Қазіргі таңда облыс бойынша 311 (мемлекеттік-141 (45%), жекеменшік-170 (55%)) мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі-МДҰ) 36701 бала тәрбиеленуде.
Жекеменшік балабақшалардың 159-ы мемлекеттік тапсырыс алады.
2019 жылы 2258 орындық 30 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100 %-ды құрады.
2020-2025 ж. жасалған қадамдық жоспарға сәйкес, 2020 жылы 1790 орындық 20 МДҰ ашылуы жоспарланып, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 865 орындық 10 жекеменшік балабақша ашылды. 2025 жылға дейін 10825 орындық 122 МДҰ ашылуы жоспарланды.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі (МЖӘ) арқылы балабақшалар ашылуда. Маңғыстау облысында 5 балабақша МЖӘ тетігі арқылы (Ақтау -4, Мұнайлы - 1) ашылды.
Облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда бір балаға бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны 30488 теңге, ал ата-ананың бір айдағы төлемақысының орташа мөлшері 11827 теңге болып табылады.
Алдағы уақытта, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1-6 жастағы балаларды МДҰ-мен қамту жұмыстары жүргізіледі.
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы «Маңғыстау облысы аумағында карантин режимі және карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» № 37-БСДҚ қаулысының негізінде, а.ж. 19 тамыздан бастап облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашылды.
Бүгінгі таңда, 233 МДҰ-да 1125 топта 15127 бала – 44,0% (Ақтау- 7516, Жаңаөзен-3221, Бейнеу ауданы-200, Қарақия ауданы-840, Маңғыстау ауданы-213, Мұнайлы ауданы-3079, Түпқараған ауданы-58) тәрбиеленуде.
Штаттық режимде жұмыс жасап отырған балабақшаларда барлығы 2654 педагог және 3075 басқа да қызметкерлер (медбике, аспазшы, кір жууышы және т.б) еңбек етуде.
Санитарлық-эпидемиологиялық, дезинфекциялық жұмыстар талапқа сай жүргізіледі.