Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 - 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 - 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 163 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29935 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
  2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы

Б. Орынбасаров

 

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің

 

2022 жылғы 9 қыркүйектегі

 

№ 163 қаулысына қосымша

     

 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың  2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

№

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы

2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

Оқу жылына 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар құны (теңге) күндізгі оқыту

ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында

басқа жоғары білім беру ұйымдарында

1

Бакалавриат 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

 

6В021 Өнер

15

1 049 300

922 500

2

Бакалавриат 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6В084 Балық шаруашылығы

3

826 900

742 700

 

3

Бакалавриат 6B10 Денсаулық сақтау

6B101 Денсаулық сақтау

157

1 188 000

1 001 000

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Дата публикации
26 октября 2022