Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 19568 студент контингенті бар 27 колледж (оның 16-сы мемлекеттік, 11-і жекеменшік) қызмет етеді. 2021-2022 оқу жылында 5099 студент колледждерді аяқтады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі 904 орынға өсіп, 5535 орынды (2020 жылы – 4218, 2021 жылы – 4631) құрады.

24 колледжде дуальды оқыту енгізілді. Өткен жылмен салыстырғанда дуальды оқытуға оқушыларды қабылдаудың өсімі 16%-ды құрады. Дуальды оқытумен мамандарды даярлау 3260 адамды қамтиды және 43 мамандық бойынша жүзеге асырылады (2021 жылы – 2805).

203 кәсіпорынмен 3260 үшжақты келісім-шарттар жасалды, нәтижесінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен өндірістік тәжірибеден өтеді.

Негізгі серіктестер «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «КазАзот» ЖШС, «АктауОйлМаш» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшен» ЖШС, «Актау туризм ЛТД» ЖШС (RixosAktau), «OIL SERVICES COMPANY» және т.б. кәсіпорындар болып табылады.

18 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 37 кәсіпорын шефтік қамқорлыққа алынды.

«Жас Маман» жобасы аясында 10 колледж заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, 8 колледжде 15 құзырет орталығы жұмыс істейді.

22 колледжде жұмыс берушілердің қатысуымен 150 білім беру бағдарламасы әзірленіп, колледждердің өндірістік кеңестерінде қаралды.

Облыстың 5 колледжінде WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан енгізілді. 2025 жылға қарай WorldSkills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихандарды өткізетін мемлекеттік техникалық және технологиялық колледждердің үлесін 100%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Өткен жылы, жұмысқа орналасқан және жұмысқа орналасқан колледж түлектерінің үлесі 86,4% құрады.

Дата публикации
01 июля 2022