Маңғыстау облысы білім басқармасының 2017 жылы  атқарған жұмыстарының қорытындысы

Маңғыстау облысы білім басқармасының 2017 жылы  атқарған жұмыстарының қорытындысы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Облыста 2017 жылы 262 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 224 балабақша, 38 шағын орталық жұмыс жасайды. 2017  жылы 2309  орындық 25 МДҰ  іске қосылды (мемлекеттік - 1, жекеменшік – 24).

Облыс бойынша жекеменшік балабақшалардың жалпы балабақша санынан үлесі - 39,3%  (81 балабақша, 22 шағын орталық).

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 93% (2015 – 77,4%, 2016 – 83,5%, 2017- 93%) құрайды.

2018 жылы 3939 орындық  34  мектепке дейінгі ұйым іске қосылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттырудың тиімді шешімі ретінде облыста 2017-2019 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы 17 балабақша ашу жұмыстары қолға алынды.  

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы 2018 жылы ашуға жоспарланған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (МДҰ):

- Мұнайлы ауданында Маңғыстау-2 селосында 140 орындық                1 балабақшаның құрылысы басталды;

- Ақтау қаласында кері қайтарылған 1200 орындық  4 мемлекеттік балабақшаға (№ 15, 6 ш/а; № 51, 27 ш/а; № 52, 14 ш/а; № 55, 13 ш/а) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жалпы орта білім беру

Облыста 146 мектеп  (оның ішінде, 134-мемлекеттік, 5-жекеменшік, 7-кешкі) қызмет етеді. Шағын жинақты мектептер саны – 12 (Бейнеу ауданы – 7, Қарақия ауданы – 2, Маңғыстау ауданы – 3).

2017-2018 оқу жылының 1 қыркүйегінде 1 жекеменшік мектеп  іске қосылды.

Оқушылар контингенті – 127168 (2016 ж.-119590) баланы құрайды, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 7587 оқушыға артты.

Үш ауысымда жұмыс жасайтын мектептер саны – 8 (1939 бала). Облыста апатты мектептер жоқ.

Қазіргі таңда үш ауысымды оқытуды жою мақсатында облыста 9 мектептің құрылысы салынуда (Жаңаөзен қаласы – 3, Ақтау қаласы – 1, Мұнайлы ауданы – 2, Түпқараған ауданы – 1, Маңғыстау ауданы – 1, Қарақия ауданы – 1).

2016-2017 оқу жылы 4900 оқушы мектеп бітірді. Оның 3600-і ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты (2016 жылы – 3161).

2017 жылы ҰБТ-нің қорытындысы бойынша орта балл – 77,7.

Мектепті 128 оқушы «Алтын белгімен» аяқтады (Ақтау қаласы – 25, Бейнеу ауданы – 8, Жаңаөзен қаласы – 35, Қарақия ауданы – 7, Түпқараған ауданы – 7, Маңғыстау ауданы – 15, Мұнайлы ауданы – 21, ОМИ – 4, БИЛ – 6).

Мемлекеттік  грант иегерлерінің саны – 1057 (2016 ж. – 575), оның ішінде «Серпін» әлеуметтік  жобасымен – 450. Маңғыстау облысы әкімінің грантымен  250  түлек  жоғары оқу орындарында білім алуда.

 

Материалдық-техникалық база

Облыстағы барлық 134 мектеп компьютермен жабдықталған (компьютер саны - 6200). 108 мектепте 142 мультимедиялық-лингафондық кабинеттері бар (81%). Физика кабинетінің жабдықталуы 50,0%-ға, химия 65,0 %-ға, биология 63% жетті. Облыстағы 33 мектеп робототехникамен жабдықталды.

Облыстың барлық мектептері интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең жолақты интернет желісіне 124 мектеп (92,5%), сымсыз интернет желісіне (Wi-Fi) – 95 мектеп (71%) қосылды.

Облыстағы мектептер «mektep.edu.kz» электронды жүйені пайдаланады. 2017-2018 оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап 27 мектепте тек электрондық журналды пайдалану пилоттық жоба ретінде енгізілді.

Bilim Media Group (BMG) компаниясының  цифрлық білім беру ресурстарын (imektep.kz, itest, bilimland.kz) 118 мектеп онлайн режимінде, 16 мектеп оффлайн режимінде пайдаланады.

 

Дарынды балалармен жұмыс

2016-2017 оқу жылында халықаралық олимпиадаларға 31 оқушы қатысып, оның 3-і жүлделі орындарды алды.

Химия пәнінен халықаралық 51-ші Менделеев олимпиадасынан, А.Бектұров атындағы ІІІ халықаралық химия пәні олимпиадасынан 2 оқушы (Ақтау қаласы «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Ғ.Молдағұлов, Ақтау қаласы №4 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Е.Воробьев) орын алса, ХІV халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 1 оқушы («Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Н. Аймағанбетов) орын алды.

«Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жоба конкурсына облыстан 6 оқушы қатысып, 6-уы да жүлделі орындарға ие болды. «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасында 4 оқушы қатысып, 4-уі де орын алды.  

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша ХІІІ халықаралық ғылыми жарысына  15 оқушы қатысып, 13 оқушы орын алса, О. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика мен механикадан зерттеу жұмыстарының VІІ халықаралық ғылыми конкурсына 10 қатысып, бәрі де жүлделі орындарға ие болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына 46 оқушы қатысып, 6-уы жеңімпаз атанды.

1-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына облыстан 21 оқушы қатысып, 18 – і жеңімпаз атанды.

2017 жылы түрлі пәндер бойынша республикалық олимпиадаларға облыстан 157 оқушы қатысып, оның 51-і жүлделі орындарға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасына облыстан 78 оқушы қатысып, 36-сы жүлделі орындар алды.

Педагог кадрлармен жұмыс

Облыста 17602 педагог қызмет атқарады, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда - 4191, мектептерде - 11880, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында - 1531.

2017 жылы 5590 мектеп мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

- 288 мұғалім деңгейлік бағдарлама бойынша (205 мұғалім, 33 мектеп директоры, 50 «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері);

- 2846 – білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша (2465 мұғалімдер, 66 мектеп басшылары, 148 мектеп тренерлері, 68 мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 66 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 33 АҚҚББ әдіскерлері);

- 787 физика, информатика, химия, биология пәні мұғалімдеру ағылшын тілін үйрену курстарында (487 – РБ есебінен, 300 – ЖБ есебінен);

- 84 мұғалім «Робототехника» бойынша;

- 1024 мұғалім қысқа мерзімді курстарда (214 – мемлекеттік тапсырыс бойынша, 810 - ақылы негізде);

-  561 ақылы семинар.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілік арттыру курстарынан өткендері -469, оның ішінде облыстан-36, өңіраралық 73, республикалық- 348 (Педагогикалық шеберлік  орталығынан деңгейлік курс - 54, «Кәсіпқор» холдинг»-294), халықаралық-12.

 

Педагог кадрлардың әлеуетін арттыру

Облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған олимпиада 4 бағытта өткізілді: тілші мұғалімдер (қазақ, орыс, ағылшын тілі), қоғамдық-гуманитарлық (тарих, құқық) пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер (математика, физика, химия, биология, география), бастауыш сынып мұғалімдері не арналған. Олимпиадаға  71 мұғалім қатысып, 38 мұғалім марапатталды.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау мақсатында мұғалімдер арасында әртүрлі бағыттағы 13 сайыс ұйымдастырылды. Сайыстарға аудан, қаладан 337 мұғалім қатысып, 83-і  жүлделі орындарды иеленді («Адамгершілік – ізгілік нұры», «Шеберлік сынып сағаттары», «Педагогикалық жасақтардың облыстық слеті», «Қазақстан менің елім» жас өлкетанушылар, «Үздік әлеуметтік педагог-2017», «Үлгілі педагог отбасы-2017», «Үздік психолог-2017», «Есірткісіз болашақ», «Алтын диск», «Жас бағдарламашы», «Үздік педагог», «Математикалық регата»).

Республикалық «Үздік педагог-2017» конкурсының облыстық кезеңіне 14 мұғалім қатысты. Жүлделі орын иеленген мұғалімдердің 4-уі республикалық кезеңге қатысып, олардың 2-уі «Үздік педагог» атағының және 2 млн. тенге көлеміндегі грант иегері атанды  (И. Строева – Ақтау қаласы№23 орта мектебінің математика пәні мұғалімі, А. Мұқашева – Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі).

Соңғы 4 жыл қатарынан облыстың математика пәні мұғалімдері аймақаралық (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының қатысуымен) «Математикалық регата» командалық байқауына қатысып келеді. 2017 жылы турнирдің облыстық кезеңіне аудан, қаладан 10 командада 40 мұғалім (7-і қазақ тілінде, 3-і орыс тілінде) қатысып, 6 команда жеңімпаз атанды. Ақтау қаласында өткізілген аймақтық «Математикалық регата» байқауында Мұнайлы ауданы мұғалімдерінен құралған «Пирамида» командасы І орынға ие болды. Орал қаласында өткен халықаралық сайысқа облыстан 2 команда қатысып, жүлделі орындарды (ІІ, ІІІ) иеленді.

Жалпы білім беру ұйымдары арасында «Үздік алғашқы әскери дайындық кабинеті», «Үздік информатика кабинеті – 2017», «Үздік тіл кабинеті (қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі)» байқауларына 27 кабинет  катысып, 12 кабинет марапатталды, «Үздік мектеп мұражайы» байқауына аудан/қаладан 6 мектеп қатысып, оның ішінде 4 мектептің мұражайы марапатталды.

2017 жылы облыста алғаш рет үздік педагогтарға және үздік білім беру ұйымдарына 16 номинация бойынша облыс әкімінің «Білім үздігі - 2017» премиясы тағайындалды («Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы», «Үздік мектепке дейінгі ұйымы», «Үздік ауыл мектебі», «Үздік қала мектебі», «Үздік шығармашыл маман», «Үздік педагогикалық жаңа идеялар», «Үздік арнайы білім беру шебері», «Үздік технологияларды қолданушы», «Үздік ұлттық дәстүрді насихаттаушы», «Үздік жетістіктер шебері», «Үздік қосымша білім беру шебері», «Үздік дарынды балалар жетекшісі», «Үздік әдістемені ұсынушы», «Үздік полиглот мұғалім», «Үздік жыл педагогы»).

 

Оқушылармен өткізілген тәрбиелік шаралары

Оқушылар арасында 29 облыстық, республикалық деңгейде шара ұйымдастырылып, 5435 оқушы қатысып, оның ішінде 341 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Менің болашағым» тақырыбында сурет байқауы, «Жастардың қайратты энергиясы», «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы «Балалар бастауы-2017» балалар әлеуметтік жобалары байқауы.

Патриоттық тәрбие беру бағытында «Мерген ару – 2017», «Отан қорғаушы», «Алау», «Жас Ұлан», «Қозғалыстың жас инспекторлары». «Рәміздерім мақтанышым», «Менің елімнің рәміздері», «Есірткісіз болашақ» байқаулары.

Мамандық таңдауға бағытталған «Мен таңдаған мамандық», «Мамандықтар әлемінде жол ашамыз».

Туристік – өлкетану бағытында «Менің Отаным – Қазақстан», «Отаныма деген менің бастамам», «Маңғыстаунама» («Ауылым – алтын бесігім», «Менің ауылым: өткені, бүгіні мен болашағы», «Ауыл келбеті»), «Бір апта қалада», «Бір апта ауылда». «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жастардың республикалық слеті өткізілді. Слетқа 13 облыстан 160 оқушы қатысты.

Өнер бағытында «Ақ шағала», 50-ші «Жас музыканттар», «Елім менің – ұлыстар мекені», «Бояулар құпиясы», «Әр бала – жарық жұлдыз», «Өнерлі өрен».

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың арасында өткен республикалық «ВІ Жұлдызай» байқауына 118 оқушы қатысты. Алматы қаласы Динамо стадионында өткізілген республикалық Спартакиадада Ақтау қаласы №2 Арнайы жалпы білім беру мектебінің оқушысы З.Клевцова үстел теннисінен ІІ орынды, Н.Шевелева жеңіл атлетика бойынша ІІ орынды, Мұнайлы ауданы №3 Арнайы жалпы білім беру мектебінің оқушысы Э.Елубай асық атудан ІІ орынды иеленді.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «KazRoboSport» робототехника чемпионаты мен «KazRoboProject-2017», «Полиглот» сайыстары өткізілді. Балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 4000-ға жуық оқушылар мен студенттерден қамтылған «Балалар мен жастар музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі» өткізілді.

Қосымша білім және тәрбие  беру шаралары

Жалпы білім беретін 134 күндізгі  мектепте 127168 оқушы білім алады. Қосымша біліммен қамтылған оқушылар саны - 106213 (83,5%).  Мектептерде 1840 (2016 ж. - 1323)  үйірмемен  42057 (2016 ж. - 29 184) оқушы, спорттық үйірмелермен 22829 (2016 ж.- 19 000) бала қамтылды.    

Сонымен қатар, 15 қосымша білім беру ұйымдарымен - 24654,           26 мәдениет және спорт саласындағы ұйымдармен – 16673 оқушы қамтылды.

Жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысы, бос уақыты және жұмыспен қамтылуы 2 бағытта ұйымдастырылды (сауықтыру және еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік, интеллектуальдық шаралар).

Cауықтырумен 99815 бала, яғни 86,6% қамтылды.

Еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік, интеллектуальдық шаралармен 137 829 000 немесе 99,8 % оқушы қамтылды. Оның ішінде есепте тұрған 295 (100%) оқушы және 247 (100%) қолайсыз отбасыларын балалары жазғы сауықтыру шаралармен қамтылды.

Алғашқы рет ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасымен бірігіп әскери-патриоттық лагерь ұйымдастырылды. Онда 300 жасөспірім жазғы каникул кезінде демалып, кәсіби бағдар алды. Сонымен қатар, «Қайсар» ҚБ 100  жастар арасында 3 күндік патриоттық лагерь ұйымдастырды.

Сондай-ақ, 15 мыңға жуық бала Астана қаласына ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға барды.

«Облыстық балалар аулының» 40 тәрбиеленуші Алматы  қаласындағы  «Алтын Чажа» лагерінде  демалды.

«АДЖИП Каспиан СИ Б.В.» мекемесінің демеушілігімен Италияның Чезенатико қаласына жетім және мүжәлсіз отбасының 40 оқушысы тамыз айында демалды.

Қыркүйек айынан бастап облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм орталығы ашылып, жұмыстар атқара бастады. Орталықта туризм, экология, өлкетану, техникалық шығармашылық үйірмелері ашылып, 1012 баламен қамтамасыз етілді.

 «Менің – Отаным Қазақстан» туристік  өлкетану  слеті  өткізіліп, оған  республикадан  160 бала келді.

Қыркүйек айынан бастап облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм орталығы ашылып, қызмет атқара бастады. Орталықта туризм, экология, өлкетану, техникалық шығармашылық үйірмелері ашылып, 1012 баламен қамтамасыз етілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар дамыту қорының ұйымдастыруымен «Биіктерге бірге» байқауы өткізілді. Байқаудың нәтижесінде 50 мектеп замануи спорт жабдықтармен жарақтандырылды, 10 мектеп үздік ондық қатарынан орын алды.

Сонымен қатар, білім басқармасы және «Lion Construction Group» ЖШС арасында мемлекеттік-жекешілік әріптестік механизмі арқылы келісім-шарт жасақталып, Ақтау қаласының №2, 10 және 28 мектептерінде көпфункционалдық спортзал құрылысы басталды. Бүгінгі таңда № 2 орта мектеп жанындағы спортзалдың құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Облыстағы білім беру ұйымдарында 2016-2017 оқу жылында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтің алдын алу бағдарламасының жүргізілуі» тақырыбындағы мектеп, колледждердің педагог-психологтарына арналған семинар өткізілді. Білім басқармасы ЮНИСЕФ балалар қорымен біріккен жобаның оң нәтижесін ескере отырып, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырады.

 

Арнайы  білім беру

Облыста 14 арнайы және арнайы (түзету) білім беру  ұйымдары  жұмыс жасайды. Онда  1279  бала  білім  және  тәрбие алуда.

Облыс бойынша 0-18 жас аралығындағы даму проблемалары бар балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық – медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету мақсатында, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (әрі қарай - ПМПК) жұмыс жасайды.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес–2;тіркелген дамуы шектелген балалар саны – 4968 (оның мектеп жасына дейін – 1349, мектеп жасында – 2989, мүгедек  бала саны – 2067), (2017ж. – 4338, оның мектеп жасына дейін – 1564, мектеп жасында – 3404, мүгедек  бала саны – 1783).

Мүмкіндігі шектеулі  балаларға арналған облыстық мектеп – интернаты – 1, бала саны – 142.

Мектепке  дейінгі  арнайы  түзету мекемесі – 2,  бала саны – 309.

Арнайы  білім(түзету) беру ұйымы – 3, бала саны – 453.

Арнайы білім беру мекемелерін аяқтаған түлектерді орналастыру бағытында аталған мекемелерде даярлаушы, тігінші негізінде курс жүргізіліп, өз еріктерімен  қабылданады, курсты  аяқтаған соң тыңдағаны туралы анықтама беріледі.

2017 жылы арнайы білім беру мекемелерін бітірген 44 түлектің, 2-і кәсіптік лицейде,1-і кешкі мектепте, 9-ы мектепте  білімін  жалғастыруда, ал 32 түлектің ақыл-есінің кемдігіне байланысты білімін жалғастыру мүмкіндіктері жоқ.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері – 5,  бала саны – 307 (Ақтау қаласы, Бейнеу –116,  Маңғыстау – 58 , Қарақия – 69, Мұнайлы – 64).

Облыс  әкімінің 06.11.2017ж. № 265  қаулысымен Ақтау  қаласының №8 орта мектеп  жанынан  «Ақтау  психологиялық– педагогикалық  түзету  кабинеті  ашылды.

Оңалту орталығы – 1,  бала саны –  57.

Жаңаөзен қаласындағы «Оңалту орталығы» Ұлттық қордың есебінен «Ақбұлақ» шағынауданынан сыйымдылығы 320 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазіргі таңда 57 мүмкіндігі шектеулі, мүгедек  балаларға көмек көрсетілуде.

Аталған мекемелерде 49 арнайы педагог: 23 логопед, 34 дефектолог, 19 олигофренопедагог, 7 сурдопедагог  жұмыс жасайды. 

Мүмкіндіктері   шектеулі   балаларды спортқа тарту, әлеуметтендіру және салауатты өмір салтын насихаттау   мақсатында «Жұлдызай» фестивалі  өткізілді. 

Мүмкіндігі   шектеулі   балалардың шығармашылығын  дамытуда  арнайы білім беру  ұйымдары  арасында  облыстық «Үміт» шығармашылық  фестивалі жоғары  деңгейде  ұйымдастырылып  өткізілді, 60 бала   белсенді қатысып, Білім басқармасының диплом, алғысымен  марапатталды.   

Мектепке жол» акциясын өткізу туралы білім басқармасының іс-шара жоспары жасақталып, білім беру мекемелерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалпыға бірдей міндетті оқу айлығы мен «Мектепке жол» акциясы «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» ұранымен өткізілді.

Облыс бойынша 12047 оқушыға (оның ішінде-10237 балаға бюджеттен тыс қаражат есебінен 98205,1 теңге, 1810 балаға жалпыға бірдей міндетті  оқу қорынан 37693,9 теңге ) 135889,0 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы мен БҰҰ  БҚ (ЮНИСЕФ) 2016-2020 жылдар арналған ынтымақтастық бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің  өкілі және Грузия мемлекетінен келген халықаралық  дәрежедегі  эксперттердің  қатысуымен  семинар-тренинг өткізілді.

Аталған шара  ағымдағы жылдың 25-29 қыркүйегі аралығында девиантты мінез-құлықты балаларға арналған  облыстық мектеп-интернаттың  жанында өткізілді. Бұл шараға  жалпы білім беру   ұйымдарының  әлеуметтік педагогтары мен психологтары  қатысты.

Сондай-ақ, ЮНИСЕФпен (БҰҰ) «Маңғыстау облысының балаларының әл-ауқаты туралы»  атты конференция өткізілді. Жобалардың  жүзеге асырылу барысы талқыланып, білім саласының жобаны  жүргізудегі  жұмыстары нәтижелі  оң бағаланып, аталған  жобаны  жалғастыру  бағытында 2 күндік семинар ұйымдастырылып 17  маман қатыстырылды.   Астана қаласында БҰҰ «Балаға мейрімді Қазақстан» атты   халықаралық  конференция ұйымдастырылып, оған 20 оқушы, 7 маман  қатысушы  дайындықпен қатыстырылды.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 565 (2016ж.-587), оның ішінде қорғаншылық және қамқоршылықта – 461, патронаттық тәрбиеде – 25, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде – 79 (2016 ж. – 122).

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы интернаттық мекемелерден 21 бала отбасына қайтарылды (оның ішінде: 4 бала асырап алынды, 8 бала өз отбасына қайтарылды, 8 бала қорғаншылық және қамқоршылыққа, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілді).

Жетім балалар мен   ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға арналған  республикалық деректер банкі бойынша  жауапты адамдар бекітіліп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы  мәліметтер енгізілуде.

2017 жылы 26 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

2017-2018 оқу жылында  облыста 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызмет атқарады, соның ішінде 15 – мемлекеттік, 11 – жекеменшік.

Мамандарды дайындау 91 мамандықта, 169  біліктілік бойынша жүргізіледі.

2017-2018 оқу жылында колледждердің студенттер контингенті 21792 адамды құрап, оның 12836-ы (60%)  мемлекеттік  тапсырыс  бойынша бюджет есебінде, 8956-ы (40%)  ақылы түрде  білім алады. (2016 ж.– 22454 адам).  2017-2018 оқу жылында 6702 студент қабылданды, 4169-ы (62,3%) мемлекеттік бюджет есебінен, 2533  (37,7%) бюджеттен тыс қаражат есебінен.

Колледждерде білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша кезең-кезеңмен аккредиттеу процесі жүргізіліп, бүгінде, аккредиттеуден өткен колледждер – 10  (38,4%, республикалық көрсеткіштен 4 есе жоғары).

Жаңаөзен мұнай және газ колледжі атауын, Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжі болып өзгертіліп,   ауылшаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша мамандар даярлауға басымдық берілді.

2017-2018 оқу жылында жаңа жұмысшы мамандықтары ашылды: слесарь - сантехник, наубайшы, медициналық құрылғыларды жөндеуші электромеханигі, құрылыс шебері, энергоөнеркісіп менеджері,  строполші, Ветеринарлық фельдшер, энергоаудит, энерго менеджмент.

Қазіргі таңда «Мейірбике» және «Қайнар» колледждерінде кредиттік-модульдік технологиямен оқыту жүргізіліп жатыр, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кезең-кезеңмен кредиттік-модульдік технология енгізу жоспарлануда.

«Қолданбалы бакалавриат» оқыту жүйесін Маңғыстау гуманитарлық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша  2018-2019 оқу жылдарында енгізу жоспарлануда.

 «Баршаға  арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» бағдарламасы шеңберінде 16 колледжде, 23 мамандық, 29 біліктілік бойынша  республикалық бюджет есебінен 1131 адам, жергілікті бюджет есебінен 400 адам оқытылып жатыр.

Қабылданған студенттердің 61%-ы халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар.

Оқыту төмендегі бағыттар бойынша қамтылуда: сервис (34,6%),  көлік (19,5%), жеңіл өнеркәсіп (12,9%), отын-энергетикалық кешен (11%), ақпараттық коммуникация технологиялар және байланыс (11%), құрылыс (4,4%), машина жасау (4,4%), медицина (2,2%).

 

2017-2018 оқу жылындағы мемлекеттік тапсырыстың 36,8% жұмысшы мамандығын құрайды.

2017 жылы бітіруші түлек саны 4550 адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс – 3640 адам. 

2017 оқу жылы жұмыспен қамтылуы мен өзін - өзі қамтамасыз етуі - 80% құрайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс 90%. ( 2015ж.-79,2%, 2016ж. – 80%).

Кәсіптік білім беру бойынша  мекемелермен 767 келісім-шарт жасақталды. Өндірістік тәжірибен өту үшін мекемелерден 8758 орын берілді.

 

Дуальды оқыту жүйесі

Бүгінгі таңда дуальды оқыту жүйесі бойынша эксперименттік түрде білім беру 21 колледжде енгізіліп, 37 мамандық (53 біліктілік) бойынша 1935 студентті қамтыды. Әлеуметтік серіктестермен 165 келісім-шарт жасақталды. Өткен жылмен салыстырғанда дуальдік оқу жүйесі енгізілген колледждердің саны 4 колледжге, мекемелер саны – 103 мекемеге, мамандықтар саны – 13 мамандыққа өсті.

2017 жылдың көрсеткіштеріне сәйкес  дуальды оқыту жүйесі енгізілген колледждер саны барлық колледждер санының 80,8%,  мамандықтар саны барлық мамандықтың 43,5%, студенттер саны күндізгі бөлім контингентінің 8,7% құрайды. Өткен жылымен салыстырғанда студенттер саны 41% артты.

«WorldSkills Kazakhstan» жұмысшы мамандықтарының кәсіби шеберлігі Ұлттық чемпионатында облыстан колледж студенттері 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді иеленді. РФ Краснодар қаласында өткен халықаралық чемпионатта 2 студент 1 күміс, 1 қола медаль иегері атанды.

 Жұмысшы мамандығының «Batysskills» кәсіптік шеберліктің аймақаралық чемпионатына  5 облыс (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстары) 11 құзыреттілік  бойынша қатысты.  Өңірлерден   80 студент  қатысып, Маңғыстау  облысы 6 алтын, 6 күміс, 1 қола медаль иегері атанды. Жалпы командалық есеп бойынша Маңғыстау облысының командасы бірінші орын қоло жеткізді.

Колледждер өз өнімдерін сату және қызметтер көрсету  арқылы өзін-өзі қаржыландыруда. Оның ішінде:

Қарақия кәсіптік, Маңғыстау политехникалық колледждері  дәнекерлеу цехтарында, токарлық шеберханаларда студенттер тәжірибе жүзінде жұмыстар жүргізеді. Өз қолдарымен отырғыштар, гүл қоятын сөрелер, қоқыс жәшіктерін және де  тұрмысқа қажетті құрал–саймандар жасайды. Студенттердің өз қолымен жасаған тұрмыстық бұйымдарын  мектептер мен балабақшаларға   тарту етілді.

Жаңаөзен политехникалық колледжі жастары әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға кызмет көрсету жобасын қолға алды.

Оның ішінде, студенттер Жаңаөзен қаласы Рахат ауылының тұрғындарына шаш қию, киімді үлгілеу бойынша тегін мастер – класстар ұйымдастырды. Қыркүйек айынан бері 57 тұрғынға тегін қызмет көрсетілді.

Қарақия кәсіптік колледжімен «Мамандыққа жол ашамыз» атты жоба аясында аптасына 1 рет мектеп оқушыларына жұмысшы мамандығын игеруге бағытталған тәжірибелік сабақтар өткізуде. Сонымен қатар колледж студенттері өздері дайындаған кондитерлік өнімдерін  сату арқылы  түскен  қаржат колледждің 6 жағдайы төмен  студенттеріне  берілді.

6 желтоқсанында «Студенттік дүкен» пилоттық жобасы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған  колледж студенттері өздерінің мамандықтары бойынша өндіріп жатқан өнімдерін ұсынынды, одан түскен 179948 мың теңге қаражатты жағдайы төмен, мүгедек, тұлдыр жетім отбасыларына берілді.

Желтоқсан айында «Қаржы сауаттылығы», «Бастауыш білім беру», «Құқықтану» мамандықтары бойынша облыстық арнайы пәндер олимпиадасы өткізілді.

 

Дата публикации
04 января 2018