Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы 

Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
  2. «2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28385 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

 

                                             Маңғыстау облысының  әкімі                                                     Н. Ноғаев

 

Маңғыстау облысының

әкімдігінің  2023 жылғы

«___» ____________

№________ қаулысына

қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

№

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны

Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Ғылыми-техникалық

1190

13168

2

Туризм және өлкетану

220

13168

3

Экологиялық-биологиялық

230

13168

4

Көркемдік-эстетикалық

455

13168

5

Әлеуметтік-педагогикалық

665

13168

6

Гуманитарлық

1000

13168

7

Жаратылыстану-математикалық

1240

13168

Барлығы

5000

-

                                                                           

Дата публикации
18 января 2023