Маңғыстау облысы 2020-2021 оқу жылында 156 мектеппен бастады (141 күндізгі, 10 жекеменшік, 5 кешкі).
Барлық оқушы саны - 158727 (күндізгі мектепте 156655, жекеменшік – 1378, кешкі – 694), мектеп алды даярлық сыныбында 9330 бала оқып отыр.
Биылғы оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған бала саны – 18594.
Бір мектеп штаттық режимде оқытуда (Қарақия ауданы, Аққұдық орталау мектебі – 27 оқушы).
Облыс бойынша 128 мектепте 1 сыныптар үшін кезекші сыныптар ашылды. Ондағы оқушы саны – 15429.
Соның ішінде, күндізгі мемлекеттік мектептерде кезекші сыныпта оқитын оқушы саны - 14994.
Қалған 143 298 оқушы қашықтықтан оқыту форматында білім алуда.
Оқушыларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында компьютерлік құрылғылары жоқ балаларға компьютер, ноутбук, планшет, роутерлер таратылды.
Бұл мақсаттарға ҚР Үкіметінен 3 491 млн. теңге қаржы бөлінді.
ҚР Үкіметінің жедел шығындарға арналған резерві бюджеті есебінен бөлінген қаржыға 22 541 компьютерлік құрылғы сатып алынуда (2346 компьютер, 3039 планшет, 17156 ноутбук).
Соның ішінде, 1409 компьютерлер мен планшеттер облысқа әкелініп, аз қамтылған отбасы оқушыларына таратылды. Оның ішінде, 10208 оқушы ауыл балалары.
Бұдан өзге, жергілікті бюджеттен 1 194 млн. теңге қаржы бөлініп, 8100 компьютер, қала мектептеріне жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін енгізу аясында 311 млн. теңгеге 5188 компьютерлік техника сатып алынып балаларға таратылды.
Қашықтықтан оқыту барысында қолданылып отырған платформалар mektep.edu.kz, Bilimland, Daryn.onlayn жүйелері және WatsApp, Telegramm мессенджерлері.
Оқушылардың кері байланысы, мұғалімдердің электронды журналдарды толтыруы mektep.edu.kz жүйесінде жүзеге асырылады.
Жүйеге тіркелген жалпы мұғалім саны – 14855, оқушы саны - 149 824.
Бүгінге дейін 54826 бейнеконференция форматымен сабақ өткізілді.
Қашықтықтан оқыту форматында педагогтар тарапынан оқушыларға 6 934 715 материал жіберілді, 6 479 689 оқушы жауабы тіркелді.
Бұдан өзге, 127 362 оқушы ok.edus мобильді қосымшамен жұмыс жасауда.
Сонымен бірге, интернет жылдамдығы төмен аймақтарда тұратын 14244 отбасыға спутниктік байланыс операторларының интернет – роутерлерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 233 млн. қаржы бөлінді, сонымен бірге демеушілер есебінен 250 дана роутерлер алынып, оқушыларға таратылып берілді.
Қазіргі кезде оқушылар интернет байланыс құралдарымен толық қамтылып, оқу процесі өз деңгейінде жүргізілуде.