Special and inclusive education

Арнайы және инклюзивті білім беру

Облыста 0-18 жас аралығындағы  287 063 баланың 7490-ы мүмкіндігі шектеулі  бала, оның ішінде 3085 мүгедек.

        Аталған санаттағы балаларға 18 арнайы білім беру ұйымы (2 арнайы балабақша, 4 арнайы мектеп, 1 оңалту орталығы, 6 ППТК, 5 ПМПК)  қызмет көрсетеді.

        2021жылы  Ақтау қаласы мен Бейнеу ауданынан  2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация  (бұдан әрі – ПМПК) ашылды.

        Ағымдағы жылы Ақтау  психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің филиалы және арнайы балабақша ашылады.

Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 1338 бала білім алады.

       Білім беру ұйымдарында  77 инклюзивтік кабинет жұмыс жасайды.

        Облыстың барлық мектептерінің штаттық кестесіне педагог-ассистенттің лауазымдық бірлігі енгізілді.

       2023 жылы жергілікті бюджет есебінен грант есебінен білім алып жатырған 57 арнайы педагог (дефектолог, логопед) келеді деп күтілуде.

         2022-2023 оқу жылында облыстың арнайы білім беру ұйымдары үшін 15,7 млн. қаржыға 1477 дана оқулық пен оқу әдістемелік кешендер (оның ішінде, 0-1 сыныптар үшін 662 дана, 2-10 сыныптар үшін 749 дана, Брайл қарпіндегі  66 жинақ оқулықтары) сатып алынды.

Дата публикации
02 ноября 2022