Бүгін а.ж. 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимлы Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы департаментінің бастығы Шаменов Шаймурайт Айтмұратұлы (ZOOM арқылы), Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Шагирбаев Имаммагзум Мұхитұлы және білім басқармасына бағынысты мекеме басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы бағынысты мекеме басшыларына жұмыс барысында қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау, мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруда сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу үшін тиісті нормативтік құқықтық актілердің нормалары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мереке қарсаңында сыйлық алу, ақша жинау фактілеріне жол бермеу бойынша бірнеше хаттамалық тапсырмалар берілді.