Кәсіптік бағдар беру

 Кәсіптік бағдар беру

    Жыл сайын өңірдің және республиканың колледж бен жоғары оқу орындарының өкілдері мамандық таңдау және кәсіптік бағдар беру бойынша облыстың мектеп, колледж бітірушілерімен кездесулер өткізіп келеді.

Өткен  оқу жылының қазан-мамыр айлары арасында  9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында 40-тан астам колледждің өкілдері 72 рет және 50 жоғары оқу орны өкілдері 6 мыңнан астам түлекті қамтыған 74 рет кездесулер өткізді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

         Балалар жылы аясында жастардың жоғары білімге қол жеткізуін кеңейту үшін мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайтып, оның ішінде, батыс өңірлері Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне қосымша 10 мың грант бөлінген болатын.

         Соның ішінде, Маңғыстау түлектері үшін еліміздің 42 беделді жоғары оқу орындарына педагогика және техникалық мамандықтарға 6 мың білім беру гранты тағайындалды.

         А.ж. 18-21 мамыр аралығында еліміздің 34 жоғары оқу орындарының өкілдері облыс түлектерімен 10 кездесу өткізді. Шараға 3,5 мыңнан астам түлек қамтылды.

         Сонымен қатар, Ақтау қаласы, № 13 гимназияда а.ж. 10 – 20 шілде аралығында 42 ЖОО өкілдерінің қатысуымен мектеп бітіруші түлектер үшін кеңес беру пункті ұйымдастырылып, құжат қабылдау жүргізілді.   Осы аралықта Білім басқармасы басшылығының, мамандарының қатысуымен 12, ЖОО өкілдерінің қатысуымен 8 брифинг, жергілікті телеарнада 2 рет тікелей эфир ұйымдастырылды.

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген облыс әкімінің гранты

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысы негізінде 2018 жылдан бері жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін  жергілікті бюджеттен білім беру гранттары бөлініп келеді (2021 ж. – 165 бакалаврға, 10 магистратураға, 2020 ж.-170 бакалаврға, 5 магистратураға, 2019 ж.–165 бакалаврға, 10 магистратураға, 2018 ж.-150 бакалаврға, 25 магистратураға бөлінді)

         2022-2023 оқу жылына жергілікті бюджеттен 175 грант конкурс комиссиясының шешімімен бакалавр мамандықтарына бөлінді (медицина - 157, өнер - 15, ауыл шаруашылығы - 3). Биылғы ЖБ берілетін гранттың 85,7%-ң медицина саласына бөліну себептері көп. Маңғыстау облысының мемлекеттік  денсаулық сақтау ұйымдарына бүгінгі таңда 251 дәрігерге қажеттілік бар. Оның ішінде, 36 жалпы тәжірибелі дәрігер, 215 тар мамандықтар жетіспейді. А.ж.тамыз айында конкурс комиссиясының отырысы өткізіліп, 175 грант иегерлері анықталды.

Жыл сайын 18-20 ЖОО-ры конкурсқа қатысып мемлекеттік тапсырыс алады. 

 

Дата публикации
26 октября 2022