Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2023 жылдың 15 наурызында білім беру ұйымдарына бірінші басшыларды және педагогтерді жұмысқа қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында аудан, қала бойынша білім бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларының және кадр қызметінің мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыста жаңа редакцияда жазылған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қағидада басшылық лауазымға конкурсқа қатысушы кандидаттарға қатысты сертификаттаудан өту тәртібі өзгертілген, ал педагог лауазымына конкурсқа қатысуға тапсырылатын құжаттар тізімі толықтырылып, ағылшын тілі педагогтері мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасатын педагогтерге қойылатын талаптар күшейтілген.

Басшыларға қағида талаптарының қатаң сақталуын қадағалау тапсырылды.

Дата публикации
31 марта 2023