2022 жылы Маңғыстау облысы бойынша мектеп кітапханалары қорының дамуы туралы ақпарат

Облыста барлығы 141 мектепте кітапхана жұмыс жасайды.

Кітапхана қоры – 5 928 930, оның ішінде негізгі қор – 895 916, оқулық қоры – 5 033 014 кітапты құрайды. Қазақ тіліндегі көркем әдебиет саны – 632 578.

2022-2023 оқу жылына оқулықтар, ОӘК, көркем және қосымша әдебиет сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. 376 млн. теңге қаржы бөлінді.

Биылғы оқу жылына 2-сыныпқа 335665 дана, көптілді оқытатын мектептер үшін 5843 дана, қосымша және көркем әдебиеттерге 164508 дана, 1,3-11 сыныптарға қосымша 483294 дана оқу-әдебиеттерді сатып алуға тапсырыс берілді.  Қазіргі таңда үнемделген қаржыға 133547 дана оқу әдебиеттері сатып алынуда.

Білім беру ұйымдары әлеуметтік желілерде (YouTube, Facebook, Instagram) көркем шығармалар буктрейлерлерін, үзінділерін халыққа жариялап, білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуда. Бүгінгі таңда желілерде осы бағытта 350-ден астам пост жарияланды.

Оқушылар, педагогтар үшін демалыс аймағын, яғни бос уақытында кітап оқу зонасын қалыптастыру мақсатында коворкингтер ашылуда. Бүгінгі таңда облыс бойынша 55 мектепте коворкинг, 61 мектепте букроссинг ашылды.

Дата публикации
27 октября 2022