Маңғыстау облысының білім саласында 2025 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерін талдамалық ақпараты

Маңғыстау облысының білім саласында 2025 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерін талдамалық ақпараты

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне cәйкес білім саласында 38  қызмет түрі   көрсетіледі. Оның ішінде 32-і электрондық форматта, қалған 5 қызмет қағаз түрінде.

Ақпарат үшін: 32 электрондық қызмет: 30-ы «es.edu.kz», 1 қызмет «indigo24.kz» (балабақшаға кезекке қою), 1 қызмет «abiturient.edus.kz» (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау) ақпараттық жүйелерінде.

2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша  34 қызмет түрі көрсетілді        Қызмет саны – 23 965. Оның ішінде: 13 213 қызмет  электрондық форматта, 10 480 қызмет   қағаз жүзінде, 37  қызмет  мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту саны – 550 (құжаттардың талаптарға сәйкес емес, толық емес). 

Мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтердің саны - 27

Орын алған мерзім бұзушылыққа жол берген 27 мекеменің директорына шара қолданылып, кемшіліктер қалпына келтірілді.

Ішкі бақылау іс-шарасы бойынша 2 мекеме тексерілді. Ішкі бақылау барысында 42 заң бұзушылық анықталып,  заң бұзушылыққа жол берген мекеменің жауапты маманына шара қолданылды. Анықталған бұзушылық қалпына келтірілді.

Маңғыстау облысының білім басқармасы мерзім бұзушылықтар мен ішкі бақылау кезінде анықталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында барлық білім беру ұйымдарының басшыларымен жиналыс өткізіп түсіндіру жұмыстары жүргізіп, Заңға сәйкес қағида талаптарын орындау бойынша тапсырмалар беріліп,орындалды.

Барлық білім беру ұйымдарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

         

 

Маңғыстау облысының білім саласында 2025 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерін талдамалық ақпараты
Дата публикации
14 мая 2025