Облыста 0-18 жас аралығындағы 287 063 баланың 7490-ы мүмкіндігі шектеулі бала, (мектепке дейінгі жаста 2825, мектеп жасында 4665), оның ішінде 3085 мүгедек (мектепке дейінгі жаста- 665, мектеп жасында- 2420).
Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 1209 бала (балабақшада 167 бала, мектепте 1030 оқушы, колледжде 12 студент) білім алады, 504 оқушы үйден оқиды.
Облыста 18 арнайы білім беру ұйымы (2 арнайы балабақша, 4 арнайы мектеп, 1 оңалту орталығы, 6 ППТК, 5 ПМПК) қызмет көрсетеді.
2021 жылы 2 ПМПК, 1 арнайы балабақша ашылды.
Білім беру ұйымдарында 98 инклюзивтік (оның ішінде 38-і а.ж 1 маусымы жағдайы бойынша) кабинет жұмыс жасайды.
Осы жылдың соңына дейін Ақтау психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің филиалын ашу жоспарланды.
Бүгінгі таңда облыстың барлық аудан, қалаларында аталған санаттың балалары психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.
Облыстың шалғай елді мекендерінің ерекше білім беретін қажеттілігі бар балаларды қамту мақсатында 2023 жылы Бейнеу ауданы Опорный ауылында, 2024 жылы Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында, 2025 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында 1 ПМПК ашу жоспарлануда.