Орта білім
Маңғыстау облысында 183 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 144 күндізгі мемлекеттік мектеп (қазақ тілінде - 123, орыс тілінде - 5, аралас тілде – 16), 4 кешкі, 30 жекеменшік, 5 түзету мектебі.
Маңғыстау облысында табиғи өсім көрсеткіші бойынша балалар санының өсуі республикада ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және мигранттар ағыны жоғары өңірлердің қатарына кіреді.
Соңғы 5 жылда мектептердегі оқушылар саны 137 мыңнан 175 мың балаға дейін өсті (38 мың балаға көбейді).
Жаңа оқу жылында облыс бойынша 1 сыныпқа 20 100 оқушы қабылданды (2021-2022 ж.ж. – 18550).
2021-2022 оқу жылының соңында өңірде 35 мың бала контингенті бар 18 үш ауысымды мектеп жұмыс істеді.
«Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары» жобасы аясында жаңа оқу жылында Ақтау қаласында 1200 орындық 1 мемлекеттік мектеп, Бейнеу ауданында 624 орындық 2 мектепке жеке корпусы бар қосымша ғимараттар пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, соңғы екі жылда облыста 19 жекеменшік мектеп ашылды (2021 жылы – 2110 орындық 7, 2022 жылы – 4620 орындық 12). Мұнайлы ауданында 600 орындық мемлекеттік мектептің құрылысы аяқталуда (тапсыру уақыты – 2022 ж.қараша).
Биыл Бейнеу ауданында 2 үш ауысымды мектеп таратылды. Осыған қарамастан, өңірдегі балалар санының жоспардан тыс ұлғаюына байланысты қаланың тағы 2 мектебі үш ауысымдық оқытуға ауыстырылды және осы бағыт бойынша мәселе өзгеріссіз қалады (18 мектеп).
Өңірде 2 мектеп апатты деп танылды: Жаңаөзен қаласында – № 16 бастауыш мектеп және Бейнеу ауданында «Сам мектеп-балабақша кешені».
Үш ауысымды, апатты және тығыздалған мектептерді жою мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 44 білім беру нысанының құрылысы көзделген.
Білім сапасындағы ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтық мәселесін шешу мақсатында мынадай іс шаралар жүргізілуде:
- Маңғыстау облысының 2030 жылға дейінгі білім беруді дамыту стратегиясы әзірленді;
-30 мектепті жаңа бағыт бойынша трансформациялауды көздейтін" Маңғыстау облысының ауылдық және қалалық мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту " жобасы іске асырылуда;
- Маңғыстау облысының білім сапасын арттыру бойынша жол картасы бекітілді;
- Тәжірибе алмасу мақсатында пән мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспары бекітілді.