On amendments to the order of the Minister of Education and science of the Republic of Kazakhstan dated November 8, 2012 No. 500 "on approval of standard curricula of primary, basic secondary, general secondary education in the Republic of Kazakhstan"

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29916 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       көрсетілген бұйрыққа қазақ тіліндегі 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, көрсетілген бұйрыққа орыс тіліндегі 1, 2, 3 және 4-қосымшалар өзгермейді;

       көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген бұйрыққа 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген бұйрыққа қазақ тіліндегі 61 және 62-қосымшалар осы бұйрыққа 28 және 29-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, көрсетілген бұйрыққа орыс тіліндегі 61 және 62-қосымшалар өзгермейді;

       көрсетілген бұйрыққа 64-қосымша осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген бұйрыққа 69 және 70-қосымшалар осы бұйрыққа 31 және 32-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген бұйрыққа 74-қосымша осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген бұйрыққа 77 және 78-қосымшалар осы бұйрыққа 34 және 35-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген бұйрыққа қазақ тіліндегі 81 және 82-қосымшалар осы бұйрыққа 36 және 37-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, көрсетілген бұйрыққа орыс тіліндегі 81 және 82-қосымшалар өзгермейді;

       көрсетілген бұйрыққа 85, 86, 87, 88, 89 және 90-қосымшалар осы бұйрыққа 38, 39, 40, 41, 42 және 43-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген бұйрыққа қазақ тіліндегі 95-қосымша осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, көрсетілген бұйрыққа орыс тіліндегі 95-қосымша өзгермейді;

       көрсетілген бұйрыққа 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105 және 106-қосымшалар осы бұйрыққа 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрі

А. Аймагамбетов

Дата публикации
26 октября 2022