Облыста 127 643 бала (76%) қосымша біліммен қамтылған. Қазіргі таңда облыста 22 мыңнан астам оқушыны қамтитын 11 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.
Ақтау қаласында заманауи оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. 4 аула клубын ашу жоспарлануда.
Білім беру ұйымдарында 30 мыңнан астам оқушыны қамтитын 121 дебат клубы жұмыс істейді. 134 мектепте 20 мыңнан астам оқушыны қамтитын өзін-өзі басқару органдары құрылды.
Сондай-ақ «Жасыл мектебім – жасыл мекенім» жобасы бойынша 39 мектепте жылыжай салынды.
«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында білім беру ұйымдарында 40 коворкинг орталығы ашылды. Өткен жылы 277 мың көркем әдебиет сатып алынды.
2022 жылы мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыспен 16296-дан астам бала қамтылды (мәдениет саласында – 8456 бала, спорт саласында – 7840 бала).
Білім басқармасы арқылы мемлекеттік тапсырыспен 3000 бала қосымша біліммен қамтылады.