Маңғыстау облысы білім басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2016 жылғы 3 тоқсан есебі

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 756 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Маңғыстау облысы білім саласы бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 32 қызметтің түрін көрсетеді.

      Соның ішінде Маңғыстау облысы Білім басқармасы және бағынысты мекемелерімен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің жалпы саны -19

Есептік кезеңде орталық облыс әкімдігімен 32 мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлық саны  -7069. Оның ішінде:

1) көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы-6983

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны-41

3) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 45

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің»,  конференциялардың саны –166

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), интернет-ресурстарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобалары жария талқылау үшін  e.mangystau.kz, mangystau.edu.kz   мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сайтында жарияланған. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен семинарлар, кездесулер өткізілді және жергілікті баспасөз құралдарында (газет, теледидар) мақала, сұхбат, хабарламалар берілді.

 

Дата публикации
03 октября 2016