Мектепке дейінгі ұйымдармен қамту

Мектепке дейінгі ұйымдармен қамту

Маңғыстау облысында 347 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде: мемлекеттік - 139, жеке - 208.

Аймақтың мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі проблема -  орындардың тапшылығы болып табылады.

Бүгінгі таңда кезекте 2 жастан 6 жасқа дейінгі 9 933 бала тұр. Ең үлкен кезек Ақтау (5012), Жаңаөзен (1074), Мұнайлы ауданы (1373) қалаларында байқалады. Осы мәселені шешу үшін биылғы жылы 1426 орындық 19 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланды (Ақтау-9, Жаңаөзен-2, Бейнеу-1, Мұнайлы-4, Түпқараған-3).

Маңғыстау облысында 3-6 жастағы балаларды қамту 100% (ҚР - 98,7%), 2 жастан 6 жасқа дейін-82,8% (ҚР – 88,6%) құрады.

2022 жылы Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу мен ашудың 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген қадамдық жоспарына сәйкес 1267 орындық 17 жекеменшік мектепке дейінгі балалар мекемесі пайдалануға берілді.

Дата публикации
27 октября 2022