2022-2023 оқу жылын облыстың 183 жалпы білім беретін мектебі 175368 оқушымен бастады. Соның ішінде, 144 күндізгі мемлекеттік мектепте 165 509 оқушы білім алады. Өңірдегі 142 мектепте асхана бар.
135 мектепте бір мезгіл ыстық тамақ, 9 интернаттық мектепте бес мезгіл тамақ ұйымдастырылған.
Ағымдағы жылы 47731 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды (29474 – аз қамтылғандар, 18257 – 1 сынып оқушылары).
Өткен оқу жылынан бастап, Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы құрылып, әр айдың соңында мектеп асханаларына мониторинг жүргізілуде. Ведомствоаралық срапатамалық топ құрамына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, ата-аналар өкілдері, депутаттар енгізілді. Сараптама қорытындысы білім бөлімдерінің, басқарманың сайттарында жарияланады.