орталықтарының  жанында балаларды ерте дамыту мәселелері жөніндегі барлығы 8 мобильді топ құрылды. Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету және қолдау мақсатында білікті меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер, педагог-психологтер мобильдік топ құрамына кірді. Мобильді топтардың қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын және қызметті ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын талап ете отырып жүзеге асырылады.

 

7.           

Мектепке дейінгі білім беру объектілерін қосымша бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру:

2023 ж. – 280 дана;

2024 ж. – 280 дана; 

2025 ж. – 280 дана;

2026 ж. – 280 дана;

2027 ж. – 280 дана;

2028 ж. – 280 дана;

2029ж. – 280 дана.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

Цифрлық технологиялар басқармасы

Полиция департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан бейнебақылау камераларымен қамтылған. Балабақшада – 10957 (аналогты - 3895, цифрлық – 7062);

 

 

8.           

Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі:

2023 ж. – 56%;

2024 ж. – 58%;

2025 ж. – 60%;

2026 ж. – 62%;

2027 ж. – 64%;

2028 ж. – 67%;

2029 ж. – 70%.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда 4901 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 4865 (98,7%) педагогтің мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандығы бойынша дипломы бар. Педагог-модератор – 1507, педагог-сарапшы – 147, педагог-зерттеуші – 45, педагог-шебер-0

 

9.           

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. – 855 педагог;

2024 ж. – 800 педагог;

2025 ж. – 800 педагог;

2026 ж. – 800 педагог;

2027 ж. – 850 педагог;

2028 ж. – 900 педагог;

2029 ж. – 900 педагог.

 

 

2023-2029 жж.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

Балаларды ерте дамыту институты

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Мектепке дейінгі білім беру департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 342, «Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы кәсіби даму институтында 190, Балаларды ерте дамыту институтынан 117 педагог курстан өтті. Маңғыстау облысы білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында "Игі жастар" қоғамдық қорында 120 педагог біліктілігін арттырды. Барлығы 769 педагог.

 

10.        

«Маңғыстау облысының үздік мектепке дейінгі ұйымдар желісі» жобасын жүзеге асыру

2024-2029 жж.

Білім басқармасы

Биылғы жылы қаражат қарастырылмаған.

 

 

ОРТА БІЛІМ БЕРУ

 

 

11.       2

15 үш ауысымды мектепте 4000 орын тапшылығын толық жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 21 мектеп (22900 орын) құрылысын салу:

- 2024 жылы 13 мектеп құрылысы,

- 2025 жылы 8 мектеп құрылысын пайдалануға беру.

2023-2025 жж.

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Бюджеттік жоспарлау департаменті

2025 жылғы қыркүйекте облыста 3 апатты және 3 үш ауысымда оқытатын мектеп бар, оқушы орындарының тапшылығы  7 мыңды құрайды.

2025 жылы:

- «Келешек» ұлттық жобасы аясында 11 100 орындық 12 мектеп (Ақтау қаласы – 5, Жаңаөзен қаласы – 1, Бейнеу ауданы – 2, Мұнайлы ауданы – 3, Маңғыстау ауданы – 1) пайдалануға берілді. Қалған 1 мектеп (Ақтау қаласы 16 шағын ауданы) жыл соңына дейін, Ақтау қаласында 1500 орындық тағы да 1 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда;

Осы нысандардың іске қосылуымен 7 мектептің үш ауысымды оқытуы жойылып,10 үш ауысымды мектеп 3 бірлікке қысқарды.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта 18,8 мың оқушы орны бар 8 мектептің (екі ауысымда) құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

 

12.        

Мектептерде орын тапшылығын азайту үшін 6460 орындық          7 мектеп құрылысын және 1225 орындық 5 мектепке қосымша құрылысты пайдалануға беру:

2024 жылы:

- 425 орындық 2 қосымша құрылыс (Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов мектебі - 300 орындық, М. Горький мектебі - 125 орын);

- 3600 орындық 3 мектеп (Ақтау қаласы 18 ш/а, 19 «а» ш/а, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы «Алау» ш/а)

 

- 200 орындық 1 қосымша құрылыс (Маңғыстау ауданы А.Меңдалыұлы мектебі - 200 орын);

- 1200 орындық 1 мектеп (Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 ауылы).

 

2025 жылы:

- 1660 орындық 3 мектеп (Маңғыстау ауданы Бекі ауылы, Тұщыбек ауылы, Түпқараған ауданы С.Шапағатов ауылы);

- 600 орындық 2 қосымша құрылыс (Жаңаөзен қаласы №№ 18, 21).

 

2023-2027 жж.

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Бюджеттік жоспарлау департаменті

Ағымдағы жылғы                           қыркүйектегі жағдай бойынша 3 апатты және 3 үш ауысымда оқытатын мектеп бар, оқушы орындарының тапшылығы  7 мыңды құрайды.

Басқа көздер есебінен («Ауыл – ел бесігі» – 2, жергілікті бюджет – 1) 1,5 мың оқушы орны бар 3 мектепке қосымша құрылыс пайдалануға берілді (Жаңаөзен қаласы – 1, Маңғыстау ауданы – 1, Түпқараған ауданы – 1).

Сонымен қатар, Түпқараған ауданында жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен 1200 орындық 1 мектеп пайдалануға берілді.

 

 

13.        

30 мектептің спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу:

2023 ж. – 6 мектеп;

2024 ж. – 6 мектеп;

2025 ж. – 6 мектеп;

2026 ж. – 6 мектеп;

2027 ж. – 6 мектеп.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 73,4 млн.тенге бөлінді. Оның ішінде, Мұнайлы ауданындағы 5 мектепке (№4, 7, 8, 12, 14 мектеп) 63,6 млн.тенге,  Бейнеу ауданындағы Опорный мектепке 9,7 млн.тенге бөлінді, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

 

14.        

29 мектептің спорт алаңдарына жаңарту:

2023 ж. – 5 мектеп;

2024 ж. – 6 мектеп;

2025 ж. – 6 мектеп;

2026 ж. – 6 мектеп;

2027 ж. – 6 мектеп.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы спорт алаңдарына жаңарту жұмыстарын жүргізуге 6 мектепке 69,2 млн.тенге жоспарланды, қазіргі таңда жаңарту жұмыстары аяқталды.

 

15.        

Шағын қалалар мен ауылдардағы жалпы білім беретін мектептерді жаңғырту (жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базасын нығайту және  пәндік кабинеттермен қамту):

2023 ж. – 20 мектеп;

2024 ж. – 20 мектеп;

2025 ж. – 20 мектеп.

2023-2025 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 

ОРЫНДАЛДЫ

«Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 20 ауыл мектебін жаңғыртуға 680 млн.тенге бөлінді. Оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 340,0 млн.тенге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 340,0 млн.тенге. Қазіргі таңда, ағымдағы жөндеу жұмыстары және материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары толық аяқталды.

 

16.        

Мектептерде 275 робототехника, химия, биология физикасы, STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу:

2023 ж. – 70 (5 робототехника, 20 химия, 20 физика, 20 биология, 5 STEM);

2024 ж. - 22 (8 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 8 STEM);

2025 ж. - 27 (7 робототехника, 4 химия, 4 физика, 4 биология, 8 STEM);

2026 ж. – 32 (8 робототехника, 5 химия, 5 физика,  5 биология, 9 STEM);

2027 ж. – 35 (7 робототехника, 7 химия, 7 физика, 7 биология, 7 STEM);

2028 ж. - 36 (15 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 15 STEM);

2029 ж. - 53 (15 робототехника, 8 химия, 8 физика, 7 биология, 15 STEM).

2023-2029 жж.

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы 27 физика, химия, биология, робототехника, STEАM пәндік кабинеттерін сатып алу жоспарланды. Оған 158 млн.тенге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда, пәндік кабинеттер сатып алып, орнатылды.

 

17.        

106 мектепті бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру:

2023 ж. – 14 мектеп;         

2024 ж. – 14 мектеп; 

2025 ж. – 15 мектеп;

2026 ж. – 15 мектеп;

2027 ж. – 16 мектеп;

2028 ж. – 16 мектеп;

2029 ж. – 16 мектеп

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Цифрлық технологиялар басқармасы

Полиция департаменті

 

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылы үнемдеоген қаражат есебінен 15 мектепке бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру жоспарланды. Қазір таңда сатып алу рәсімдері аяқталды.

 

18.        

100 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген, жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтылған орта білім беру ұйымдарының санын арттыру:

2023 ж. – 30 мектеп;

2024 ж. – 40 мектеп; 

2025 ж. – 50 мектеп;

2026 ж. – 60 мектеп;

2027 ж. – 70 мектеп;

2028 ж. – 80 мектеп;

2029 ж. – 90 мектеп.

2023-2029 жж.

Цифрлық технологиялар басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 

Маңғыстау облысының барлық 152 мектеп интернетке 100% қосылды.

Сондай-ақ, 3 мектепте Starlink орнатылды.

106 мемлекеттік мектепте интернет жылдамдығы 100 мб/с жоғары. 

 

19.        

Педагог кадрлардың орын тапшылығын төмендету:

2023 ж. – 25 орын;

2024 ж. – 19 орын;

2025 ж. – 10 орын.

 

2023-2025 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің  Педагог кадрлармен жұмыс басқармасы 

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

2025-2026 оқу жылы облыс бойынша білім беру ұйымдарына 718 жас маман қабылданды. Олар: Ақтау қаласы – 212, Бейнеу ауданы-50, Жаңаөзен қаласы-186, Қарақия ауданы-40, Маңғыстау ауданы-35, Мұнайлы ауданы-124, Түпқараған ауданы-71. 

Қазіргі таңда, облысы бойынша білім беру ұйымдарында орыс сыныптарға арналған 52 мұғалім жетіспейді.

Олар: Ақтау қаласы – Математика пәні мұғалімі 9, физика пәні мұғалімі 2, химия пәні мұғалімі 2, география пәні мұғалімі 2, тарих пәні мұғалімі 5, бастауыш сынып мұғалімі 12;

Жаңаөзен қаласы - Математика пәні мұғалімі 10, физика пәні мұғалімі 2, химия пәні мұғалімі 2, Биология пәні мұғалімі 2, география пәні мұғалімі 2;

Түпқараған ауданы – Математика пәні мұғалімі 1, бастауыш сынып мұғалімі 1.

Аталған қажеттіліктерді жою мақсатында облысымызда еліміздің үздік педагогтерін өңірімізге тарту бойынша арнаулы бағдарлама іске қосылды. Еліміздің жоғарғы оқу орындарына педагог мамандарға қажеттілік бойынша хат жолданып, мамандарды өңірімізге тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, келетін мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы тұрғын үй сатып алу және салу үшін кредит, бір жолғы көтерме жәрдемақы беру қарастырылған.

 

20.        

Облыстың білім беру ұйымдары педагогтерін біліктілікті арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. – 6 699;

2024 ж. – 7 000 ;

2025 ж. – 7 100;

2026 ж. – 7 200;

2027 ж. – 7 400;

2028 ж. – 7 500;

2029 ж. – 8 000.

2023-2029 жж.

 «Өрлеу» ҚР БАҰО АҚ

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО

Білім басқармасы

Қазіргі таңда 9711 педагог курстан өтті. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО (Отпан жобасы) – 2730, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО-465, 943-елдің мақсатты мектептерін дамыту жобасы аясында – 2092, «Өрлеу» ҚР БАҰО АҚ – 3223, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы – 13, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығынан – 100, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы – 74  қосымша білім беру педагогі біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – 309; «Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы Кәсіби даму институтынан – 42 педагог біліктілігін арттырды.

«Қолдау орталығы» жекеменшік мекемесі «InBilim» жобасы аясында 150  арнайы білім беру ұйымдарының  мамандары  курсқа қатысты.

Ақылы негізде: Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында – 488, «Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы Кәсіби даму институты – 25 педагог курстан өтті.

 

21.        

Менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында кадр резервіндегі жалпы білім беретін мектеп басшыларының 250 орынбасарын оқыту:

2023 ж. – 20 орынбасар;

2024 ж. – 30 орынбасар;

2025 ж. – 40 орынбасар;

2026 ж. – 50 орынбасар;

2027 ж. – 60 орынбасар;

2028 ж. – 20 орынбасар;

2029 ж. – 30 орынбасар.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Қазіргі таңда Білім беруде көшбасшылардың кадр резервін құру мақсатында «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасы аясында педагогтердің өтініші қабылданып, Қазіргі таңда 13 педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында курстан өтіп жатыр.

 

22.        

Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Құқықтық сауаттылық» жобасын жүзеге асыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

2025 жылы «Қаржылық сауаттылық» біліктілікті арттыру курсына 159 педагог оқыды. 

 

23.        

Жалпы  білім беретін  мектептердің  директорларының тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарларына, мұғалімдеріне, психологтарына  жас мамандарына  жетекшілік  етуге  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырысты  орналастыру. (Бағдарламалар бойынша  қосымша  білім беру курстары: «Ұйымдағы  зорлық зомбылықтың  алдын алу», «Қолайлы  білім беруді  қамтамасыз ету»

2023-2025 жж..

Білім басқармасы

Үйдегі зорлық-зомбылыққа, буллингке және вандализмге қарсы профилактикаға қатысты. Білім беру жүйесінде балаларды зорлық-зомбылық пен қудалаудан қорғауға арналған құқықтық және әдістемелік құралдар енгізілген.

Мәселен, заңнамалық деңгейде «қудалау (буллинг)» ұғымы енгізілді, Буллингтің алдын алу ережелері бекітілді, әкімшілік жауапкершілік күшейтілді (2025 жылғы 10 ай ішінде 48 әкімшілік іс тіркелді).

KiVa (110 мектепте) және «ДосболLIKE» (2025 жылғы қыркүйектен бастап барлық мектептер мен колледждерде енгізілген) антибуллингтік бағдарламалары іске асырылуда. Буллинг пен зорлық-зомбылықты ерте анықтау әдістемесі бес министрліктің бірлескен бұйрығымен бекітілді (21.12.2023 ж. № 386).

 2025 жылы 219 балаға көмек көрсетілді.

Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде – 431 педагогы оқудан өтті.

«111» байланыс орталығы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды (10 айда  391 өтініш келіп түсті). Өңірлік Психологиялық қолдау орталықтары 219 балаға және 134 ата-анаға көмек көрсетті.

Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу сондай-ақ ата-аналар комитеттері, АПҚО және мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастыратын медиакампаниялар арқылы жүзеге асырылады.

 

24.        

Білім беру ұйым  басшыларның  кадрлық  резервін  қалыптастыру.

үнемі

Білім басқармасы

 «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасын ұйымдастыру мақсатында облыс бойынша 14 педагог кадр резервіне қабылданды

 

 

25.        

«Позитивтік  мәдениетке  тәрбиелеу» тақырыбында педагог   тәрбиешілерге арналған  вебинарлар  және  аймақтық  семинарлар өткізу.

2023-2024 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия

Білім басқармасы

------

 

26.        

Ата- аналар академиясы жобасын  жүзеге асыру

2023-2025 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия

Білім басқармасы

2023-2024 оқу жылынан бастап өңірде барлық білім беру ұйымдарында балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс жасайды. Құрылған орталықтар республикадан келген бағдарламаға сәйкес мектеп-ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде.

 2025 жылдың 24 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен “Әкелер Одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының «Білім беру ұйымдарында жастар мен мұғалімдер, ата-аналары арасында тәрбие беру» жобасы аясында келісілген меморандумның іс-шаралар жоспарына сәйкес, отбасында рухани адамгершілік қолдау берудегі әке рөлін нығайту, рухани-моральдық, мәдени-спорттық, тәрбиелік іс-шараларды қолдауды дәріптеу, біріге ұйымдастыру мақсатында Маңғыстау облыстық әкелер кеңесінің отырысы өтті. Шараға білім беру ұйымдарынан 126 әке қатысты.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/p/16DUFj8ARW/

2025 жылдың 31 наурыз - 2 сәуір күндері аралығында білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық аудан, қалаларда «Ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастық: Баланың жетістігін бірге арттыру» тақырыбында форум ұйымдастырылды.

Ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім беру процесін жақсарту, баланың жетістігін бірге арттыру мақсатында өткен форумға 1448 ата-ана қатысты. Сонымен бірге аудан, қалаларда өткізілген Форум жұмысына елімізге танымал сарапшылар мен сала мамандары, жергілікті әкімдік мамандары ат салысты. 

Форум аясында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар ата-ана, мектеп және бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру бағытында пікір алмасу жұмыстарын жүргізсе, педагог-психологтер «Ұрпақ тәрбиесі баршаға ортақ», «Бірге шешейік» тақырыптарында психологиялық тренингтер өткізді, сынып жетекшілер «Баланың оқу жетістіктерін қалай арттыруға болады?» тақырыбында оқушылардың оқуына, тәрбиесіне байланысты мәселелерді талқылап, ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты тиімді әдістерді ұсынды.

Сілтемелері: https://www.facebook.com/share/r/15Bbq3ghyK/;  

https://www.facebook.com/share/v/18QM5J6Az1/

2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, ер азаматтардың бала тәрбиесіне белсене араласуын қолдау және қоғамда жауапты әкелік ұғымын нығайту арқылы өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп, берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Жақсы әке – жарқын болашақ» тақырыбында облыстық әкелер форумы өтті. Ауқымды шараға облыс көлеміндегі балабақша, мектеп және колледждерден 199-дан астам әке қатысты.

Форум барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары                    А. Өрісбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, ер-азаматтардың отбасындағы тәрбие мен тұлғалық қалыптасудағы миссиясына ерекше тоқталып өтті.

Сондай-ақ, форумға Маңғыстау облыстық әкелер одағының төрағасы Қонарбаев Аллаберген Азербайжанұлы, Қарақия ауданының Әкелер одағының мүшесі, еңбек ардагері Байесенов Мүсір Байесенұлы және халық ақыны Қаржаубай Рейімбайұлы арнайы қатысып, қатысушылармен ашық пікір алмасып, өмірлік тәжірибе мен тәрбиелік мәні зор әңгімелерімен бөлісті.

Форум аясында мектеппен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, бала тәрбиесіне белсене араласқан бірқатар әкелер арнайы марапатқа ие болды.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/v/1G8shaZckR/

Ата-аналар комитетінің қызметін трансформациялау аясында                               2025 жылдың 25 қыркүйегінде Маңғыстау облысының білім басқармасының қолдауымен «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау арқылы серіктестікке тарту» тақырыбында облыстық ата-аналар форумы ұйымдастырылды. Қатысушылар саны: 80-нен астам.

Форум жұмысына Ақтау қаласының мектеп директорлары, педагогтер, аудандық, қалалық ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шара барысында жас ұрпақ тәрбиесіне, ата-аналардың қоғамдағы рөліне және мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, ата-аналар форумы мектепішілік, аудандық және қалалық деңгейлерде ұйымдастырылды. Қатысушылар саны: 8000-ға жуық. Форум жұмыстары барысында ата-аналар комитетінің белсенділігін арттыру, мектеп пен отбасының өзара серіктестігін нығайту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

Әр деңгейде өткізілген форумдарда ата-аналар комитетінің жаңа құрамдары бекітіліп, төрағалары мен мүшелері сайланды. Бұл қадам ата-аналар комитетінің жұмысын жаңаша форматта ұйымдастыруға, мектептің дамуына серіктес болатын белсенді ұйымға айналдыруға бағытталды.

Сайланған ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелеріне оқу-тәрбие процесіне қолдау көрсету, оқушылардың тәрбиесіне қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға қатысу, ата-аналар мен педагогтер арасында тиімді диалог орнату, сондай-ақ мектептің стратегиялық даму бағыттарына үлес қосу міндеттері жүктелді.

Облыстық деңгейде өткізілген форумда қатысушылар білім беру жүйесінде қолданылып жатқан жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, оның оқу-тәрбие процесіне ықпалы жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге, жастардың кітап оқуға қызығушылығының төмендеуі және ақпарат тасқынында адасу қаупі жайында өзекті ойлар айтылды.

Сонымен бірге «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Даналық мектебі» жобасының тәжірибесі таныстырылды. Бұл жобалар оқушылардың құндылықтарға негізделген тәрбиені қалыптастыруға, ата-аналар мен педагогтердің серіктестігін нығайтуға бағытталған.

Форумда ата-аналар комитетінің жұмысын жаңаша бағытта трансформациялау қажеттілігі баса айтылды. Бұл өзгерістер ата-аналарды мектептің даму үдерісіне серіктес ретінде тартуға, оқу-тәрбие жұмысына белсенді араластыруға, психологиялық және педагогикалық қолдау алаңдарын құруға бағытталатыны атап өтілді.

Шараның маңызды бөлігі ретінде облыстық ата-аналар қоғамдастығының төрағасы сайланып, оның қызметі ата-аналардың бастамаларын қолдау мен мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді араласуды үйлестіруге бағытталатыны айтылды. Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау, заң мен тәртіпті сақтау, бала денсаулығын нығайту мәселелеріне де назар аударылды.

Форум соңында қатысушылар еркін пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

 

27.        

«Жасөспірімдердің  психологиялық тұрақтылығы» тақырыбында  ғылыми –педагогикалық зеттеулер  жүргізу.

2023-2025 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Білім басқармасы

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтері жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын анықтау мақсатында (білім алушылардың сыныпқа бейімделуі және олардың бойындағы мазасыздықты, үрей, стресстік жағдайларды анықтау) диагностикалар жүргізді. Жүргізілген диагностика қорытындысында оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану сезімдерінен арылуына, психикалық денсаулық және дағдарыс жағдайындағы білім алушыларға көмек көрсету, бойларында сенімділік пен тұрақтылықты орнатуға бағыт бағдар беру, уақыттың маңыздылығын ұғындыру мақсатында ақпараттық ағарту іс-шаралары, тренингтер, дәрістер, спорттық ойындар, дөңгелек үстел, суреттер байқауы, ата – аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды Оның ішінде Психологиялық қолдау орталығының тарапынан  Ағымдағы жылы сәуір айында  аутодеструктивті (суицидтік)                     мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндік ұйымдастырылып, шараға                         59 000 оқушы,  3952 ата-ана, 18 728 педагог қамтылды.

         Ағымдағы жылы жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқын анықтау үшін 170 (145 мектеп, 25 колледжде) білім беру ұйымында  психологиялық диагностика жүргізіліп, 33 513 білім алушысына                          (34 476 оқушы, 3037 студент) психологиялық диагностика жүргізілді.

        Барлығы - 2097 білім алушының психологиялық-эмоционалдық жағдайы тұрақсыз жағдайда екендігі анықталып, бақылауға алынды.

       Аталған санаттағы балалармен психологтердің жүргізген   жеке сұхбаттың және қосымша жасалған психологиялық диагностиканың нәтижесінде 597 білім алушының психо-эмоционалдық жағдайы қалыпқа келтірілді.

       Бұдан басқа суицид пен буллингтің алдын алу бағытындағы жоспарлы іс-шараларға  36 000 (6000 ата-ана, 30 000 білім алушы)                     ата-ана және білім алушы қатысты.

          Сонымен қатар  кәмелетке толмағандардың арасында суицидтің алдын алуда «Психологиялық қолдау орталықтарын» іске қосу және білім беру ұйымдарында антибуллингтік бағдарламаларды енгізу» бойынша жобалық кеңсесі іске қосылды. Оған барлығы 10 мектеп          (Ақтау қаласы бойынша 7 мектеп,   Жаңаөзен қаласынан 1 мектеп, Мұнайлы ауданынан 1 мектеп, Түпқараған ауданынан 1 мектеп) енді.

         Бұл жоба аясында 75 маман арнайы бағдарлама бойынша оқытылып, сертификаттарын алды.

         Ағымдағы оқу жылында білім беру ұйымдарындағы буллингтің және аутодеструктивті әрекеттерге барудың алдын алу шараларымен   174 білім беру ұйымы (149 мектеп, 25 колледж) қамтылды.

Шараға (оның ішінде 19 378 оқушы, 9905 ата-ана,  7077 педагог) 36 360 адам қатысты. Облыс бойынша ағымдағы жылдың наурыз, сәуір айларында облыстық прокуратура, полиция департаментімен,  облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының, бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілмен бірге кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, құқықбұзушылықтың, суицидтің, лудоманияның алдын алу жиналыстары  өтіп, әлеуметтік желілерге жарияланды.

 

 

                                                                                          БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ

 

28.        

Облыстың білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысуы (ББЖМ)

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

Білім басқармасы

2024-2025 оқу жылында 84 білім беру ұйымында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізілді. Мониторингке   5 754 білім алушы қатысты. Нәтижелері осы жылдың соңында ұсынылады.

 

 

29.        

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын кешенді дамыту

2023 ж.

 «Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

Білім басқармасы

Оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Білім сапасын бағалау жөніндегі ұлттық зерттеу орталығы» АҚ бірлесіп, «PISA – 2022» қорытындысына сәйкес,  жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар, әр білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізді. 

Пәндерді оқытудың сапасын арттыру, инновациялық оқыту әдістерін енгізу мақсатында үздік педагогтер мен пән мұғалімдері қауымдастығының жобалары жалғастырылуда.

 

 

30.        

Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математикалық циклы пәндері мен ағылшын тілін оқыту қарқындылығын, сапасын күшейту

2024-2029 жж.

Білім басқармасы

«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша ағылшын тілінде оқыту

БИЛ,ЖБИЛ -ден  басқа  білім  беру  ұйымдарынан басқа  мектептерде  тоқтатылды.

 

31.        

Маңғыстау облысының білім беру қызметін кешенді зерттеу

2024-2025 жж.

«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ

Білім басқармасы

13-24  қазан аралығында барлық  білім  беру  ұйымдарына  зерделеу  жасалып,  әдістемелік  көмек  берілді.

 

32.        

Жаңаөзен қаласының 6 мектебінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқу-әдістемелік, кәсіптік бағдар беру тәжірибесін енгізу

2023-2025 жж.

Жаңаөзен қаласы әкімдігі

«Өзенмұнайгаз» АҚ

Білім басқармасы

 

«Өзенмұнайгаз» АҚ  қаржы  бөлмеуіне  байланысты  жоба  тоқтатылды.

 

 

33.        

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалара үшін «Цифрлық мұғалім» жобасын апробациядан өткізу

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың біліміндегі математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы пәндері бойынша олқылықтар анықталып, оларға қосымша сабақтар өткізу үшін олардың ата-аналарына түсінік жұмыстары жүргізілді, келісімі алынды.

Қазіргі таңда Еduway.kz платформасында оқушыларды кешенді онлайн оқыту жұмыстары жүргізілуде.

 

34.        

«Маңғыстау облысының тұлғалар есімі берілген атаулы мектептері» жобасын жүзеге асыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Маңғыстау облысының тұлғалар есімі берілген атаулы мектептері» жобасын жүзеге асыруда атауы берілген тұлғалардың есімін ұлықтау мақсатында Физикадан Н.Марабаев атындағы олимпиада өтті

2025 жылдың 6 ақпан күні, 7-8 сынып оқушылары арасында І Н.Марабаев атындағы физика пәні бойынша олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту және дарынды оқушыларды анықтау.

7-сынып оқушылары үшін орта және жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары дайындалса,8-сынып оқушылары 5 күрделі есептен тұратын олимпиадалық тапсырмаларды шешті.

Бұл олимпиада алғаш рет ұйымдастырылып, мектеп-лицейінің серіктес мектептері, мақсатты мектептер, қала лицейлері және Мұнайлы ауданының мектеп оқушылары бақ сынасты. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар ерекше дайындықтарын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ақтау қалалық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

2025 жылдың 20 ақпан күні Маңғыстау ауданы «С. Қондыбайұлы атындағы мемориалдық мұражай» ғимаратында Мекерия Атымовтың туғанына 90 жылдығына орай «Мекерия Атымовтың – сыншылдардың салдары, көрнекті әдебиет зерттеушісі» атты ғылыми-әдістемелік  конференция өтті.

2025 жылдың 27 қараша күні Маңғыстау ауданында Серікбол Қондыбайұлы атындағы мемориалдық мұражай ғимаратында Серікболтанушы мұғалім-педагогтердің форумы өтті.  

 

35.        

Пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Үздік педагог» қауымдастығының, пән мұғалімдері қауымдастықтарының жобаларын жүзеге асыру 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

Бастауыш  сынып  қауымдастығы  арасында онлайн  семинар  өтіп, 100  педагог  қатысты. Қазан айында PISA- ға  дайындау мақсатында математика, физика, қазақ  тілі  пәні  қауымдастықтары  арасында  семинарлар  өтті. Қамтылған педагог саны-150.

 

36.        

Математика пәні мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Математикалық прогрессия»  жобасын жүзеге асыру 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы

 

«Математикалық прогрессия»

байқауы қаңтар  айында  өтеді  деп  жоспарланды.

 

37.        

«Маңғыстау облысындағы ауыл және қала мектептерінің білім сапасындағы алшақтықты қысқарту» облыстың 30 мектебін даму стратегиясын менторлық қолдау бойынша жобаны жалғастыру

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

Жоба  тоқтатылды.

 

38.        

«Мектептерді қолдаудың ашық алаңдары» аудандар мен қалалардың мектептерінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің әдістемелік және практикалық қолдау жобасын жүзеге асыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

 

 Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі бітіруші  түлектермен  «Сабақ  шоу»    байқауы  аясында Ақтау  қаласының №28, №32 мектептерінде  40  сабақ өткізді.

 

 

39.        

«Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау филиалының облыс педагогтеріне әдістемелік-практикалық көмек көрсетуін және «Тәлімгерлік мектебі» педагогикалық шеберлік зертханасы» жобасын жүзеге асыру

2023-2029 жж.

 «Өрлеу» БАҰО АҚ  МФ Маңғыстау филиалы

Білім басқармасы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Отпан 943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасы өтуіне байланысты аталған жоба уақытша тоқтатылды.

 

40.        

Ақтау қаласының ІТ-лицейінде және IT мектеп-лицейінде «Медиана» ІТ компаниясымен цифрлық құзыреттіліктер мен бағдарламалау тілдерін дамыту жөніндегі жобаны іске асыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы «Медиана» ЖШС (келісім бойынша)

жоба тоқтатылды

 

41.        

«Маңғыстау облысының кәсіптер атласы» жобасын іске асыру (колледждердің оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша жобасын жасақтау, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың кәсіби бағдар мен диагностикасын жүргізу)

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)

2024 жылдың наурыз айынан бастап білім беру бағдарламаларын арнайы әзірленген тәртіптемеге сәйкес ақпараттық жүйеге енгізілді. Қазіргі кезде барлық білім беру бағдарламалары реестрге тіркелді. Білім беру бағдарламалары «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұйрығы, «Педагог» кәсіптік стандарты, «WorldSkills»  кәсіптік стандарты негізінде жасақталды.

2025 жылға құрылыс, энергетика, логистика салаларына басымдық беріліп отыр.  2 колледжде «Хаус мастер» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламасы реестрге тіркелді, қазіргі таңда лицензия қосымшасын   ашу жұмыстары жүргізілуде.

Талдау негізінде «Коммуналдық меншікті басқарушы», «Құтқарушы», «Бағдарламалық басқырылатын станоктардың операторы», «Жабдықты баптаушы», «Өндірістік автоматика» жаңа біліктіліктері енгізілді.

 

42.        

«Маңғыстау» облыстық телеарнасындағы 11 сынып оқушыларына арналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік телеойынын жалғастыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Ішкі саясат басқармасы

«Маңғыстау» облыстық телеарнасы (келісім бойынша)

Жоба тоқтатылды

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

 

43.        

Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін ПМПК желісін                    50 мың балаға 1 есебінен 2 бірлікке кеңейту:

2025 ж. – 1 дана;

2028 ж. – 1 дана.

 

2025-2028 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

2023-2025 жылдар аралығында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдап, арнайы білім беру ұйымдарының желісін көбейтуде облыстан шалғайда орналасқан елді мекендердегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды қамтуда мониторинг жұмыстары жүргізіліп, жыл сайын арнайы білім беру ұйымдарының желісі кеңейтілуде.

 Ағымдағы жылдың соңына дейін  Қарақия ауданы, Жетібай селосында 1 психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясы  ашылады.

 

 

44.        

Ерекше мүмкіндіктері бар балаларға арналған арнайы педагогтер үшін ресурстық орталық ашу:

2026 ж. – 1 дана;

2027 ж. – 1 дана;

2029 ж. – 1 дана.

2026-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

 

          2026ж ашылады.

 

45.        

Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзетудің кабинеттер (ППТК) желісін                         кеңейту:

2023 ж. – 1 кабинет;

2024 ж. – 1 кабинет;

 

2023-2024 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

2023 жылы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан                                         1психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.

2024 жылы Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан сыйымдылығы 50 орындық 1 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.

Барлық аудандардан ашылуына байланысты 2025 жылы жоспарланбады.

 

46.        

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 100 орын;

2024 ж. – 170 орын;

2025 ж. – 200 орын;

2026 ж. – 250 орын;

2027 ж. – 300 орын;

2028 ж. – 350 орын;

2029 ж. – 400 орын.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

        Маңғыстау облысында 0-18 жас аралығындағы 341 118 баланың 9609-ы  (мектепке дейінгі жаста 3254 бала, мектеп жасындағы 5791 бала) мүмкіндігі шектеулі бала. Оның  ішінде,  2844 мүгедек (мектепке дейінгі жаста 380 бала болса, мектеп жасындағы 2464 бала)  бала тіркелді.

        Бұл санаттағы балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК) тұжырымдасы негізінде білім беру ұйымдарына жолданып, сәйкесінше денсаулығын оңалтады, оқу-тәрбиемен,  әлеуметтік бейімдеумен қамтылады.

        Бүгінді таңда, облыста 5 ПМПК жұмыс жасайды (Ақтау қаласы – 2, Жаңаөзен қаласы – 1,Бейнеу ауданы – 1,Мұнайлы ауданы – 1), онда жыл сайын  400-ден астам ата-ана консультациялық көмек алады.

        Сонымен қатар, облыста ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға 3 арнайы балабақша (378 бала), 4 арнайы мектеп (795 бала), 8 түзету кабинеті (1033 бала), 1 оңалту орталығы жұмыс жасайды  (135 бала).

        Барлығы 21 арнайы ұйым қызмет көрсетеді, онда 2391 бала оқу -тәрбиемен, түзеу, оңалту жұмыстарымен қамтылып отыр.

  Соңғы үш жыл ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқу бағдарламалары бойынша 393 педагог инклюзивті білім беру бағытында кәсіби даярлықтан өтті.

  Сонымен бірге білім берудің оқу-әдістемелік орталығы өңірде инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сапалы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету мақсатында жүйелі әдістемелік жұмыс жүргізіп келеді.

   Ағымдағы жылы оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен                               1 республикалық семинар-практикум өткізілді. Аталған шараға еліміздің әр өңірінен келген 300-ден астам педагогтер қатысып,  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

  Сонымен қатар, 8 облыстық  семинар-практикум, 6 облыстық байқау өткізілді.

          Анықтама ретінде: 2023-2025 жылдар аралығында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдап, қоғамға бейімдеуде  облыс орталығынан шалғай елді мекендерден арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейтуде келесі жұмыстар жүргізілді.

  2023 жылы Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында                                              1, 2024 жылы Бейнеу ауданы, Боранқұл селосында 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды.

  Жыл соңына дейін Қарақия ауданы, Жетібай селосынан                                  1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы ашылады деп жоспарланды.

 

47.        

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі:

Балабақша:

2023 ж. – 76%;         

2024 ж. – 89%;

2025 ж. – 93%;

2026 ж. – 100%.

Мектеп:

2023 ж. – 90%;         

2024 ж. – 92%;

2025 ж. – 95%;

2026 ж. – 100%.

Колледж:

2023 ж. – 70%;         

2024 ж. – 86%;

2025 ж. – 90%;

2026 ж. – 100%

2023-2026 жж.

Аудан, қала  әкімдіктері

Білім басқармасы

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

 

        305 мемлекеттік білім беру ұйымының 265-інде  (балабақша-106, мектеп-146, колледж-14)   (86,8%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалып  2364 бала қамтылды.

        Аталған санаттағы балалармен 324 арнайы маман (балабақшаларда-93, мектептерде-231, 145 педагог-ассистент) жұмыс жасайды,160 мекемеде инклюзивті қолдау кабинеті бар. 

        Ағымдағы оқу жылында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау үшін арнайы мамандармен қамту мақсатында қажетті штаттық бірліктермен қамтуға 96,0 млн.теңге қаражат көзі қарастырылды.

Осыған орай, аудандық, қалалық білім бөлімдері инклюзивті білім беруде жағдай жасау бойынша бюджеттік өтінім жасап, штаттық бірліктерін бекітіп, мамандарды заң аясында қабылдау шараларын ұйымдастыру туралы тапсырма беріліп, жүзеге асырылуда.

 

 

                                     БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

 

48.        

Балалардың хал-ахуал индексіндегі көрсеткішті көтеру:

2023 ж. – 51 балл;

2024 ж. – 51,5 балл;

2025 ж. – 52 балл;

2026 ж. – 52,5 балл;

2027 ж. – 53 балл;

2028 ж. – 53,5 балл;

2029 ж. – 54 балл.

2023-2029 жж.

Аудан, қала  әкімдіктері

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Балалардың хал-ахуал индексінің ағымдағы жылдың қорытындысы жыл соңында  шығады.

 

49.        

Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру:

2023 ж. – 85%;                                                       

2024 ж. – 88,3%;

2025 ж. – 90,3%;

2026 ж. – 92,3%;

2027 ж. – 93,7%;

2028 ж. – 94%;

2029 ж. – 95,3%.

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жыл сайын балалардың құқықтық қорғалу деңгейін айқындау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізеді. Ағымдағы жылдың қорытындысы жыл соңында шығады

 

50.        

Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету:

2023 ж. – 100%;                                                     

2024 ж. – 100%;

2025 ж. – 100%;

2026 ж. – 100%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%;

2029 ж. – 100%.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Облыста 158 мемлекеттік мектептің 7-уінде оқушыларды тамақтандыру мектептің өз асханаларында, бекітілген штаттық кестеге сай жүзеге асырылады (6 интернаттық мекеме және 1 күндізгі Аққұдық негізгі мектеп).

Ал қалған 151 мектептің 150-де асхана бар, асханасыз 1 бастауыш мектеп (Боздақ мектебі). Бұл мектепке буфеттік тамақ ұйымдастырылады.

Облыстағы 158 мектептегі бастауыш сыныптың  71 081 (1-4 сынып) және аз қамтылған отбасылардың 12 696 оқушысы (5-11 сынып) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Тегін ыстық тамақты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 8 885 мың теңге қаражат қарастырылды.

 

51.        

Жұмысты бақылау мен есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу: оқушылардың мектеп ғимаратына кіруін қамтамасыз ету, тіркеу жүйелері және баланың тамақтануын бақылау

2023-2024 жж.

Білім басқармасы

Цифрлық технологиялар басқармасы

 

Оқу материалдарына қол жеткізу, мектеп ғимаратына кіру, сонымен қатар тамақтануға ақы төлеу үшін сәйкестендіру карталары облыстағы 91 мектепке енгізілді.

 

52.        

Білім беру ұйымдарын (мектептерді, колледждерді, мектепке дейінгі ұйымдарды) білім және ғылым саласында қызмет атқаратын террористік - осал объектілерден терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі ҚР Білім министрлігінің талаптарына сәйкес тиісті қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыру (ҚР БҒМ 2022.03.30 № 117 бұйрығы - лицензияланған күзет, бейнекамералар және оларды қауіпсіздік жүйесіне қосу, дабыл түймесі):

2023 ж. – 100%;

2024 ж. – 100%;

2025 ж. – 100%;

2026 ж. – 100%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%;

2029 ж. – 100%.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Цифрлық технологиялар

басқармасы

Полиция департаменті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Ағымдағы жылдың жалпы білім беретін ұйымдарындағы күзет және оларды қауіпсіздік жүйесіне қосу, дабыл түймесі және өрт дабылдарын сүйемелдеуге 997,2 млн тг қаражат қаралды.

Білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтауда  полиция департаментімен келісіліп бекітілді.             Барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан бейнебақылау камераларымен қамтылған.                 Оның ішінде бейнебақылау камералары нұсқаулық талаптарына сәйкес полиция департаментінің  жедел басқару орталығына (ЖБО)   (100%)  қосылған.       Дабыл түймелері барлық мемлекеттік  білім беру  ұйымдарында (100%)  жедел басқару орталығына   қосылған.Кіруді басқару және басқару жүйесі (турникеттер) (100%) және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (100%) видеофон орнатылды.

 

53.        

Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығуды өткізу:

- терроризмге қарсы;

- жер сілкінісі, өрт және т.б.

2023-2029 жж.

Төтенше жағдайлар департаменті

Полиция департаменті

Білім басқармасы

Білім  беру  ұйымдарында  «Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер», «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Мектептегі өрт кезіндегі ережелер мен мінез-құлық», «Өрт қауіпсіздігі мен оның алдын алу шаралары» т.б. тақырыптарында  тоқсан сайын 2500-ден аса сынып сағаты, 500-ге жуық дәріс, әлеуметтік желіде челлендж,  2000-нен аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 85948 оқушы, 57700 ата-ана қатысты.

Сонымен қатар балалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын күшейту мақсатында «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» атты республикалық акциясы аясында шаралар және                  білім беру ұйымдарында өрт кезіндегі эвакуация бойынша жоспарлы түрдегі республикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

 

54.        

Білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығын өткізу (тоқсан сайын)

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Төтенше жағдайлар департаменті

Полиция департаменті

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер  арасында  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жергілікті полиция басқармасымен                         8 жедел профилактикалық іс-шара («Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз білім беру ұйымы»,  «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Сабақ», «Демалыс кезеңі»)  аясында білім беру ұйымдарында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің өкілдерімен бірлесіп оқушылар мен студенттердің және ата-аналарының қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет», «Жасөспірім және қылмыс», «Тәртіп сақтау - міндет, қылмыс жасау - індет», т.с.с.  60795 тәрбиелік шаралар (362  кездесу,  18648 жиналыс, 28524 сынып сағаты, 64 дөңгелек үстел, 5287 шара, 7910 ата-ана жиналысы) өткізілді.

Облыс прокуратурасының  бастамасымен  білім беру ұйымдарында прокуратура, полиция қызметкерлері бекітілген болатын. ББҰ-да тоқсан сайын өткізілетін аясында «Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығында мамандар шақырылып, оқушыларға құқықтық сабақтар, кездесулер ұйымдастырылды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауыттылығын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының прокуратурасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «QR-профилактика» жобасын іске асыруда.

Психологиялық қолдау орталығы тарапынан оқушылар мен ата-аналарға, педагогтерге психологиялық тұрғыда кеңес беріліп, «7292» , «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы - сенім телефоны білім беру ғимараттарының кіреберістеріне  және ақпараттық ресурстарда орналастырылды.

 

55.        

Бағыттар бойынша үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру:

- кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу;

- кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу;

- әскери-патриоттық тәрбие;

-экологиялық тәрбие

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

Ішкі саясат басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

ОРЫНДАЛДЫ

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2025 жылға 66,388 млн теңге қаражат қарастырылды. Жоспардағы тақырыптар төмендегі тақырыптарға өзгертілді.

Өңірдің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру;

- Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізу;

- Орта білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру, педагогтар мен білім алушыларда кездесетін мәселелерді мақсатында мектепішілік бақылауды жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;

- Аймақтағы арнайы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру;

- Аймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;

- Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту

Білім басқармасы тарапынан бөлінген 6 грант бойынша                    4 үкіметтік емес ұйымы жұмыстар жүргізді.

 

56.        

Білім саласы тәрбиеленушілері арасында тұрақты негізде жолда жүру қауіпсіздігін насихаттау (дәрістер, конкурстар, викториналар, слеттер)

2023-2029 жж.

Полиция департаменті

Білім басқармасы

Білім  беру  ұйымдарында  «Жол-көлік апатының алдын алу», «Жол жүру ережесі», «Жолдағы қауіпсіздік», «Жол қауіпсіздігі», «Жол ережесін сақтайық!», «Сақтықта қорлық жоқ!» т.б. тақырыптарында  тоқсан сайын 7500-ден аса сынып сағаты, 1200-ден астам дәріс, 1500-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 95489 оқушы, 55 000 ата-ана қатысты.

Сонымен қатар «Жас жол инспекторлары» жасақтарының жұмысын жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Жас жол инспекторлары»  байқауы кезең-кезеңмен жоспарлы ұйымдастырылады.

 

57.        

Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды қосымша біліммен қамту

2023-2029 жж. – 100%

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Полиция департаменті

2025 жылы облыс бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар 100 % қосымша біліммен қамтылды

 

 

 

58.        

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің үлесін төмендету

2023 ж. – 9,8%;

2024 ж. – 9,4%;

2025 ж. – 8,9%;

2026 ж. – 8,5%;

2027 ж. – 8,3%;

2028 ж. – 8,1%;

2029 ж. – 7,9%.  

2023-2029 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Полиция департаменті

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Облыста 0-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың саны  341 мыңнан астам баланы құрайды. 501 бала бар. Оның ішінде:  қорғаншылық пен қамқоршылықта 418 бала, патронаттық тәрбиеде 24 бала, интернаттық  мекемелерде 59 бала тәрбиеленуде.

ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға арналған Республикалық деректер қорына  әлеуметтік мәртебесі анықталған   501  бала   толық енгізілді.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, әлеуметтік көмек көрсетуде жергілікті  атқарушы  орган тарапынан  қорғаншылық, қамқоршылық  функцияларды  жүзеге  асыратын  аудандық, қалалық білім бөлімдерінде  17 маман  (12 маман, 5  әдіскер)   қызмет көрсетеді.

 

59.        

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету:

2023 -2029 жж.  – жаңа тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20% - ы; жұмысқа орналастыру - 100%.

 

2023-2029 жж.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Аудан, қала әкімдіктері

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

 Облыс әкімдігі «Аудан, қала бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспарын» бекітті.

2023 жыл мен 2025 жылдың аралығында «жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала» санатындағы 86 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.       

      Оның ішінде:         2021 жылы - 46 

         2022 жылы – 25 адам

         2023 жылы – 11адам

         2024 жылы  - 4 адам.

         2025 жылы – 23 адам

         Олардың 26-сы - Отбасылық үлгідегі балалар аулының түлектері. 

Бүгінгі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде «жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санаты» бойынша 1078 адам тіркелген, олардың ішінде кәмелет жасқа толғандары - 617, кәмелет жасқа толмаған бала саны - 461.

Олардың 180-і - Отбасылық үлгідегі  балалар ауылының түлектері мен тәрбиеленушілері. Аталған мәселе облыс әкімдігінің бақылауында және «Аудан, қала бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспарға» сәйкес осы бағытта тиісті шаралардың жалғастырылады.

 

60.        

Оқушы, ата-ана, мектеп байланысы арқылы тәрбие жұмыстарын үйлестіру және нығайту («Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер кеңесі» және т.б.)

2023-2029 жж.

 

 

Білім басқармасы

Ішкі саясат басқармасы

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Облыстағы білім беру ұйымында ата-аналармен өзара қарым қатынасты күшейтуде                          «Ата-аналарды педагогикалық  қолдау орталығы» жұмыс жасайды. Жас ерекшеліктеріне қарай 1-4, 5-9, 10-11 сыныптары білім алушыларының ата-аналарына арналған сабақтар тұрақты түрде өткізіледі,  153 795 ата-ана сабаққа қатысты. Сонымен қатар «Даналық мектебі» клубы аясында «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 31 наурыз-2 сәуір аралығында облыстық «Ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастық: Баланың жетістігін бірге арттыру» тақырыбында аудан, қалаларда форум өткізіліп, оған 948 ата-ана қатысты. Форум барысында ата-аналармен пікір алмасу жұмыстары, психологиялық тренингтер жүргізіліп, оларға бала тәрбиесіне қатысты әдістер берілді.

2025 жылдың қаңтар айында білім берудің оқу-әдістемелік орталығымен «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылып, әкелер кеңесінің отырыстары, патриоттық шаралар өтуде, оған 1500-ге жуық әкелер ат салысуда.

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А.Өрісбаевтың төрағалығымен мүдделі органдардың, еңбек ардагерлерінің, қоғам белсенділері мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшыларының, педагогтердің қатысуымен облыстық Әкелер форумы өткізіліп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы,ұрпақ тәрбиелеу маңыздылығы, ұлттық дәстүрді насихаттау  т.б  кеңінен талқыланып, 350 адам қамтылды.

2025-2026 оқу жылынан бастап аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

 

61.        

Балаларға қауіп төндіретін орындарды анықтау және түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында кешкі рейдтік мониторинг жүргізу (жарықтандырылмаған аллеялар, су айдындары, ашық люктер, құдықтар, құрылыс объектілері, өнеркәсіптік аймақтар, темір жолдары, электр станциялары, қаңғыбас иттер жиналатын орындар және т. б.)

2023-2025 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Полиция департаменті

Білім басқармасы

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер  арасында  қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жергілікті полиция басқармасымен 8 жедел профилактикалық іс-шара («Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз білім беру ұйымы»,  «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Сабақ», «Демалыс кезеңі»)  ұйымдастырылды. Аталған жедел-профилактикалық шаралар аясында тоқсан сайын 5000-ден аса сынып сағаты, 100-ге жуық дәріс, 200-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 98700 оқушы, 50 000 ата-ана қатысты.

 

62.        

Білім ұйымдары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамдар, жол белгілері, көшелердің жарықтандырылуы, жаяу жүргіншілердің аяқжолдарының талаптарға сәйкестілігі:

2023 ж. – 60%,             

2024 ж. – 80%,

2025 ж. – 100%.

 

 

2023-2025 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Полиция департаменті

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Төтенше жағдайлар департаменті

Білім басқармасы

        Білім  беру  ұйымдарында кәмелетке  толмағандардың тарапынан  жасалатын  қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың                                 алдын алуда «Кәмелетке толмағандар арасындағы                                   құқықбұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар жоспары» және «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыс жоспары бекітілді, оны жүзеге асыруда мүдделі органдармен жұмыстар жүргізілуде.

        Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жергілікті полиция басқармасымен                8 жедел профилактикалық іс-шара («Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз білім беру ұйымы»,  «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Сабақ», «Демалыс кезеңі»)  ұйымдастырылды.

      Профилактикалық іс-шаралар аясында білім беру ұйымдарында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің өкілдерімен бірлесіп оқушылар мен студенттердің және ата-аналарының қатысуымен «Бала құқығы – асыл қазына», «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет», «Жасөспірім және қылмыс», «Тәртіп сақтау - міндет, қылмыс жасау

 - індет», т.с.с. 47 267 тәрбиелік шара (152  кездесу,  14648 жиналыс, 21972 сынып сағаты, 54 дөңгелек үстел, 3117 шара, 7324 ата-ана жиналысы) өткізілді.

      Сонымен қатар оқушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектептерде құқықтық тәрбие мен құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңестер жұмыс жасайды.               Әр ай сайын кеңес  отырыстары өткізіледі.

 

 

 

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ

63.        

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру:

2024 ж. – 100%;

2025 ж. – 100%;

2026 ж. – 100%;

2027 ж. – 100%;

2028 ж. – 100%,

2029 ж. – 100%;

 

2024-2029 жж.

Аудан, қала әкімдіктері

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академися

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.05.2025 жылғы             № 123  бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағытындағы жұмыстар  «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның жоспары бойынша білім беру ұйымдарында 5633 шара өтіп, оған 20 мыңға жуық білім алушы қатысты.

Сондай-ақ ай сайын белгіленген тақырыптар сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды бір-бірімен сабақтастырады.

Мысалы, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» білім алушылар үзіліс кезінде бос уақытын ләңгі, асық, тоғызқұмалақ, бес тас ойнату арқылы ұйымдастырылып, «Күй күмбірі» қоңырау орнына 56 мектепте (Жаңаөзен қ-8, Бейнеу-5, Қарақия-15, Маңғыстау-7, Мұнайлы-16, Түпқараған-5) күй ойнатылады. «Үнемді тұтыну» жөніндегі күнделікті жадынамалар, парақшалар білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырады.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде білім алушыларды жауапкершілік пен мейірімділікке баулитын «Қамқор» жобасы аясында оқушылар 15879 оқушы «Таза Қазақстан» акциясына және кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  «Жаңа кітап – жан азығым», «Жаңа әлем – жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ондан бөлек, «Еңбегі адал - жас өрен» - 85, «Smart bala» - 93, «Шабыт» - 97 әлеуметтік жобалар жүргізілді.

 

64.        

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиет сатып алу (жергілікті бюджет есебінен):

2023 ж. – 150 000 дана;

2024 ж. – 160 000 дана;

2025 ж. – 180 000 дана;

2026 ж. – 180 000 дана;

2027 ж. – 200 000 дана.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

«Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ

Соның ішінде, 2,9 млрд. теңге қаржыға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері сатып алынды. Яғни,  қайта басылып шыққан 4 сыныптың 9 оқулығы (орыс, қазақ тілінде), 7 сыныптың 25 оқулығы (орыс, қазақ тілді), 8 сыныптың 2 оқулығы (Қазақстан тарихы, география), 10 сыныптың 1 оқулығы (АӘД), 11 сыныптың 2 оқулығы (АӘД, Құқық негіздері) оқулықтарына 120% көлемінде және тозығы жеткен, жетіспейтін оқулықтарға 20-30%-дан тапсырыс берілді.

Көркем және қосымша әдебиет сатып алу үшін 367 млн. 50 мың теңге жұмсалды. Оған, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 115 773 дана көркем әдебиет сатып алынды (101 403 көркем шығарма туындылары, 14 370 әдеби-танымдық кітаптар). Оның ішінде, 108 269 дана қазақ тіліндегі әдебиеттер (1139 дана орыс тілінде, 1423 ағылшын тілінде).

 

65.        

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша жобаны іске асыру. Көркем және ғылыми-фантастикалық әдебиеттің 100 мың данасын сатып алу:

2023 ж. – 25 000 дана;

2024 ж. – 40 000 дана;

2025 ж. – 50 000 дана;

2026 ж. – 50 000 дана;

2027 ж. – 50 000 дана.

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

«Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025-2026 оқу жылына 367 млн.теңгеге 113 773 көркем әдебиет сатып алынды.

 

 

66.        

Балаларды қосымша білім берумен қамтуды арттыру:

2023 ж. – 80,0%,

2024 ж. – 83,0%,

2025 ж. – 88,0%,

2026 ж. – 92,0%,

2027 ж. – 93,0%.

2023-2027 жж.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Білім басқармасы

 Маңғыстау облысының әкімдігі балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөнінде келесі ақпаратты хабарлайды.

Қосымша біліммен 193 156 оқушының 164 972-сі (85,4 %) қамтылды (қала – 80 953, ауыл – 84 019), оның ішінде: 141 қосымша білім беру ұйымдарында – 62 610 (37,9%) (білім, мәдениет, спорт),  мектеп жанындағы 1422 шығармашылық үйірме мен 2180 спорттық секцияда -  102 362 (62,1 %) (қала – 37 637, ауыл – 64 725)  оқушы  қамтылды. 

141 қосымша білім беру ұйымдарының 40-ы мемлекеттік, бала саны – 47686, 101-і жекеменшік, бала саны – 14 624 бала (ҰББДҚ тіркелгені). Оның ішінде: қалада орналасқаны 85, бала саны -  43 316, ауылда 56, бала саны - 19 294. 

Білім саласында – 12 ұйым, 23 490 бала;

Спорт саласында – 26 ұйым, 20 800 бала;

Мәдениет саласында – 2 ұйым, 3 696 бала;

Жекеменшік ұйымдар – 101 ұйым, 14 624 бала.

Білім саласында, қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 6000 балаға  7  бағыт бойынша (Ғылыми-техникалық, туризм және өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары) мемлекеттік тапсырыс орнатылды.  Бұл тапсырыс Zerek.edu.kz платформасы арқылы жүзеге асырылуда.

Қосымша біліммен қамтылған балалардың үлесін ұлғайтуда NCOC демеушілігімен 2024 жылы Ақтау қаласында 1500 балаға  арналған Оқушылар сарайы ашылды,  2025 жылы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы Өнер мектебіне 260 орындық жаңа ғимарат салынды.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында 350  орындық  «Bolashag sarayi» оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.

 

67.        

Спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық жабдықтар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесін артыру:

2023 ж. – 97 %,

2024 ж. – 98 %,

2025 ж. – 99 %;

2026 ж. – 100%

2023-2026 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

Облыс бойынша 157 мемлекеттік мектеп, оның 157-да (97%) спортзал бар.  Олардың барлығы  құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

68.        

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 5 000 орын;

2024 ж. – 5 050 орын;

2025 ж. – 5 075 орын;

2026 ж. – 5 100 орын;

2027 ж. – 5 150 орын;

2028 ж. – 5 200 орын.

2029 ж. – 5 250 орын.

2023-2029 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

Маңғыстау облысы әкімдігінің «2025 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде  балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,  6000  балаға  7 бағыт бойынша  мектептен тыс ұйымдарда тегін қосымша білім алуға қаражат бөлініп, сәйкесінше жүзеге асырылуда.

 

69.        

Азаматтық пен патриотизм деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде оқушылардың өзін-өзі басқаруы және пікірталас қозғалысы арқылы тартылған білім алушылардың үлесі:

2023 ж. – 35 000 оқушы;

2024 ж. – 40 000 оқушы;

2025 ж. – 45 000 оқушы;

2026 ж. – 50 000 оқушы;

2027 ж. – 55 000 оқушы;

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

Бүгінгі таңда  140 Мектеп парламенті, оның ішінде ауылдық жерлерде 95, оған қамтылған бала саны – 29 315 санын құрайды.

Облысымызда  «Өзін –өзі басқару» ұйымының жұмысы  жыл сайын қарқынды түрде дамып келеді. Келер күнге сеніммен қарататын  игі де ізгілікті істер мектеп өмірінде өзінің  оң нәтижесін  беруде. 

2025 – 2026 оқу жылына арналған «Өзін – өзі басқару» ұйымының                           іс – шаралар жоспарына сәйкес, аудандық, қалалық және облыстық деңгейде 4230 – дан астам ауқымды іс-шаралар (кездесу, семинар, акциялар, сайыстар, шығармашылық кештер, жобалар) өткізілді. Қамтылған бала саны – 14765 санын құрайды.

 

 

 

70.        

Қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. – 175 қатысушы

2024 ж. – 200 қатысушы;

2025 ж. – 225 қатысушы.

2023-2025 жж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

Маңғыстау облысында 12 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Қосымша білім беру ұйымдарында 565 педагог қызмет атқарады.

Соңғы 3 жылда Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бюджет есебінен өткізілген республикалық біліктілік арттыру курстарынан 311 өтті. Алдағы уақытта курстан өту үшін 2025 жылға – 86 педагог жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтермен кері байланыс жұмыстары жүргізіліп, вебинарлар өткізіледі.

 

 

71.        

Ұлттық өнерді насихаттауда мектептерде «Домбыра – дастан» жобасын іске асыру (әр білім алушы кемінде 10 күйді меңгеріп шығу)

2023 ж. - 14 мың оқушы;

2024 ж. - 15 мың оқушы;

2025 ж. - 16 мың оқушы;

2026 ж. - 17 мың оқушы;

2027 ж. - 18 мың оқушы;

2028 ж. - 19 мың оқушы;

2029 ж. - 20 мың оқушы.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

   Ұлттық өнерді қастерлеу, қазақтың ұлттық аспабы – домбыра арқылы орындалатын ән-күйлерді тыңдай отырып, өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыруды оқушыларға насихаттау мақсатында Маңғыстау облысының білім беру ұйымында «Домбыра-дастан» жобасы жүзеге асырылды. Оған 5000-нан астам баланы қамтыған. Жыл соңына деін жалғасын табады.

 

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

 

72.        

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері):

2023 ж. – 5575 орын (90%);

2024 ж. – 5625 орын (94%);

2025 ж. – 5700 орын (100%).

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім,  Бюджеттік жоспарлау департаменттері

2025-2026 оқу жылына  мемлекеттік білім беру тапсырысымен 5650 студент

қабылдау жоспарлануда.(50 орын жекменшік колледждің педагогкиаллық құрамы мен ма базасының сәйкес келмеуінне комиссиия тапсырыс беруден бас тартты)

Қазіргі таңда 2025-2026 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған   мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулы шықты. Колледждерге орналастыру бойынша конкурстық комиссия өтті.

Бүгінгі күні колледждерге қабылдау жүргізіліп жатыр

 

73.        

ТжКБ ұйымдарында  педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 ж. – 1000 орын;

2024 ж. – 1050 орын;

2025 ж. – 1100 орын;

2026 ж. – 1150 орын;

2027 ж. – 1200 орын;

2028 ж. – 1250 орын;

2029 ж. – 1300 орын.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім,  Бюджеттік жоспарлау департаменттері

2024-2025 оқу жылында педагогикалық мамандыққа

960 студент мемлекеттік тапсырыспен оқуға қабылданды

2025-2026 оқу жылына жоспар бойынша 925 студентті қабылдау жоспарлануда.

175 орын қайта тапсырысы тамыз айында қайта бөлу кезінде толықтыру мүмкіндігі бар

 

74.        

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде   кәсіпорындардың өтінімдері бойынша колледждерде кадрларды мақсатты даярлау:

2023 ж. – 550 орын;

2024 ж. – 580 орын;

2025 ж. - 601 орын;

2025 ж. – 630 орын;

2026 ж. – 650 орын;

2027 ж. – 680 орын;

2028 ж. – 700 орын;

2029 ж. - 730 орын.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

2024-2025 оқу жылында жұмыс беруші кәсіпорындардың сұранысы негізінде мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысымен 1000 студент білім алуда.

2025-2026 оқу жылына мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша 600 студентті қабылдау  жоспарлануда.

 

 

75.        

Ақтау қаласында 500 орындық демеушілік есебінен                           1 студенттік жатақхана салу

 

2023 ж.

Ақтау қаласының әкімдігі

Білім басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Орындалды

2024 жылы жатақхана құрылысы аяқталып, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі балансына берілді. Студенттер орналастырылды. 

Қазіргі таңда жатаханаға қажеттілік жоқ.

 

76.        

6 колледжде ағымдағы жөндеу жүргізу:

2023 ж. - 2 нысан;

2024 ж. - 2 нысан;

2025 ж. – 2 нысан.

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

2025 жылға 7 колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Маңғыстау өнер колледжі –28 млн. тг.

Бейнеу гуманитарлық колледжі – 3,9 млн. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі -  18 млн. тг.

О. Тұрмағанбетұлы ат. Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі –5,5 млн.тг.

Маңғыстау туризм колледжі – 60 млн.тг.

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі – 25  млн.тг.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы ат. Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі – 199,1 млн.тг.

 

77.        

ТжКБ  ұйымдардың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде жеке меншік инвестиция есебінен нығайту:

2023 ж. - 1 колледж;

2024 ж. - 1 колледж;

2025 ж. - 1 колледж;

2026 ж. - 1 колледж;

2027 ж. - 1 колледж;

2028 ж. - 1 колледж;

2029 ж. - 1 колледж.

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

2025 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіпорыны демеушілігімен «Луара» қоры арқылы  Мұрын жырау Сеңгірбекұлы ат. Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі құны 2 млн тұратын «Ақылды айна» алынды.  «NCOC» компаниясының демеушілігі есебінен Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде «Тігін өндірісі» құзыреттілік орталығы жабдықталды. Құны-15,8 млн тг

 

78.        

Пилоттық жоба режимінде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін ТжКБ ұйымдарындағы жұмысшы біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу:

2023-2025 ж.ж - 75 білім алушы;

2026-2029 ж.ж - 150 білім алушы.

 

2023-2029 жж.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

Облыста 2 колледжде «Ақтау қаласындағы Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі», «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» «Тігінші», «Аспазшы», «Автокөлікті жөндеу слесарі», «Электр газбен дәнекерлеуші» біліктіліктері бойынша  қазіргі таңда 171 студент білім алуда.

Кәсіптік даярлық колледждер базасында және жалпы білім беретін пәндерді игеру дәстүрлі түрде жалпы білім беретін мектептер базасында өтеді.

Пилоттық жоба шеңберінде 2024-2025 оқу жылына 2 колледж базасында жұмыс біліктілігін алу үшін 105 жоғары сынып оқушылары қабылданды.

2025 жылы ақпан айында  пилоттық жоба бойынша 66 студент  оқуын аяқтады.

2025-2026 оқу жылына эксперименттік пилоттық жоба мерзімі аяқталғандықтан қабылдау жүргізілмеді.

 Қазіргі таңдағы білім алушылардың саны – 99.

 

79.        

ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі:

2023 ж.– 60%;

2024 ж. – 80%;

2025 ж. – 100%.

 

 

2023-2025 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2024 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты техникалық және технологиялық бағыттағы            10  техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдары (80%) 41 мамандық, 46 біліктілік бойынша WorldSkills стандарттары негізінде қорытынды аттесттаттауды демонстрациялық емтихан ретінде  өткізді. Демонстрациялық емтиханды 679 студент тапсырып, қорытындысына сәйкес студенттерге құзіреттілік паспорты берілді.

2025  жылы 12 мемлекеттік колледжде 24 мамандық  36 біліктілік бойынша 878 студент демонстрациялық емтихан тапсырды.

Сонымен қатар 4 жекеменшік колледжде 6 мамандық 8 біліктілік бойынша 62 студент демонстрациялық емтихан тапсырды. Меже 100% толық орындалды.

 

80.        

Ұлттық өнер түрлері бойынша «DalaSklills» чемпионатын өткізу

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

ОРЫНДАЛДЫ

2025 жылдың 28-30 сәуір аралығында «DalaSkills» өңіраралық чемпионаты өтті.

DalaSkills 2025 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі ретінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды.

Чемпионатқа 7 өңірден (Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан,  Жамбыл, Атырау,  Қарағанды, Маңғыстау) 11 құзыреттілік бойынша 100 студент қатысты. Жалпы  чемпионатқа  200-ге жуық  адам қатысты.

 

81.        

Жергілікті атқарушы органдарда көзделген қаражат шеңберінде колледждерде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу:

2025 ж. – 10 білім алушы;

2026 ж. – 25 білім алушы;

2027 ж. – 35 білім алушы.

2028 ж. – 50 білім алушы;

2029 ж. – 70 білім алушы.

 

2025-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

2025 жылы Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі академиялық ұтқырлық аясында 3 мамандық бойынша 6 студент, 4 арнайы пән оқытушысы  Франция елінен тағылымдамадан өтті.

Маңғыстау туризм колледжінің  4 курстың 2 студенті 6 айлық тәжірибеден  өтуде. Олар  Анталия қаласындағы «ASKA LARA RESORT&SPA» қонақ үйінде жұмыс жасап жатыр.

 

82.        

ТжКБ  ұйымдары  педагогтерін біліктілік арттыру курстарымен қамту:

2023 ж. - 465 педагог;

2024 ж. - 200 педагог;

2025 ж. - 200 педагог;

2026 ж. - 460 педагог;

2027 ж. - 200 педагог;

2028 ж. - 200 педагог;

2029 ж. – 460 педагог.

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

«НЗМ» АҚ

2025 жылы

 Маңғыстау облысында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда  «Talap» КеАҚ -ның біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша колледждердің 311 оқытушысы, сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да  «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы аясында 42 оқытушысы оқытудан өтті.

Бұдан бөлек, 2024–2025 оқу жылында өңірдің 52 педагогы «CIEI» Халықаралық білім беру және инновациялар орталығы, «Қазақстан Республикасы колледждері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Халықаралық ынтымақтастық және үздіксіз білім беру» ЖШС ұйымдастырған шетелдік тағылымдамалардан өтті. Аталған тағылымдамалар педагогтарға заманауи білім беру технологияларымен, озық әдістемелермен және халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе алдағы уақытта облыстың колледждерінде жұмыс тәжірибесіне енгізілетін болады.

 

83.        

ТжКБ ұйымдарының  басшылары мен орынбасарларын

менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту:

2023 ж. – 64 басшы;

2024 ж. – 15 басшы;

2025 ж. – 15 басшы;

2026 ж. – 64 басшы;

2027 ж. – 15 басшы.

 

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

 2025 жылы жалпы саны 29 басшы оның ішінде басшы - 1 және басшы орынбасарлары- 13 өз біліктіліктерін «Талап» КеАҚ-ның білім беру бағдарламалары бойынша арттыратын болады.

 

 

84.        

ТЖКБ  ұйымдары басшыларының кадрлық резервін құру

2023 ж. –  2 басшы;

2024 ж. – 2 басшы;

2025 ж. – 2 басшы ;

2026 ж. – 3 басшы;

2027 ж. – 3 басшы.

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

Екі ТЖКБ  ұйымдары басшыларының кадрлық резервіне жоспар жасақталды.

 

 

85.        

ТжКБ ұйымдарына  педагог қызметіне  өндірістен мамандарды тарту  (арнайы пәндер  оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің  жалпы санынан,%):

2023 ж.– 38 (10,1%);

2024 ж. – 41 (12,1%);

2025 ж. – 46 (13,5%);

2026 ж.– 48 (13,8%);

2027 ж. – 50 (14,2%);

2028 ж. – 53 (14,6%);

2029 ж. – 56 (15%).

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша))

Өңірімізде 14 мемлекеттік ТжКБ ұйымдарында  671 арнайы пән оқытушысы және өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Оның 78-і (12,7%) өндірістен тартылған мамандар.

 

86.        

ТжКБ ұйымдарында  мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитын студенттердің дуалды оқыту жүйесімен қамтылу үлесі:

2023 ж.– 25%;

2024 ж. – 28%;

2025 ж.  – 35%;

2026 ж. – 38%;

2027 ж.  – 39%;

2028 ж. – 39,5%;

2029 ж. – 40%.

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

2025-2026 оқу жылында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алатын студенттер саны 5 775 адамды құрады. Оның ішінде 2 287 студент жаңа оқу жылында дуальды оқыту бағдарламасына қабылданды. Дуальды оқытумен қамтылған, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі 35.3% құрады.

Сонымен қатар, дуальды оқытуды іске асыру мақсатында 62 мамандық және 77 біліктілік бойынша 258 кәсіпорынмен үшжақты келісімшарттар жасалды. Аталған көрсеткішті ұлғайту бағытында жұмыстар жалғасуда, жақын арада келісімшарттар саны одан әрі артады деп күтілуде.

 

87.        

Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес  құзыреттілік орталығын құру

(Маңғыстау туризм колледжі)

2025 ж. – 1.

2025 ж.

Білім басқармасы

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ

2025 жылы 2 колледж салалық халықаралық аккредиттеуден өтті.

1 колледж өту үстінде. Хәлел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық коллджі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

88.        

ТжКБ ұйымдарында шағын кәсіпорындар құру арқылы коммерцияландыруды дамыту:

2023 ж. – 1;

2024 ж.  – 1;

2025 ж. – 1;

2026 ж. – 3;

2027 ж. – 3.

 

2023-2027 жж.

Білім басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер

палатасы

(келісім бойынша)

Маңғыстау туризм колледжінің базасында ұн өнімдерін (бидай ұнынан ашытқан нан, бәліш өнімдері, жартылай фабрикаттар)

өндіру қолға алынды. Осыған байланысты колледж өнімдерін сатуға сертификатциялау жұмыстары жүргізілді.  «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалына сертификатциядан өтті.

 

89.        

Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін ТжКБ ұйымдарының жанынан бизнес-инкубаторлар құру:

2024 ж. – 1;

2025 ж.  – 1;

2026 ж. – 1;

2027 ж. – 1.

 

2024-2027 жж.

Білім басқармасы

 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

МККК «Маңғыстау туризм колледжінен» "Бублик" шағын кәсіпорны ашылды. Онда нан-тоқаш, кондитерлік және аспаздық өнімдер өндірісімен айналысады.

2025 жылдың 10 қаңтарында ресми түрде тіркелген кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері – қысқа мерзімді сақтауға арналған нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру болып табылады.

Сонымен қатар, кәсіпорын басқа топтамаларға кірмейтін өзге де азық-түлік өнімдерін өндірумен де айналысады.

 

90.        

Өзінің жеке кәсібін  ашқан студенттер саны:

2023 ж.– 12;

2024 ж. – 18;

2025 ж. – 22;

2026 ж. – 28;

2027 ж. – 31;

2028 ж. – 35;

2029 ж. – 40.

 

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)

Өз кәсібін ашқан Қарақия кәсіптік колледж студенттері:

-Салатова Гүлдана  ЖК "Салатова" Тігін өндірісі" ателье ашты.

-Базарбаева Арайлым ЖК "Базарбаева" Киім салоны

-Сембаева Куляш ЖК "Сембаева" Тігін өндірісі" ателье

-Сабытай Жанболат ЖК "Сабытай" Ауыл мал шаруашылығына арналған дайын жем шөп өндіру

-Иманғалиева Дәмелі ЖК "Несібе" Тігін өндірісі

-Керімханқызы Рысты ЖК "Рысты" Киім мен аксессуарлардың өзге түрлерін өндіру

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі

-      Уалиева Марина

Қазіргі таңда жеке кәсібін ашып, Түпқараған ауданы  Форт-Шевченко қаласы бойынша қолөнерге қызығушылығы бар  балаларға «Қолөнер» үйірмесін және шағын баспахана ашып, қазіргі таңда өз кәсібімен айналысып отыр.

-      Меңдіғалиева Әсел

жеке кәсібін ашып, оқудан бос уақытында Форт-Шевченко қаласы бойынша тапсырыспен киім тігіп, кәсібін айналдырып отыр. Wolldskills Ақтау-2023  өңірлік кезеңінің 3 орын иегері.

Жаңаөзен политехникалық колледжі

-      Бабабаджанов Токтар 

ЖК Машина бөлшектерді сату

-      Бердіғали Гаухар

Әлеуметтік желі арқылы(SMM) табады     

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды технипкалық корлледжі

-      Рзаева Асия

ЖК «Викалина Өзенә дүкені

-      Тлеукулов Наурызбек

ЖК «Тлеуколов» кафе

-      Жайланова  Акбопе

ЖК Акбопе сұлулық салоны

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

-      Оспанова Жанар

Тігін өндірісі

ЖК «Ж. Оспанова»

-      Мұханов Ермекбай

Тоңазытқыш-Компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау

ЖК «Е.Мұханов»

 

91.        

ТжКБ ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі:

2023 ж.  – 70%;

2024 ж.  – 72%;

2025 ж. – 75%;

2026 ж. – 75 %;

2027 ж. – 77%;

2028 ж. – 78%;

2029 ж – 80%.

2023-2029 жж.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Білім басқармасы

 

Жастар саясаты мәселелері басқармасы

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)

2024 жылғы түлек саны 5825, оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен бітірген түлек саны 4319. Түлектердің мамандық бойынша жұмысқа орналасуы 72,19% - ды құрайды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі білім басқармасының бақылауында. Жыл ішінде бұл индикаторға жоспарлы мәнге қол жеткізілді (72%).

2025 жылғы  5949 түлек бітіру жоспарланды, оқуын толық  аяқтаған түлек саны 5779.

Қазіргі таңда жұмысқа орналасу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

 

92.        

Маңғыстау облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдары   арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум (Маңғыстау облысының прокуратурасы, Маңғыстау облысының әкімдігі және Маңғыстау облысының полиция департаменті) аясында 145 мектепке бекітілген Прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесе ақпараттық, құқықтық шаралар ұйымдастыру

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Облыстық прокуратура

Полиция департаменті

Өңірімізде жасөспірімдер мен өзге де құқықбұзушылық тәуекелдері туралы ескерту, алдын алу және азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «QR - профилактика» жобасы іске асырылып, прокуратураның сенім телефоны мен мобильді топ тізімі көрсетілген. 

Барлық білім беру ұйымдарында буллингтің, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын-алу, балалардың қауіпсіздігі  жадынамалар шығарылып, білім беру ұйымдарының сайттарында, әлеуметтік желілерінде жарияланды.

 

93.        

Білім беру ұйымдарының басшыларымен, педагог қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша ай сайын семинарлар өткізу, арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Ағымдағы жылдың 05 ақпан күні Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл агеттігінің Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Ш.Шаменовпен  және Білім басқармасының басшысы А.Кумбаев  қатысуымен  барлық білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтері  арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DFsHwHBs9gP/?igsh=MWplbnIzcTRrOWxhZw==

https://www.facebook.com/share/v/166RuXoM9N/?mibextid=wwXIfr

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әр тоқсан сайын ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Т.Жұмағұловпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

94.        

Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес,  педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша тоқсан сайын есепті кездесулерін өткізу

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес,  педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша есеп беру кездесулерін тоқсан сайын өткізіп, сайттарына  жарияланып отырады

 

95.        

Білім саласы басшылары, ұстаздары және ата-аналарымен жиналыс өткізу барысында заңсыз ақшалай қаражат жинаудың алдын алу мақсатында НҚА таныстыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңсыз қаржат жинаудың алдын алу бойынша әр тоқсан сайын                                          ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Т.Жұмағұловпен бірігіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

96.        

Білім беру ұйымдарының фоелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтерді әзірлеу және жаңарту

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

ОРЫНДАЛДЫ

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтерді әзірленді және жаңартылды

 

97.        

Білім беру ұйымдарындағы «Adal urpaq» ерікті клубтары мен «SANALY urpaq» студенттік клубтарының қызметіне мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау 

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Маңғыстау облысында 112 жалпы білім беру ұйымында жастарды парасаттылыққа, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды.

«Адал ұрпақ» клубының жұмысы білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасатты мінез-құлық үлгілерін таныту, құқық бұзушылық пен әділетсіздікке қарсы күресу сияқты мәселелерді шешуге бағытталған.

Аталған бағытта ұйымдастырылған шараларға 66094 білім алушы қамтылды.

-2024 жылғы 13 желтоқсанда ТжКОБ ұйымдарында жастардың бойында рухани - адамгершілік және азаматтық-патриоттық смезімін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «SANALY URPAQ» клубы мүшелерінің облыстық слеті өтіп, іс-шараға барлығы 200-ге жуық студенттер мен жетекші мамандар қатысты.

 

98.        

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау жөніндегі республикалық кең ауқымды акцияларға қатысу

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау бойынша  27.12.2025 жылы «Ашық есік» күнін өткізу жоспарланды.

 

99.        

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын бекіту

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын бекітілді, білім басқармасының сайтына орналастырылды, https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/documents/details/908553?lang=kk

 

100.    

Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімін өзектендіру

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Білім басқармасының ресми интернет ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттар жарияланып отырады (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/documents/details/796504?lang=kk)

 

101.    

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің TEDx форматында әртүрлі салаларда жетістікке жеткен спикерлерді шақыра отырып кездесулер өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

2023 жылғы желтоқсан айында жергілікті жердің блогерлері, еріктілер, өңірден шыққан жас әкімдер, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қатыстыра отырып, TED-х форматында «ZHASTAR TALKS» тақырыбында кездесу;

   Спикерлер – Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Аят Сүгірбай, Маңғыстау ауданы Оңды ауылының әкімі Қуаныш Жәнібекұлы, облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов, Есенов колледжінің студенті Шалқар Ақмолдаев, Mediana Services компаниясының ІТ маманы Серік Серікбаев сынды спикерлер есірткі тұтынудың зардабы, жетістікке жетудің қадамдары, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлі, т.б. тақырыптар төңірегінде ой бөлісіп, ашық пікір алмасты.

   - 2024 жылғы қыркүйек айында жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамыту, қоғамға пайдалы істерге бейімдеу және белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру мақсатында Ақтау технологиялық қызмет көрсету, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждерінде TED-x форматында пікір алмасу өтті.

- 2025 жылғы ақпанда Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде «Студенттік парламенттің болашағы: уақыт талабына сай бейімделу» тақырыбында TED-x форматта облыстық семинар өтті. 

      Семинарда бітіруші студент жастар мен педагогтер «Өзгеріс үшін бірігу: Жақсы қоғам құрудағы студенттердің рөлі», «Көшбасшылықтың күші: Қоғамды іштен өзгерту», «Small Actions, Big Impact: Өмірді өзгертетін жастарға арналған әлеуметтік жобаларды қалай пайладану қерек?» тақырыптарында шебер сыныбымен бөлісті.

       2025 жылғы 5-7 қараша күндері облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастармен қатар Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия елдерінен келген барлығы 150 жас көшбасшының қатсуымен өткен «Aktau Youth Forum» халықаралық жастар форумы аясындағы
«Серпіліс», «Сана», «Саулық», «Сауат» бағыттары бойынша панельдік сессиялары, семинар-практикумдары мен воркшоптарға колледж студенттері қатыстырылды. Жастардың рухани, интеллектуалды және әлеуметтік әлеуетін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға үлес қосу мақсатында өткен бұл ауқымды форумға қатысқан Дана Нұржігіт, Өркен Кенжебек, Нұрлан Байжігітұлы, Тимур Бектұр, Дина Төлепберген, Данияр Жігітбек, Айкерім Есенәлі және өз саласында жетістікке жеткен өзге де спикерлер жастарға ерекше мотвациялық рух берді.

 

102.    

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер жұмысына мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

        

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Маңғыстау облысында 152 күндізгі мектеп бар, аталған барлық мектептерде қамқоршылық кеңес бар. Мектептің оқу-тәрбие ісіне белсене араласады. Қамқоршылық кеңесінің отырыс хаттамалары мектептердің сайттарында орналасқан.

 

103.    

Агенттіктің аумақтық департаменті өкілінің білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде кездесуі, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

ҚР қызмет істер жөніндегі Маңғыстау  облысы бойынша департаментінің  басшысы Т.Жұмағұлов  білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесіне қатысты,  білім саласының интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жарияланды. https://www.instagram.com/reel/DN21IGc0MBa/?igsh=MTc5aGk0Y2hpZGZjeQ==

 

104.    

Адалдық пен Академиялық адалдық мәселелеріне арналған "Адалдық сағаты" бірыңғай сағатын өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Адалдық – азаматтық белгісі», «Болашақ - жастардың қолында» тақырыптарында сурет байқаулары, сынып сағаттары, дебаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, оған 4000-нан астам  оқушы, 1495 педагог,  900- ден астам ата-ана қамтылды.

 

105.    

Республика күніне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқушылар мен студенттер арасында дебат турнирін өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау

 

2023-2029 жж.

Білім басқармасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал колледж», "Академиялық адалдық және парасаттылық" сағаттары, "Біз жемқорлыққа қарсымыз", "Адалдық – адамдықтың белгісі", "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!", «Маңғыстау – Адалдық алаңы», «Пара берсең, жазаланасың!», «Болашақты жобалаймыз», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту», «Сыбайлас  жемқорлық-қоғам дерті», «Ұлттық код – рухани болмыс кілті», «Ұлттық код – ата-баба аманаты», «Құқықбұзушылық және жасөспірім», «Жемқарлық  індет, жою міндет», «Сыбайлас  жемқорлықпен күрес -бүгінгі күндегі басты мәселе», «Еңбегі  өшпес  тұлға» тақырыптарында бейнеролик байқаулары, челлендждер, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, эссе байқаулары, көрмелер, слеттер, кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, акциялар, дебаттар, ашық есік күндері, пікірталастар, танымдық сағаттар, байқаулар, сонымен қатар, «Таза сессия» апталық шарасы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық  науқаны, т.б. акциялар

жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырады.

 

                             

 

 

 

Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ 2025 ж. ІІІ тоқсан
Дата публикации
29 ноября 2025