Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2018 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша нәтижелеріне сәйкес

Маңғыстау облысы білім саласы бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 39 қызметтің түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2018 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша  нәтижелеріне сәйкес:

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –8821. Оның ішінде:

1) көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 7218.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 1498.

3) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 105.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің»,  конференциялардың саны –159.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), интернет-ресурстарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Дата публикации
01 октября 2018