Маңғыстау облысы білім беру ұйымдарында ыстық тамақпен қамту бойынша ақпарат

Маңғыстау облысы білім беру ұйымдарында ыстық тамақпен қамту бойынша ақпарат

          2022-2023 оқу жылында 145 күндізгі мемлекеттік мектепте 165 591 оқушы білім алады. Өңірдегі 142 мектепте асхана бар. Оның ішінде, 20 мектеп мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қызмет етеді.

Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы жасақталды. Аудан, қала көлемінде бірыңғай ас мәзірі жасалды.

        Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 136 мектепте бір мезгіл аз қамтылған, көп балалы және тағы да басқа осал топтарға жататын отбасы балалары және 1 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ, 6 интернаттық мектепте бес мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған.  Қазіргі таңда жалпы білім беретін 139 мектепте 43 637 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды (оның, 25 459 – аз қамтылғандар, 18 178 – 1 сынып оқушылары).

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 320 қаулысына сәйкес, оқушылардың орташа бір реттік тамақтандыру нормалары белгіленеді, соған сәйкес, статистикадан бір баланың тамақ құны шығарылады. Тағамдардың бағаларын нарықтық бағамен есептеу заң аясында қарастырылмаған. Бүгінде бір бала тамағының  орташа құны салықты (НДС) қоспағанда 500 теңгені құрайды (республика бойынша орташа есеппен бір баланың тамақ құны 480-500 теңге).

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Әр білім беру ұйымдарының web портадарында тиісті мәліметтер көрсетілген хабарландыру беріліп,  кәсіпкерлер конкурсқа түседі. Конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы мектеп веб-порталда орналастырады. Конкурста жеңімпаз деп танылған кәсіпкермен келісімшарт жасақталып, қазынашылық департаментінде тіркеледі. Бағамен келіспеген кәсіпкер келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, мектеп сот органдары арқылы келісімшартты бұзып, қайта конкурс жариялайды.

Өткен оқу жылынан бастап, Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы құрылып, әр айдың соңында мектеп асханаларына мониторинг жүргізілуде. Ведомствоаралық сарапатамалық топ құрамына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, ата-аналар өкілдері, депутаттар енгізілді. Сараптама қорытындысы білім бөлімдерінің, басқарманың сайттарында жарияланады.

Дата публикации
10 февраля 2023